Аймақтар • 19 Қыркүйек, 2018

Қостанайда Отбасы күні қарсаңындағы акциялар шеруі басталды

1029 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Соңғы жылдары «Отбасы күні» мерекесі кеңінен аталып өтеді. Қостанайда қазірдің өзінде мерекеге байланысты шаралар басталып кетті. «Үйдегі береке» акциясында әйелдер мен балаларды зорлық-зомбылықтан  қорғау шаралары туралы айтылды. Онда адамдарға заңнамалық кеңестер берілді, тұрғындарды қалалық ішкі істер басқармасының және Дағдарыс орталықтарының сенім телефондарынан хабардар етті.

Қостанайда Отбасы күні қарсаңындағы акциялар шеруі басталды

Осы акцияның шеңберінде Қостанай қалалық ішкі істер басқармасының жергілікті полиция қызметі  сурет салудан мектеп оқушылары арасында «Бақытты отбасындағы бақытты балалық шақ» атты байқау ұйымдастырды.  Осындай байқау тек облыс орталығында ғана емес, бүкіл аудандар мен қалалар мектептерін де қамтыды.

Әйелдер мен балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау орталығында облыстық ішкі істер департаментінің аға инспекторы Гаухар Хайруллина осы орталықта уақытша тұрып жатқандар арасында кездесу өткізді. «Психологиялық өзгеру орталығының» психологы Елена Кәрімова басты рольде Джениффер Лопес ойнайтын «С меня хватит» фильмін көрсете отырып, зорлық-зомбылықтың құрбандарын психологиялық түзеуге көмек беруге ықпалы мол әңгіме жүргізді. Сонымен қатар отбасылық психолог Нина Косюк кеңестер берді.

«Отбасы күні» мерекесінде тек жақсы, үлгілі жайлар айтылады. Дұрыс нәрсе. Бірақ отбасына қатысты келеңсіз оқиғалар да жетіп артылады ғой. Оларды түзеу үшін мереке қарсаңында зорлық-зомбылық көрген жандар арасында сейілту, оларды дұрыс жолдан адаспау жұмыстары өте керек. Ондай жандар үшін өмірден түңіліпи кетпеу, отбасылық құндылықтардың құнын түсірмеу жағын қарастырамыз» деді Гаухар Хайруллина.

 Нәзира ЖӘРІМБЕТ,

«Егемен Қазақстан»

Қостанай