Қазақстан • 19 Қыркүйек, 2018

Йога жүктілікті жеңілдетеді

554 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бұрынғыдай емес, қазіргі жас аналардың денсаулығында өздері байқай бермейтін кінәрат көптеп кездеседі. Бұл қоршаған орта мен күнделікті ұстанатын өмір салтына және тұрмыс деңгейіне байланыс­ты туындайды. Сондықтан жүктілік кезінде йогамен айналысу дені сау бала көтеруге және тууға жақсы көмектесетіні туралы тәжірибемізді бөлісуді жөн санадық.  

Йога жүктілікті жеңілдетеді

Жүктіліктің бірінші тоқ­са­нында йога «сергітетін құрал» ретінде өте пайдалы. Күнделік­ті орындалатын жаттығулар жүй­ке жүйесін және эмоциялық жағдайды тұрақтандырады, шар­шау, ұйқышылдық, әлсіздік сезі­мін жеңуге көмектеседі. Йога сон­­дай-ақ физикалық жағ­дай­­ды жақсартуға жақсы әсер ете­ді. Қа­лыпты жүктемелер арқа бұл­шық еттерін күшейтіп, икемділі­гін арттыра­ды. Бұл жүктіліктің қолай­лы өтуі­не қажет және жеңіл босануға көмектеседі.

Йогамен жүктіліктің екінші тоқсанында айналысу болашақ ана үшін алтын кезеңге баланады. Токсикоз және шаршау сияқты жайсыздық, жаңа жағдайға байланысты алаңдаушылық пен қор­қыныш артта қалады.

Жүктіліктің екінші тоқсанын­да йогамен айналысу денені үшінші тоқ­санға, яғни құрсақтың үлкеюіне дайындаудың керемет жолы. Сонымен қатар босанатын жас аналар айналысуы қажет. Бұл кезде жаттығулар кешеніне варикоздың алдын алуға көмек­тесетін жат­тығулар қатарын қосу керек. Осы арқы­лы же­ңіл аударылған дене күйін қа­был­дау жақсы көмек­теседі. Кеуде қуысын ашық ұс­тап отыру қалыбы жүктіліктің екінші тоқ­санындағы жағымсыз серігі қыжылды болдырмауға көмектеседі. Егер жаттығулар кешенінде денені нығайтуға, арқаға және белге түсетін ауыр­лықты жеңілдетуге арналған қалып болса жақсы әсер етеді. Асана­ларды орындау, сонымен бірге тыныс алуды сақтауға көмектеседі, тыныс алу техникасын жетілдіреді. Сондай-ақ жүрек-қан тамыр жүйесі үшін пайдалы, ұрыққа оттегінің көп мөлшерде жеткізілуін қам­та­масыз етіп, жақсы дамуына ықпал етеді. 

Жүктіліктің үшінші тоқ­са­нында йогадан бас тарт­паңыз. Жаттығуларды әрі қарай жалғас­тырудың көмегі зор. «Рұқсат етілген» жаттығуларды баста­ғанда, валиктердің, блоктардың, көрпелердің және тепе-теңдікті, тұрақтылықты, сондай-ақ сақ­тандыруды қамтамасыз ететін басқа да құралдардың барлық түрін қолдану керек. Жалпы ал­ғанда жүктіліктің үшінші тоқ­санында йога болашақ ананы тыныштандыруға, босаңсытуға, босатуға бағытталуы тиіс. Соны­мен қатар жаттығу­ларды үне­мі орындау барысында әйел босану­ға жан-жақ­ты дайындала­ды. Тіпті осы кезең­де көңіл күйі де жақсарады. Осы­лайша, йога жүктіліктің үшін­ші тоқ­санын­да дұрыс тыныс алу әдісін үйрету, белдегі, аяқ пен арқадағы ауырлықты жеңіл­дету, ұйқыны және асқазан-ішек жолының функциясын жақ­сар­тудың керемет құралы бол­мақ. Сонымен қатар йога көмегімен әйел бұл­шық еттер мен сіңірлерді кү­шей­тетін жат­т­ығу­ларды жасау арқылы дене­ні босануға жақ­сы да­йындайды. Сондай-ақ күйзе­лісті болдырмайды немесе жояды, йоганың көмегімен қан айналымы жақсарып, бас айналуы мен бас аурулары бәсеңдейді.

Наталья РАЗУВАЕВА,

Астана қаласы 

№3 перинаталды орталығының акушер-

гинеколог дәрігері