Медицина • 19 Қыркүйек, 2018

Фастфуд адам ағзасына аса қатерлі

1004 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін

Ұлт денсаулығын сақ­тау – қашанда әлеумет­тік маңызы зор мәселе. Деннің саулығы ең алдымен дұрыс тамақтанудан баста­латынын білсек те күнделік­ті өмірде бұл мәселеге аса мән б­ермей жатамыз. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйы­мының сараптауынша, әлемдегі мерзімсіз өлім жағдайларының 80 про­центі төрт негізгі қауіптен тұрады. Оның ішінде фи­зи­калық белсенділіктің төмендеуі мен дұрыс та­мақ­танбау көш басында тұр. Ғалам дабыл қағып отыр­ған бұл проблемамен қа­лай күресуіміз керек?

Фастфуд адам ағзасына аса қатерлі

Бабаларымыз «ауру астан» деп әлдеқашан айтқан. Тамағын талғамай татпаған қазақ сары жайлауда сары қымызын сапырып, қатығы мен ірімшігін жасап, құрт қайнатып, май шайқап, өмірлік қуат көзін табиғаттың өзінен алды. Уақыт ағымына сай бұл дәстүр келмеске кетті демесек те, жұрттың бәрінде бірдей табиғи тамақтарды тұ­тыну мүмкіндігі жоқ. Бүгінгі дамы­ған технология­лар зама­нын­да адамзаттың өмір сүру салты мүлде басқа арнаға бұ­рыл­ды. Әлемдік зерттеу бо­йын­ша 65 жасқа дейін өлім құш­қан­дардың 12 проценті қатаң диета, шамадан тыс та­мақ­тану, зиянды тағамдарды жиі тұтынудан туындаған ауру­лардың салдарынан көз жұм­ғандар. Қимыл-қозғалыс күрт азайып, артық калория, ағ­заға дұрыс сіңбеген тамақ се­міздікке шалдыққандардың санын арттырған. Ғалымдар ар­тық салмақтың 98 проценті тамақтан, тек 2 проценті ғана эндокринология мен жүйке жүйесіне байланысты екенін, адам бойындағы 4 кило артық салмақ өмір сүру мерзімін бір жылға қысқартатынын дәлелдеп отыр. Ең өкініштісі, семіздік­ке ұшырағандардың басым бөлі­гі кәмелет жасына толмаған жет­­кін­шектер. Ресми мәлімет бо­­йынша, әлемде 170 мил­лион ба­ланың салмағы 100 кило­­дан ар­тық. Мамандар бұл кесел адам ағзасына зиянды қанық­қан май қышқылдарының, әртүр­лі дәмдеуіштер мен транс­май­лар­дың ошағы саналатын фастфуд өнімдерін, түрлі газды су­сын­дарды шамадан тыс тұты­нуд­ың салдары екенін айтады. 

Жасыратыны жоқ, бүгінде атынан адам жаңылатын түрлі фастфудтар, шетелдің жылдам даярланатын тағамдары мен жартылай фабрикат өнім­дер өмірімізге дендеп еніп кет­ті. Оның бір ғана дәлелі, соңғы жылдары еліміздегі фастфуд тағамдарын сату көлемі 45 процентке, фастфуд мейрамханалары 47 процентке, ал онда жұмыс істейтіндердің саны 29 процентке өскен. Жуырда ғана отандық телеарналардың бірінде келтірілген мәліметке сүйенсек, қазақстандықтар жылына тек фастфуд тағамдарына 260 миллион доллар қаражат жұмсай­тын көрінеді. Фастфудтың атасы саналатын түрлі бургерлер­дің құрамындағы ароматизатор, бояғыштар, антиоксидант пен консерванттар, дәмдеуіштер бір дәмін татқан жанды бас тарта алмайтын жағдайға жеткізеді. Ағзаға аса қуат бермесе де бауыр мен жүрекке, қан тамырларына май болып жиналады. Тез тойдырады әрі жеп отырған адам­ның көңіл күйін жақсартады. Дәрігерлер мен мамандар қан­ша жерден дабыл қақса да тіске жұмсақ болғаны­мен ажалға апа­ра­тын аурулардың апанына баланатын бұл тағам­дардан тыйылатын түріміз жоқ. Мұндай өнім­дерді үздіксіз тұ­тыну семіз­дік, атеросклероз, гипертония, гас­трит, холесцистит, инфаркт сияқ­ты аурулармен қатар, қатерлі ісік­терді де дамытатын күшке ие. 

Ми қайнатар ыстықта шөлі­міз­ді басатын түрлі құты-қал­бырлардағы қызылды-жасылды сусындардың ағзаға тигізер алапат зиянын мың сан рет естісек те, оны ойлап бас қатыра бер­мейміз. «Кез келген газдал­ған сусын­ның құрамында көмір­қыш­қыл газы кездеседі. Бұл су­сынның ұзақ сақталуына ық­­пал етеді. Мұндай сусындар асқазан секрециясының қа­бы­­нуына, ішек ауруларының өр­шуі­не әкеледі. Қант немесе жең­іл сіңетін көмірсулар адам ағ­за­сына түскеннен кейін тез ыды­рап, артық салмақтың жиналуына, әрі қарай семіздікке және қандағы қант мөлшері­нің көбеюіне байланысты қант диа­бетіне соқтыруы ғажап емес. Егер осы сусындардың құра­мын­дағы газдарды есепке алатын болсақ, әсіресе буыны қа­тай­маған балалар арасында гастрит, холесцистит, панкреа­тит сияқты асқазан-ішек жол­дарының ауруларын дамытады» дейді мамандар. 

