Көп көрсеткішке көңіл толмайды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа Үндеуі тұрғындар үшін үлкен мүмкіндік екені белгілі. Президенттің өзі басымдық берген бес бастама өңірлерде бүгінде жүзеге асырылуда. Үндеуде көрсетілген әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру, жалақысы төмен жұмысшылардың жалақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту, жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту, шағын несие беруді көбейту және елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру сияқты бес бастаманың маңызы тұрғындар үшін өте зор. Бүгінде Президент белгілеп берген бес бастаманың Жамбыл облысында насихатталуы қай деңгейде?

Егемен Қазақстан
19.09.2018 2596
2

Бүгінде баспана басты мәселесіне айналған адам көп. Бұл орайда әрбір тұрғынның баспаналы болуына мемлекеттік «7-20-25» бағдарламасының тигізер көмегі орасан. Жамбыл облыстық құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Нұрбол Қалдыбаевтың айтуынша, ағымдағы жылдың 8 айының қорытындысы бойынша өңірде 311,2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, жоспар 72,2 пайызға орындалыпты. Сонымен қатар, бүгінгі таңда әкімдіктерде арендалық тұрғын үй алу үшін 23055 адам кезекте тұр екен. Олардың ішінде 12 986 азамат халықтың әлеуметтік осал тобының өкілі болса, 7354 азамат бюджеттік мекеме қызметкерлері болып саналады. Ал кезекте тұрған 2706 адам жетім, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар болса, 8-і Ұлы Отан соғысының ардагері, 1 азаматтың үйі апатты жағдайда деп танылған. Дей тұрғанмен, биылғы жылы 953 пәтерді пайдалануға беру жоспарланған. Бұл көрсеткіш кезекте тұрған тұрғындардың 4,1 пайызын қамтиды екен. «Осындай қарқында тұрғын үй салынатын болса, бүгінгі күнге дейін кезекке тұрғандарды және жыл сайын кезекке тұратындарды есептемегенде, 24 жылда тұрғындарды тұрғын үймен қамтамасыз етеміз. Соңғы 3 жылда жасалған мониторинг бойынша, орта есеппен жылына 1900 адам кезекке тұруда», дейді Нұрбол Қалдыбаев.

Өңірдегі тұрғын үйлер негізінен республикалық бюджет есебінен салынуда. Аталған басқарманың мәліметінше, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, республикалық бюджет есебінен жылына 35,0 миллиард теңге қаралып, ол еліміздегі 17 өңірге бірдей бөлінгенде 2,187 миллиард теңгені құрап отыр. Бұл қаражатқа 1 шаршы метрін 140,0 мың теңгеден есептегенде, 3-5 көпқабатты тұрғын үй салуға болады екен. Сонымен қатар, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Жамбыл облыстық филиалының мәліметінше, облыс бойынша 44 648 салымшы есебінен 99,5 миллиард теңге жинақталған. Осы орайда Нұрбол Қалдыбаев ағымдағы жылы тапсырылатын 800 пәтерлі 10 көпқабатты тұрғын үйден пәтер алуға 1039 азаматтың ниет білдіргенін айтты. Олардан түскен 308 өтініш қаралып, 228 азаматтың төлем қабілеттілігі бойынша растау алынған. «Қалған 572 пәтерді сату мақсатында биылғы жылғы 17 қыркүйектен бастап өтініштерді қабылдау туралы хабарлама берілген. Ал «7-20-25»  бағдарламасы аясында екінші деңгейлі банктерге 125,7 миллион теңгеге 11 өтініш түсіп, 69,9 миллион теңгеге 7 өтініш бойынша несие берілді», дейді ол.

Президенттің бес әлеуметтік бастамасының орындалуын бақылау туралы жиында Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов бұл көрсеткіштерге көңілінің толмайтынын жеткізген болатын. Яғни әкім бұл бағыттағы жұмыстардың жүйесіздігін сынға алып, алдағы уақыттарда тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу керектігін айтқан еді. Ал «АТФ» банкі Тараз қалалық филиалының директоры Гуля Оразбаева да бүгінгі күні «7-20-25» бағдарламасына қатысты түсіндіру жұмыстары тиісті деңгейде жүргізілмей жатқанын алға тартты. Ал облыс әкімі әкімдік, банк және «Баспана» ипотекалық компаниясы өкілдерінің бір ғимаратта бірлесе түсіндіру жұмыстарын жүргізу бастамасы тек сөз жүзінде қалып отырғанын ескертті.

 Ал Елбасы белгілеп берген бастамада студенттерді жатақханамен қамту жайы да айтылған болатын. Бүгінде Тараз қаласында үш жоғары оқу орны жұмыс істейді. Екі жоғары оқу орнында 1264 орынға арналған жатақхана бар болса, бүгінде өңірде 1637 студенттің жатақханаға мұқтаж екені белгілі болып отыр. Мәселен М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетінде 657 орынға, Тараз Мемлекеттік педагогикалық университетінде 780 орынға және Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде 200 орынға жатақхана қажеттілігі туындауда. Сонымен қатар, облыстағы үш колледж студенттері үшін 750 орындық жатақхана салу қажет. Дегенмен, Жамбыл облыстық білім басқармасының басшысы Рахия Тұрмаханбетованың айтуынша, М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетінің балансында 1,5 гектар жер телімі бар. Сондықтан бүгінгі күнге аталған оқу орны тарапынан «ПИКО» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі инвестор ретінде анықталыпты. Сонымен қатар, басқарма басшысы жобалық құны 1 миллиард  350 миллион теңге болатын жобалық-сметалық құжаттардың ашық порталға салынғанын, қазіргі таңда жобаны қаржыландыру үшін еліміздің Білім және ғылым министрлігі тарапынан жасалып жатқан типтік үшжақты келісімшарт пен мемлекеттік тапсырысты орналастыру жөніндегі Ереженің бекітілуі күтілуде екенін айтты.

Ал Тараз Мемлекеттік педагогикалық университетінің балансында 0,7 гектар жер телімі бар екен. Бүгінде аталған оқу орны мен Қазақстан ипотекалық компаниясы өзара Меморандумға қол қойған. Сонымен қатар, жобалық құны 1 миллиард 160 миллион теңге болатын жобалық-сметалық құжаттары толығымен әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткен. Енді министрлік тарапынан тиісті Ереже мен келісімшарт жобасы бекітілсе, қол қойылған Меморандум аясында екінші деңгейлі банктер арқылы қаржыландыру мен инвестор тарту жұмыстары жүргізіледі.

Президент ұсынған бес әлеуметтік бастамада айтылған шағын несие беруді көбейту бойынша да өңірде қолға алынған жобалар бар. Облыста өз ісін бастауға ынталы азаматтар үшін тиімді шарттарға негізделген шағын несие беру мекемесі құрылады. Аталған мекеменің негізгі қорына өңір кәсіпкерлері мен Тараз әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы салған қаражат есебінен шағын несиелер беріледі. Сонымен қатар, қор қаражаты көлемін үш жылда 3 миллиард теңгеге жеткізу жоспарланған.

Бес әлеуметтік бастама негізінде тұрғындарды газбен қамту да өзекті мәселе. Жамбыл облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Нұрлан Алдамжаровтың мәліметінше, бүгінде өңірдегі елдімекендердің 48 пайызы газбен қамтылған. Ал бұл көрсеткішті 2018-2025 жылдары 94 пайызға жеткізу жоспарда бар. Нақты айтсақ, соңғы он жыл ішінде 133 елдімекен газдандырылған.

«Президенттің бес әлеуметтік бастамасын» орындауда көңіл көншітерлік те, көңіл толмайтын да көрсеткіштер бар. Ең бастысы, өңірде атқарылып жатқан жұмыстар бақылауда. Сонымен қатар, нақты жобалар мен жоспарлар да жетерлік.

Хамит ЕСАМАН,

Жамбыл облысы

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

17.10.2018

Ош форумы

17.10.2018

Меңдешев білім алған мектеп 150 жылдығын атап өтті

17.10.2018

«Педагог мәртебесі туралы» заң қандай болуы керек?

17.10.2018

Urpaq azsa – ultqa qater

17.10.2018

Ішкі жалпы өнім өсімі – 4,1%

17.10.2018

Өңірдің дамуына оң баға берілді

17.10.2018

Қазақстан-Финляндия қатынастарының жаңа кезеңі басталды

17.10.2018

Ресми бөлім(17.10.2018)

16.10.2018

Станимир Стоилов: Бір ойынды жеңдік деп желпінбейміз

16.10.2018

Кольдо Альварес: Қазақстан бізден бір бас жоғары екен

16.10.2018

Машина жасау саласында меморандумға қол қойылды

16.10.2018

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен Финляндия Республикасына келді

16.10.2018

Қарағандылық оқушылар халықаралық чемпионатта жеңіске жетті

16.10.2018

С.Стоилов: Қазақстанда ұлттық құрамаға лайық шабуылшы жоқ (видео)

16.10.2018

Маңызды қадамдар атап көрсетілді

16.10.2018

Семейде «Екі жұлдыз» байқауы өтті

16.10.2018

Тарбағатайда 4 мың басқа арналған бордақылау алаңы ашылады

16.10.2018

Әскери борышын өтеген сарбаздар туған жерлеріне оралуда

16.10.2018

Қазақстан және Литва жан-жақты ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті

16.10.2018

Cенаторлар университеттегі цифрлық хабты аралады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Urpaq azsa – ultqa qater

J.Aımaýytov pen M.Áýezov keıbir qazaq mineziniń minin, sol mindi kórip ósken balanyń jamandyqqa salynatynyn 1917 jyly «Alash» gazetinde jarıalaǵan maqalasynda: «Ultym», – dep oqyp shyqqandar halyq arasyna kelse, qaraıa bastaıdy» dep, artynan: «Saıyp kelgende, qazaqta qalyp turǵan ózgeshe minezder: tili aıtqandy qoly qylmaıtyn – turaqsyzdyq, uıymsyzdyq, basynan aspaıtyn – ózimshildik, ezdik» depti. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Megapolıster múmkindigi

Elbasy «Qazaqstandyqtardyń ál-aýqatynyń ósýi: tabys pen turmys sapasyn arttyrý» atty jańa Joldaýynda elimizdiń aýmaqtyq damýyna jańa tásilder engizýdi qamtamasyz etý qajet ekendigin aıta kele: «Búginde jetekshi elderdiń ekonomıkasy kóbine jahandyq qalalar nemese megapolıster arqyly tanylady.

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Izgilikke shaqyrý iriliktiń belgisi

Bıylǵy 10-11 qazan kúnderi Astanada ótken Álemdik jáne dástúrli dinder kóshbasshylarynyń dástúrli siezi óziniń halyqaralyq aýqymdaǵy asa mańyzdy únqatysý alańy ekenin taǵy bir ret dáleldedi.

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Jer emgender oza ma, toza ma?

Jalpy, bizdiń halyqtyń arman-maqsatynyń bir ushyǵy qashan da jermen baılanysty sıaqty. Jerdi keńeıtý, jerdi qorǵaý, jerdi óńdeý, jerdi qurmetteý... Mentalıtetimiz jerge jaqyn. Bul basqa halyqtarda olaı emes degen sózimiz emes, biraq bizdiń halyq úshin tym erekshe sıaqty. 

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdik vırýsy

О́tken ǵasyrdyń 80-jyldary rejısser R.Bykovtyń «Chýchelo» atty fılmi Odaq kólemindegi búkil eldi shýlatqan bolatyn. Kishkentaı ǵana 6 oqıtyn balalardyń boıynan sonshalyqty qatygezdikti kórgen qazaq qaýymy, bálesinen aýlaq, qalada ósken ózge ulttyń qatybastary ábden buzylyp ba­rady eken, bizdiń balalarymyzdan, keleshegimizden aýlaq dep shoshyǵan. Ol kezde mundaı zulymdyq qazaq balasynda kezdespeıtin jat qylyq sanalatyn. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу