Әдебиет • 19 Қыркүйек, 2018

Халық қаһарманы Қасым Қайсеновке арналған кеш өтті

461 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

 

Алматыда Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрында Халық қаһарманы, партизан-жазушы Қасым Қайсеновтің 100 жылдық мерейтойына арналған салтанатты кеш өтті.

 

Халық қаһарманы Қасым Қайсеновке арналған кеш өтті

Кеш барысында Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау хатын оқыды. Одан кейін Қасым Қайсеновтің өмірі туралы деректі бейнефильм көрсетілді. Мағыналы, мазмұнды өткен кеште Фархад Көбеев, Андрей Трегубенко, Талғат Әбуғазы, Бақытгүл Бейсенбаева, Дархан Жолдыбаев сынды белгілі өнер шеберлері қатысты, сондай-ақ «Отырар сазы» мемлекеттік академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрінің сүйемелдеуімен әндер шырқалып, күйлер тартылды.

Кеш композициясы Қасым Қайсеновтің тіршілігінде түсірілген бейнежазбасына құрылды. Поэтикалық-музыкалық кеш Алматы облыстық Бекен Римова атындағы драма театрының Қасым Қайсенов туралы «Жұмақ маған бұйырмас...» спектаклінің «Қасымның монологі» үзіндісіне орайластырылған Нұрғиса Тілендиевтің «Көгершіндер» әнімен аяқталды.

«Егемен-ақпарат»