Кәсіпқой бокс • 19 Қыркүйек, 2018

Сауль Альварес IBO чемпиондық титулынан айырылды

417 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

WBC және WBA нұсқалары бойынша әлем чемпионы Сауль «Канело» Альварес Халықаралық бокс қауымдастығының (IBO) чемпиондық титулынан айырылды.

Сауль Альварес IBO чемпиондық титулынан айырылды

15 қыркүйек күні Лас Вегаста мексикалық кәсіпқой боксшы мен Геннадий Головкиннің өткізген кездесуінде төрешілердің басым бөлігі жеңісті Головкиннің пайдасына шешкен еді. Дегенмен, GGG осы уақытқа дейін қол жеткізген WBC, WBA (Super) және  IBO нұсқалары бойынша чемпиондық атағынан айырылды.  

Кездесуден кейін Альварестің IBO-ның санкциялық жарнасын төлемегені анықталды. Осы жағдайдан соң Халықаралық бокс қауымдастығы Альварестен чемпиондық титулды тартып алған.

Айта кетейік, Головкин IBO титулын 2011 жылы американдық Лахуан Саймонды нокаутқа түсіргенде жеңіп алған. Чемпиондық атағын қорғау үшін Геннадий 17 рет сәтті кездесу өткізген.

IBO титулы - басқа нұсқаларға қарағанда мәртебесі биік марапат. Мысалы, абсолютті чемпион болу үшін WBC, WBA (Super), WBO және IBF белбеулері жеткілікті.

IBO титулынан отандасымыз Жанат Жақиянов айырылған. Американдық Роушн Уорренмен кездеспес бұрын ол да Альварес сияқты санкциялық жарнаны төлемеген. Сондай-ақ, 2017 жылдың наурызында отандасымыз Жанат Жақиянов IBO титулынан айырылған. Американдық Роушн Уорренмен кездеспес бұрын ол да Альварес сияқты санкциялық жарнаны төлемеген.

Қазіргі таңда IBO-ның әлем чемпионы атағы британдық Энтони Джошуаның еншісінде ғана.