Президент • 19 Қыркүйек, 2018

Президент көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы тағайындалды

440 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ғабит Байжанов ҚР Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Президент көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы тағайындалды

«Ғабит Жақыпбайұлы Байжанов Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметінің директоры қызметінен босатылсын», - делінген Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығында.

Сондай-ақ  Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Ерсайынұлы Шайхутдинов Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы міндетін уақытша атқарудан босатылды.

Ғабит Байжанов 1963 жылы туған. Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Барлау» қызметі директорының орынбасары (2007 жыл);

«Сырбар» сыртқы барлау қызметі директорының бірінші орынбасары (2009-24.02.2015);

«Сырбар» сыртқы барлау қызметінің директоры (24.02.2015 жылдан бастап, 04.05.2015 жылы қайта тағайындалды) болып еңбек еткен.

Соңғы лауазымы - «Сырбар» сыртқы барлау қызметінің директоры. ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталған.

Генерал-майор (05.05.2010), сыртқы барлаудың генерал-лейтенанты (03.05.2018) шендеріне ие.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше