Қазақстан • 18 Қыркүйек, 2018

Жас көшбасшылар кімдер болады?

701 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан жастарының конгресі «Рухани жаңғыру» жобасы аясында еліміздегі ең белсенді жастар арасынан алдыңғы қатарлы 7 азаматты анықтамақ. Ұйымдастырушылар бұл жөнінде «Қазмедиа» орталығында өткен брифингте мәлімдеп, жастарды шараға белсенді қатысуға шақырды.

Жас көшбасшылар кімдер болады?

Конгресс жастары Ақпарат және ком­муникациялар, сондай-ақ Қоғамдық даму министрлік­тері­мен бірлесе отырып жария­лаған жаңа жоба «7 jalyn» атауы­мен жүзеге асады. Оның мақсаты – Қазақстан бойынша табыс­ты, бәсекеге қабілетті, білім культін насихаттап жүрген 18 бен 29 жас аралығындағы 7 жасты ірі­к­теп, олардың қоғам дамуына қос­қан үлесін үлгі ету. Іріктеу 17 қыр­күйек пен 15 қазан аралығында өткізіледі.

Брифингке Мәжіліс депутаты Геннадий Шиповских, Қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы комитеті төрағасының міндетін атқарушы Асхат Оралов, «Қазақстан жастары конгресі» атқарушы директоры Тоқтар Болысов, қоғам қайраткері Бақыт Сыздықова, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының был­тыр­ғы жеңімпазы Ернұр Рысма­ған­бетов, «Qazaqstan» телеар­на­сы­ның жүргізушісі Ирина Тен және республикалық жас­тар ұйым­дарының басшылары қатысты.

«7 jalyn» бес кезеңнен тұрады. Жоба 17 қыркүйек күні басталып, оған 30 қыркүйекке дейін өтінім қабылданады. Өті­нішті жастар ұйымдары, жастар ресурстық орталықтары, үкі­меттік емес ұйымдар және өз атынан белсенді жастар жібере алады. Олар 1-5 қазан аралығында қарастырылып, 15 қазанда жеңімпаздар ресми түрде жарияланады. Іріктелген 7 жалынды жеңімпаз «Қазақстан жастарының конгресі» атынан «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына ұсынылмақ.             

Венера ТҮГЕЛБАЙ,

«Егемен Қазақстан»