Бір ғана мысал келтірейік. Ғаламтор бетіндегі зерттеу-тәжі­рибесіне үңілсек, жиі тұтынатын «Кока-кола» сусынын ішкеннен кейін ағзада мынадай процестер белең алады. «Он минут ішінде он қасық қант бірден ағзаға тү­седі. Көп көлемде қабыл­дан­ған қант құрамындағы фосфор қыш­қылының әсерінен жүрек­ті айнытпайды. 20 минуттан кейін қан құрамында инсу­л­ин мөл­шері күрт шарықтап, бауыр денедегі артық қантты майға айналдырады. 40 минуттан соң денені кофеин дендейді. Көз қарашығы үлкейіп, қан қы­сымы жоғарылайды. Өйткені бауыр қанға үлкен көлемде қант жібереді. Ағзадағы рецеп­торларды тоқтатады. Адам ұй­­қы­сырай бастайды. 45 минут­тан кейін адам денесі дофо­­мин гормонын нормадан көп өн­ді­реді. Бұл мидың жұмы­сын бәсең­детеді. Бір сағат ара­лы­ғын­да фосфор қышқылы мето­болизмді үдете отырып, ішектегі кальций­ді, магнийді және цинкті бір-бірімен байланыстырып, кальций несеп арқылы сыртқа шы­ғып кетеді. Несеп арқылы сү­йек­тегі кальций, магний, цинк және одан бөлек натрий мен су элек­тролиті ағады». Жаңа зерттеу нәтижесі аталған сусынның қатерлі ісікке шалдығу қаупін жа­қындататынын көрсеткен. Джон Хопкинс университетінің жанынан ашылған Блумберг денсаулық сақтау мектебі су­сында жасанды карамель боя­ғы­шы ретінде қолданылатын 4-ме­ти­лимидазол канцерогені адам денсаулығына аса қатер­лі екенін анықтаған. Жалпы, газ­далған сусындардың адам ор­га­низміне келтіретін зия­ны оның құрамындағы әртүрлі заттек­тердің түрлері мен мөл­шеріне байланысты. Көп жағ­дайда, оған арнайы дәм беру үшін түрлі қанттар мен дәм беретін қос­па­лар қосылады. 

Білікті диетологтер тамақ­тану­дың ең дұрыс тәртібі ретінде күніне төрт мезгіл тамақтануды мойындап отыр. Таңғы, түскі, түс ауа және кешкі ас ішудің ара­сындағы ұзақтық төрт-бес сағат­ты құрауы тиіс. Әрі дұрыс тамақ­тануға негізделген диета бел­гілі бір уақытты қолдайды. Дұрыс тамақтану қағидасы мына­дай: Таңғы ас тәуліктік нор­м­аның шамамен төрттен бірін, яғни 25 процентін, түскі ас – 50%, түс ауа – 10%, ал кеш­кі ас 15 процентін құрауы керек. Мамандар кешкі асымыз­ды ұйқыға жатардан кемін­де 2-3 сағат бұрын ішуді қатаң қағидаға айналдыру керек­тігін алға тартады. Тіпті дұрыс та­­мақ­тануды арықтау үшін пай­­­­­д­а­ланғанның өзінде, тұ­ты­­на­тын калория мөлшері жұм­са­­латын энергияны өтеуі тиіс. Бұл адам­ның жынысына, жасы­на, жеке физиологиялық ерекше­лік­теріне, өмір сүру салтына, жұмыс істеу сипатына байланысты. 

Сайып келгенде әр адамның денсаулығы өз қолында. Ақпа­раттың кең заманында ес тоқ­татқан әр азамат пайдалы ас пен зиянды тағамның аражігін өзі-ақ ажыратып алар. Негізгі мәселе – әлі де оң-солын тани қоймаған жет­кіншектерді фастфуд өнім­дерінен ата-ана мен мектеп, барша қоғам болып арашалау. Өйткені бүгінде қазақстандық оқушы балалардың 13 проценті күніне бір рет болса да фастфуд тағамдарымен қоректенеді. Осы­лай жалғаса берер болса, ұлт денсаулығына өлшеусіз зиян келетінін бағамдай беріңіз. 

Күн өткен сайын дұрыс тамақ­­тану адамзат алдында тұр­ған өзекті проблемаға айналып келеді. Алысқа бармай-ақ елі­міздегі кез келген дүкен сөре­лерінен табиғи азық-тү­лік өнімдерін табу қиын. Яғни тамақ өнімі нарығындағы ахуал­ды қалыпты қадағалау күр­делі болып отыр. Елімізге сырт­тан әкелінген технологиялары белгісіз, соның ішінде халық­тың денсаулығы үшін қауіпті сапа­сыз тамақ өнімдеріне тосқауыл қоймай, бұл мәселені жолға қоя алмасымыз анық. Отан­дық тамақ өнеркәсібі кәсіп­орын­­дары мен қоғамдық тамақ­тану орындарындағы өндіріс­тік бақы­лауды барынша күшей­ту керек. Есесіне ұлттық тағам­дар­дың ассортиментін кеңейтіп, оның биологиялық құндылығын арттырудың маңызы зор. Ұрпақ қамын ойлаймыз десек, жасалу құрамы құпия саналатын, тегі жоқ тағамдарды тұтынудан тар­тынғанымыз абзал.

Арман ОКТЯБРЬ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