Бизнес • 18 Қыркүйек, 2018

Түркістан облысында 332 000 тонна шитті мақта жинау жоспарда тұр

953 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысы бойынша әр гектарынан 25 центнерден 332 мың тонна шитті мақта жинау жоспарлануда.

Түркістан облысында 332 000 тонна шитті мақта жинау жоспарда тұр

Ал жиналған шитті мақтаны алғашқы өңдеуден өткізетін 23 лицензияланған мақта өңдеу кәсіпорындарының 304 мақта қабылдау бекеттері бар. Негізінен өңделген мақта талшығының 85-90 пайызы Ресей, Белоруссия, Латвия, Литва мен Қытай елдеріне экспортталады. Ағымдағы жылы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығына сәйкес, мақта өңдеу кәсіпорындарына тапсырылған 1 тонна өніміне 10 мың теңге субсидия төлеу жоспарлануда. Бұл бағытқа 2,7 млрд. теңге қаржы қаралып отыр.

Облыстағы мақталы аудандардың бірі Жетісайда алқапқа алғашқы комбайндар да түсе бастады. Мысалы, аудандағы Ынтымақ ауылдық округіндегі 17 гектар алқапқа комбайн түсіп, бір күнде 30 тонна өнім жиналған. Ал жалпы алынған өнім көлемі 3380 тоннаға жетіп отыр. Қазіргі таңда ауданда 24222 гектар мақта алқабы дефолиацияланған. Бұл жұмыстарды нәтижелі жүргізуде Атамекен ауыл окурігі көш бастап келеді. Мұнда бүгінге дейін 4950 гектар мақта алқабында қурату шаралары аяқталған.

Ғалымжан ЕЛШІБАЙ,

«Егемен Қазақстан»

Түркістан облысы