Қазақстан • 19 Қыркүйек, 2018

Петропавлда жылу беру маусымы басталды

403 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс орталығында жылыту маусымы жылдағыдан он күн ерте басталды.

Петропавлда жылу беру маусымы басталды

Петропавл қаласы әкімінің орынбасары Қайролла  Ғалеевтің мәлімдеуінше  жылу бірінші кезекте денсаулық сақтау, білім беру салаларының ғимараттарына беріліп, әлеуметтік нысандардың 70 пайыздайы қамтылған.  Былтыр жылу беру мерзімінен кеш басталса, биыл жергілікті  билік орындары ерте қамданғанға ұқсайды. 

Бір мыңға жуық көпқабатты үйлердің 700-не жылу есептегіш құралдары орнатылған.  «Петропавл жылу желілері» ЖШС –і 10,5 шақырым жылу магистралін қалпына келтірген. 44 сорғы станциясы әзір. № 2 Петропавл жылу электр орталығы 6 құбыр мен  8 қазандықты  жөндеуден өткізген.  «Қызылжар су» кәсіпорны 326 шақырым жылу құбырына  жуып-шаю жұмыстарын жүргізген.

Десек те, бейқамдыққа салынуға болмайды. Өйткені жекелеген тұрғындар мен пәтер иелері кооперативтерінің қимылы баяу. Соның салдарынан  көпқабатты тұрғын үйлердің жартысының ғана дайындық паспорты тексерілген.

Петропавл қаласы жылумен  25 қыркүйекке дейін толық қамтамасыз етілмек.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше