Қазақстан • 18 Қыркүйек, 2018

«Бармақ басты, көз қысты» әрекетке тоқтам

759 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Бектеновтің төрағалығымен білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша жиын өтті. Іс-шараға Білім және ғылым вице-министрі Асхат Айтмағамбетов, сондай-ақ бейнеконференцияға байланыс арқылы облыстық және қалалық білім басқармаларының басшылары, мектеп директорлары мен қамқоршылық кеңестерінің белсенді өкілдері қатысты.

«Бармақ басты, көз қысты» әрекетке тоқтам

Ашық жариялауды талап етеді

Агенттік төрағасының орынбаса­ры білім беру жүйесінде сыбайлас жем­қор­лықты жоюға бағытталған ағымдағы жұ­мыс туралы әңгімеледі, сондай-ақ білім беру ұйымдарында кез келген алым-са­лым­ға жол бермеу туралы ескертті.

«Ата-аналар білім беру ұйымдарындағы жөндеу немесе іс-шараларды өткізу жұ­мыс­тарына шығындануға міндетті емес. Біз мұндай фактілерді жемқорлық ретінде қарастырамыз, өйткені осы мақсатқа бюджеттен жеткілікті қаражат бөлінеді», деді О.Бектенов. Ол білім беру ұйымдарын­да қамқоршылық кеңестерінің ағым­дағы қызметіне егжей-тегжейлі тоқталып, ерікті жарналар мәжбүрлі сипат алып келу фактілерінің алдын алу қажеттігін жеткізді. Сондай-ақ бүгінде мемлекеттік аппарат қоғаммен қарым-қатынастарды ашық және есеп берушілік қағидаттарын да қалыптастыруда екендігін атап өтті. Қазақ­станда «Ашық үкімет» порталы жұмыс ат­қарады, онда кез келген адам онлайн ре­жімде мемлекеттік органдардың кең кө­лем­ді дерекқорына, соның ішінде бюд­жет­тік есептілікке қол жеткізе алады. Бұл бюд­жет қаражатын жұмсауға қоғамдық бақы­лау арқылы белсенді азаматтық по­зи­ция­лардың дамуына ықпал етеді. О.Бектенов мектептер мен балабақшаларда алым-салым мәселесін шешу үшін толық қаржы есебін міндетті түрде жариялауды ұсынды. Өйткені бұл қаржы ресурстарын дұрыс пайдаланбау және сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерін жүзеге асыру мүмкіндігін жоққа шығарады. «Білім беру мекемелерінде қамқоршылық кеңестерінің есептері ресми түрде ашылуға тиіс, бұл қайырымдылық көмектің ашықтығын қамтамасыз етеді. Уәкілетті орган осы м­әсе­л­ені бақылауға және шот ашуға мони­торинг жүргізуге тиіс», деді ол.

Сонымен қатар білім беру ұйым­дары­ның бюджеті туралы ақпарат мектеп­тер­дің, балабақшалардың, білім беру бөлімдерінің веб-сайттарына кез келген адам үшін түсінікті, қолжетімді нысанда орналасты­рылуы керектігін атап өтті. Тек қана осын­дай жолмен қоғамның айқын­дығы мен ба­қылау арқылы «тұрмыстық жем­қор­лықты» жоюға болады деп қорытын­дылады.

         Оқушыларды ақылы тестілеу заңсыз

 Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агент­тігінің мәлімдеуінше, білім беру жүйе­сін­дегі мә­се­лелердің бірі – мектеп оқушы­лары ара­сында ақылы тестілеу өткізу фак­ті­лері. Мәселен, Алматы облысында білім бө­­лім­­дерінің нұсқауы бойынша оқу­шы­лар­­ды тестілеу тұрақты түрде өткізі­ліп кел­ген. Мұндай тестілеудің бағасы әр оқу­ш­ы үшін 300-500 теңгеге дейін­гі қара­­жат­­ты құра­ған. Алқалы жиын бары­сында Білім және ғылым министр­л­ігіне мектеп­тердің қабыр­ғасында ақылы тес­тілеу­дің «мәжбүрлі» жүргізілу фактілерін бол­дыр­мау бойынша шаралар қабылдау ұсынылды.

«Агенттіктің жұмысы адалдық принцип­терін нығайтуға, білім беру жүйесінде «адал ортаны» құруға бағытталған», деп атап өтті О.Бектенов. Сондай-ақ кездесу барысында білім саласындағы сыбайлас жемқорлық себептерінің бірі ретінде қаралатын сала қызметкерлері еңбекақысының төмен деңгейде болуы қозғалды. Агенттік мұғалімдерге төленетін еңбекақының көтерілуі әрқашан қосымша қаражат бөлуді талап етпейтінін атап өтті. Бұл ретте мысалға Астана қаласы балалар үйінің оң тәжірибесі келтірілді, онда басшылықтың принципті позициясы және жұмысты дұрыс ұйымдастыру жағдайды түбегейлі жақсартуға мүмкіндік бергенін атап өтті. Балалар үйінің директоры Динара Закиеваның айтуынша, басқару тиімділігінің артуы, процестерді оңтайландыру есебінен 90 млн теңгеге жуық сомадағы бюджет қаражатының үнемделуі қамтамасыз етілген. Бұл жұмыс­шылардың жалақысын 3-4 есеге көтеруге мүмкіндік берді. Бұрын 30 мың теңге алып отырған жұмысшы, бүгінде 120 мың теңге алады. Балалар үйінің материалдық-техникалық базасы да елеулі түрде жақсарған. Мұның бәріне бюджеттен қосымша қаражат бөлінуін талап етпей, үнемдеу есебінен қол жеткізілді.

Мектепке ақша жинаудан бас тартуға үндейді

Кездесу барысында республика бо­йынша мектептерде заңсыз ақша жинау, «Астана – адалдық алаңы» жобасының осы бағытта жүргізген жұмысының қоры­тын­дылары туралы мәселелер қарастырылды. Тұр­мыстық сыбайлас жемқорлықты жою­ға, сондай-ақ елорданың мемлекеттік ме­ке­мелерінде азаматтарға қолайлы жағдай жасауға бағытталған «Астана – адалдық ала­ңы» жоба кеңсесі №54 мектеп-лицейін жаңғы­рту бойынша жұмыс жүргізді. Мек­тептің қаржылық қызметінің ішкі ауди­ті­нің қорытындысы бойынша бюджет қара­­­жа­тын үнемдеу 60 млн теңгені құрап, оның ішінде қызметкерлерге 10 млн теңге үс­тем­еақы және материалдық-техни­ка­­лық базаны нығайтуға 50 млн теңге бөлін­ген. Жаңа стандарттар бойынша бес жаңа кабинет ашылған. Бұл «GardenHub» көп­функ­­цио­налды кабинеті, коворкинг алаңы, жаңа мұға­лімдер бөлмесі, студенттер үшін рек­реа­циялық аймақ, «Intellectum» бөлмесі және «STEM» зертханасы. Астана қалалық білім басқармасының басшысы Әнуар Жан­ғозин «Астана – адалдық алаңы» жоба кең­се­сімен бірлесіп білім беру ұйым­дарын­да қаржы жинау мәселелерін жою үшін #НЕТ_ПОБОРАМ акциясын іске қос­қанын, бүгінде ата-аналар үшін инфографика әзірленгенін, бұл білім беру ұйымдарының барлық басшыларына жіберілетінін жеткізді.

«Аптаның соңына дейін бұл инфографика ұйымдардың ресми интернет-ресурс­тарына, сондай-ақ оқу орнының кіре­­берісінде орналастырылады. Биыл мек­теп­тер үшін Ата-ана кодексі әзірленді, бұл кодекс іске асырылатын болады», деді Ә.Жан­ғозин. Жоба кеңсесі Астана қала­сының білім басқармасымен бірлесе отырып, оқу орындары басшыларының жеке жауапкершілігін арттыру туралы құжат әзірл­еген. Жаңа құжат заңдылық, ашықтық, қол­жетім­ділік және кәсіптік қызметтің жария­лы­лығы принциптерін сақтау үшін бірінші басшылардың жауапкершілігін анықтауды білдіреді. Бағыныштылар үшін заңсыз әрекеттерде жеке жауапкершілік анық­талады. Оқушылар мен ата-аналардан қаражат жинауды ұйымдастыруға қа­таң тыйым салынады, құжат – бюджет­тен бөлінген қаржы ресурстарын ұтымды, ашық және заңды іске асыру үшін жауап­кер­шілікті күшейтуді міндеттейді.

Естеріңізге сала кетейік, Агенттікте 1424 call-орталығы жұмыс істейді, онда аза­мат­тар шағымдар мен ұсыныстарын, оның ішінде сыбайлас жемқорлық деректері бо­йын­ша хабарласа алады. Сондай-ақ аз­амат­тар Мемлекеттік қызмет және сыбай­лас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агент­тігі төр­ағасының әлеуметтік желідегі парақ­шасы­на, жеке блогына («Ашық диалог» ин­тер­нет-порталы) және [email protected] электронды пошталарына өтініш жасай алады.

Рауан ҚАЙДАР,

«Егемен Қазақстан»