Қалам ұшындағы аманат

Әдебиет бойынша 2015 жылғы Нобель сыйлығы орыс тілінде жазатын белорус қаламгері Светлана Алексиевичке бұйырды.

Дәл осы сыйлықтың Алексиевичке берілуі бір-біріне қарама-қайшы көзқарастағы пікірлердің жарыса жазылуына себеп болды. Америкалық, еуропалық сыншылар, публицис­тер, әлеуметтанушылар, этика мамандары, философтар мен психологтар оның еңбектерін роман деңгейіндегі публицистикалық шығармалар санатына қосып, автордың өзін философиялық, психологиялық, этикалық, әлеуметтік аса күрделі мәселелерді алға шығарған озық ойлы жазушы ретінде асқақтата бағалады. Осы тұста айта кетелік, Алексиевичтің өзі болса, айналысып жүрген жанрына «сезімдер тарихы» деп анықтама берген еді.  

 

Егемен Қазақстан
20.09.2018 1700
2

С.Алексиевич есімінің жаһан жұртына танымалдығын, ал оның қаламынан ту­ған дүниелерде оқырманды иектеп алар әлдебір күштің бар екендігін мойын­дамасқа әддіңіз қала қоймас.

Бұл қандай күш, қандай тылсым? Алек­сиевич қаламының миллиондаған оқырманды баурап әкеткен «сиқыры» неде? 

Бұл «сиқыр» – бүкпесіз шындық деп аталатын құдіретті күш. 

Оның құдіреттілігі сонда, сіз­дің илан­бауыңызға, зәре­дей күмәнда­нуыңызға жол қал­дыр­майды. Өйткені бұл шындық ой-сезімін оқ тескен, сенімдері отқа қарылған жандардың азапты сырларынан түзілген. Сіз Алексиевич шығармаларындағы кейіп­керлердің өз бастарынан өткерген, бастан өткергелі бері айықпас жан азабына ай­налған шындықпен бетпе-бет ке­­зіккеніңізде өзіңіздің өткеніңіз бен бүгініңізге, ер­теңгі тірлігіңізге, айна­ла­дағы өмір­ге, адам баласына бұрын­ғыдан басқаша көзбен, басқаша түсінікпен қарай бастағаныңызды сезінесіз. Сезінесіз де, шошып кетесіз. Бұл шындықты қабыл­дағыңыз келмейді. Себебі бұл шындық сіз бен біз мойындап жүрген шындықпен іргелесе қоймайды. 

Мәселен, «Соғыстың сұрқы әйелге жат» деректі повесіндегі кейіпкерлердің бірі, соғыс жылдары атқыштар ротасының санинструкторы болған Ольга Яков­левна Омельченконың шын­­дығы: «...мен осы уақытқа дейін тірі қалғаныма сенбеймін. Жарақат та, контузия да алдым, бірақ аман қалдым. Көзімді жұмсам – бәрі де алдыма жетіп келеді. Бірде снаряд қару-жарақ қоймасына түсті де, от лап ете қалды. Күзетші солдат жақын тұрған, оны да жалын орап алды. Енді ол адам емес, еттің қап-қара кесегіне айналып бара жатты... Ол тек секектеп жүр, ал ел­дің бәрі шұңқырларынан көріп отыр, бі­рақ ешкімнің қолынан ештеңе келмей, абдырап қалды. Мен ақжаймамды ұстай сала жүгіріп бардым, әлгі солдатқа жаба салып, үстіне жата қалдым. Ол жүрегі жарылып кеткенше тыпырлаумен болды да, ақырында тыныш тапты...

Жынданып кете жаздадым, әбден қанға малындым. Байырғы солдаттардың бірі келіп құшақтай алды, естіп жатырмын: «Соғыс та бітер, егер бұл қыз тірі қалса, бәрібір адам болмайды, бітті дей бер» – деп жатыр. Мынадай сұмдықты, осындай жас кезінде жеңе алмас дегені шығар. Өзім жын ұрғандай қалшылдап кеттім, мені қолымнан ұстап, жеркепеге апарды...»

Бұл үзінді оқырманды бау­рап алу үшін қиыстырылған қи­сынды оқиға емес, бір ғана майдангер әйелдің сағатқа толар-толмас уақыт аралығында басынан кешірген шындығы. Аз ғана сәтте осынша азапты сезімдерді жүрегінен өткерген осы жанның қан-қасап соғыс аяқталғанша, тіпті аяқталғаннан кейін де қаншама қия­мет-қайым сезімдерге төтеп беруіне тура келгенін бағамдай алар ма едіңіз? Мүмкін емес-ау...

Алексиевич кейіпкерлері – шеберлікпен шыңдалған көркем бейнелер емес, олар – өлімнің дәмін өз тіршіліктерінде татып көрген, соғыс атаулының жалғыз «сыйы» – өлім­нің өз пешенелеріне бұйырған қиямет­терін ес білгелі арқалап келе жатқан, арқалап өткен замандастарымыз.

Кітап кейіпкері, гвардия лейтенанты, штурман Александра Семеновна Попова: «...Біздің организміміз жаңа жағ­дайға орай ыңғайланатыны сондай, біз соғыстың өне бойында өзімізді әйелміз деп есептегеніміз жоқ... Бізде әйелге тән «шаруа» болған емес... Енді сіз оны түсінесіз ғой...» – десе, медбике, аға сер­жант Нина Васильевна Ильинская (Чир­ва): «...Еркек оралса – міне, ол батыр... Ал қыз болса, оған кекірейе қарай­ды: «Білеміз, сендердің онда не тын­дырғандарыңды!..» Шынымды айтайын, біз майданда болғанымызды жасыратынбыз, ол жайында айтқымыз келмейтін...» – деп, ерлікке толы өмірін мақтан етудің орнына, көміп тастағысы келеді. 

Осы Ильинская сияқты, өз­гелері де қырғын ортасында тө­гілген қып-қы­зыл қандарын, жан­кешті ерліктерін айғақ­тайтын орден, медальдарын кеуделеріне жарқырата тағып, ел ішінде жадырай жүруге жасқанғанын қалай түсінуге болады? Қаһармандарды аспан­датудың орнына, қара жерге тыққымыз келгені неліктен?!. Ерліктеріне тәу етудің орнына, жылдар бойы еш орайсыз қаралауға құмартқанымыздың сыры неде?!.

Бұл – Алексиевич кейіп­керлерінің өміріне куә бола отырып, көңіл түпкірінде қабыз­дайтын, ой-сезіміңді шырқырата, жаныңды азапқа салатын сауал­дар. 

Жалпы, біздің қолымыздағы осы кітап аманат кітап тәрізді. Мұндай ойға ке­луіміздің себебі Алексиевич шығар­маларын қазақ оқырмандарына жеткізуді мақсұт тұтқан белгілі аудармашы, пуб­лицист Марал Хасеновтің ние­тіне де байланысты.

Кейінгі уақытта аударма ісімен айналысып, қазақ қаламгерлерін орыс тілді оқыр­мандарға таныстырып, орыс тіліндегі туындыларды қазақ жұртына жеткізіп келген Марал ағамыздың көңі­ліндегі үлкен арманы Нобель сый­лы­ғын иеленген қаламгерлердің шы­ғар­маларын ана тілімізде сөйлетіп, олар­дың тағылым алар ерекшеліктерін әде­биетпен тыныстаған қауымға таныс­тыру болғандай көрінеді. Соның бір дәлелі – «Нобель сыйлығы лауреаттары» айдарымен он төрт жазушының дүние­сін топтастырып, 2015 жылы «Ұршықтайын иірген сөз мәйе­гін...», І кітап» деген атаумен жарыққа шығаруы.

Бұдан кейінгі кезекте Свет­лана Алексиевичтің кітабын қолға алып, «Со­ғыстың сұрқы әйелге жат» аталатын еңбегін тәр­жімалап бітіріп, осы автор­дың Ауған соғысында мерт болған жауын­герлердің аналарымен әңгімелесуі нәти­жесінде жазылған «Цинковые мальчики» атты дүниесін қолға алуға оқталып жүр­ген мезгілде ажал мүмкіндік бермей кетті. 

Егер ағамыздың көзі тірі болғанда, ойдағы ниетін өзі іске асырып, жоғарыда аталған І кітаптың ІІ кітабын да өзі оқыр­ман қолына тигізер еді. Бірақ, бұл ниеті кейінгілерге аманат болып қана қалды. Бұл аманатқа Мәкеңнің абзал жары Рымбала Смаилова апайымыз адалдық танытып, көпшілікке ұсынып отыр.

Аудармашы ағаның осынау арман-ниеті иыққа артылған аманаттай тым салмақты және оны арқалауға бірдің шамасы жете бермесі де анық. Алайда құзыреті жететін мемлекеттік ұйымдар ден қойып, арнайылап қолға алса, ұлт мә­де­ниетіне қосылар маңызды іс болар еді.

Кенжебай АХМЕТОВ, 

жазушы, аудармашы
 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

18.12.2018

Алматыда «Сиқырлы әуендер» киноконцерті өтті

18.12.2018

Ақтөбе облысында алпыс отбасы қоныс тойын тойлады

18.12.2018

Қарағандының 2018 жылғы аруы белгілі болды

18.12.2018

Қарағанды облысында спорт кешені пайдалануға берілді

18.12.2018

«Астана» велоклубының жаңа маусымдағы құрамы анықталды

18.12.2018

«Айка» фильмі «Оскар» жүлдесіне үмітті картиналар тізіміне енді

18.12.2018

Отырарда «Оқсыз» спорт кешені ашылды

18.12.2018

Үндістанда ауруханадағы өрттен 6 адам қаза тапты

18.12.2018

Бүгін Қазақстан аумағында ауа райы құбылмалы болады

17.12.2018

Алтын домбыра иесі анықталды

17.12.2018

Батыс Қазақстан облысында Тәуелсіздік құрбандарына ас берілді

17.12.2018

Чемпиондар Лигасының 1/8-ші финалының жеребе тарту рәсімі өтті

17.12.2018

Жамбыл өңірінде 28 нысан ашылды

17.12.2018

Атыраулықтар «Елбасы жолы» фильмін тамашалады

17.12.2018

Тәуелсіздік күні БҚО-да 37 бала дүниеге келді

17.12.2018

Гиннестің рекордтар кітабына енген Notre Dame de Paris мюзиклі қазақ тілінде қойылады 

17.12.2018

Татарстандағы қазақ студенттері Тәуелсіздік күнін атап өтті

17.12.2018

Солтүстік Қазақстанда допты хоккейден ел кубогы біріншілігі өтуде

17.12.2018

«Ырыс» Түркістан облысында 16 мыңнан астам жаңа жұмыс орнының ашылуына ықпал етті

17.12.2018

Солтүстік Қазақстанда 80-ге жуық  полицей марапатталды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Baılyq jasaýshy sala

Árbir adam óz úıiniń ishinde qandaı zattar bar ekendigin jáne onyń qaı jerde turǵandyǵyn, qaı shkaftyń ishinde qandaı zattyń jatqandyǵyn, jertólesinde qandaı azyq túrleriniń saqtalyp turǵandyǵyn jaqsy biledi. Sondyqtan eshnársesin shashaý qaldyrmaıdy. Qajetine qaraı paıdalanyp otyrady. Al ózimizdiń ortaq úıimiz – Qazaqstanda qandaı zattar bar ekendigin, ásirese, jerimizdiń astynda qandaı mıneraldyq shıkizat kózderiniń shoǵyrlanǵanyn jáne olardyń qory qandaı ekendigin bilemiz be?

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Nápaqa qaıdan tabylar?

  «Qul bazar» tek qazaqqa arnalǵan sıaqty, 100 paıyz qazaq, qazaqtan basqa ult joq qul bazarda jaldanyp turǵan», dep kújingen jazba oqydym áleýmettik jeliden. Nege? Onyń sebebiniń biri – qazaqtyń kásip ıgerýge kerenaýlyǵynda tárizdi.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Qazaqtyń jylqytaný ilimi

Memleket basshysy Nursultan Nazarbaevtyń «Uly da­­lanyń jeti qyry» atty maqalasynda, «Atqa miný mádenıeti men jylqy sharýashylyǵy jer júzine Uly daladan taraǵan» degen toqtamdy pikir aıtylypty. Rasynda da, Elbasy atap ótkendeı jylqy mádenıeti men atty miniske úıretýdiń dara tehnologıasy uly dalada qalyptasqany anyq. Iаǵnı, jylqy mádenıetiniń san ǵasyrlyq qalyptasý, damý kezeńderi bıologıalyq jolmen júrgizilgen. Qazirgi tilmen aıtsaq, jylqytaný kóshpeli qoǵamnyń álmısaqtan qanyna sińgen tól óneri hám genetıkalyq jadysynyń keremet týyndysy.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Táýelsizdiktiń tańǵajaıyptary

О́tken joly jazǵan baǵanymyzda («EQ», 21.11.18) Táýelsizdiktiń arqasynda qazaq jastarynyń sporttyń elıtalyq túrlerinen álemdik dodalarda tek sońǵy jyldary ǵana top jaryp jatqan birneshe mysaldaryn keltirgen edik. Sonymen birge qazaq ánderimen, ulttyq áýenmen álemdi aýzyna qaratyp júrgen ánshilerimiz týraly da jazǵanbyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Jekemenshik teatrlar jaıy

Jalpy, kez kelgen halyqtyń mádenıeti men rýhanı damý deńgeıi teatr salasyndaǵy jetistikterimen ólshenetini tarıhtan málim. О́rkenıetti memleketterdegi bir ǵana qalanyń ózinde teatr sany 200-den asyp jyǵylatyndyǵy sonyń buljymas dáleli bolsa kerek-ti.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу