Бүгін елімізде машина жасаушыларының VI форумы басталды

Бүгін Үкіметтің баспасөз орталығында өткен баспасөз конференциясында ҚР инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Роман Скляр машина жасау саласының кәсіпорындарын мемлекеттік қолдау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді, деп хабарлайды primeminister.kz

Егемен Қазақстан
20.09.2018 2514
2

Бүгін Қазақстан машина жасаушыларының VI форумы басталды, онда машина жасаушылар саласын дамытудың өзекті мәселерімен қатар, жалпы өңдеу өнеркәсібінің ауқымды жүйелік мәселелері де талқыланады Роман Склярдың айтуынша, машина жасау деңгейі жалпы ұлттық өнеркәсіптің технологиялық дамуының көрсеткіші саналады.

«Өздеріңіз білетіндей, машина жасау – ең күрделі әрі сараланған салалардың бірі. Сондықтан да болар, машина жасау саласы мемлекеттік реттеу шараларына аса бағынышты келеді. Бәсекелестіктің жоғарғы деңгейіне қарамастан, машина жасау – мемлекет тарапынан елеулі қолдау шаралары ұсынылып жатқан, болашағы зор салалардың бірі», — деді бірінші вице-министр.

Бұл сала еліміздің индустриялық-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасы аясында басымдыққа ие сала ретінде анықталды. ИИДМБ бірінші бесжылдығын іске асыру жылдары машина жасау өте қарқынды дамып келе жатқан салаға айналды. Саладағы өндіріс көлемі 2010 жылғы 376 млрд теңгеден 2014 жылы 870 млрд теңгеге дейін 2,3 есе өсті. Өңдеу өнеркәсібі көлеміндегі отандық машина жасау үлесі 9,7%-дан 14,8%-ға дейін өсті. Жалпы индустрияландыру жылдарында машина жасау саласында 100-ден аса жоба жүзеге асырылды.

ҚР ИДМ деректері бойынша, 2018 жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша машина жасау өндірісінің көлемі 638,1 млрд теңгеден асты, өндіріс өсімі — 13,8% құрады. Машина жасау салалары арасында өсімнің ең үлкен динамикасын автомобиль жасау секторы көрсетеді. Осы жылдың 8 айы ішінде 117,7 млрд теңгеге 19 мыңнан астам автомобиль шығарылды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,6 есеге артық.

Р. Склярдың айтуынша, саланы мемлекеттік реттеу механизмдері Қазақстан дербес мемлекет болып қалыптаса бастаған кезден бастап құлдилады және бұл процесс саланың жай-күйіне ғана емес, елдегі және әлемдегі экономикаға байланысты болды. Мемлекеттік қолдаудың баламалы шараларын әзірлеу мақсатында Кәсіпкерлік, салық және Кедендік кодекстерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Машина жасауды ынталандыру мақсатында мемлекет кәсіпорындарды да, тұтынушыларды да жеңілдікпен несиелендірумен қамтамасыз етіп отыр. Мәселен, «Бәйтерек» ҰБХ арқылы көптеген қызмет түрлері ұсынылады, оның ішінде өндірістерді құру немесе жаңғырту бойынша жобаларды қаржыландыру және банк займдарының пайыздық мөлшерлемелерін субсидиялау бар.

«Осыған байланысты мысал ретінде жеңілдікпен автонесие беру және лизингтік қаржыландыру бағдарламасын атап өткен жөн, оның арқасында экономикалық құлдырау кезеңінде қазақстандық өнімге деген сұранысты ынталандырып, отандық автоқұрастыру кәсіпорындарын қолдау мүмкін болды», — деді Р. Скляр.

Сонымен қатар, «Қазақинвест» арқылы экспортты қолдау сияқты жалпы қолдау шаралары, сондай-ақ «Бәйтерек» желісі бойынша индустриялық жобаларды дамытуды ынталандыратын басқа да шаралар қолға алынған.

Р. Скляр машина жасау саласын одан әрі дамыту мақсатында биыл Инвестициялар және даму министрлігі ҚР Машина жасаушылар одағымен бірлесіп 2019-2030 жж. арналған Машина жасауды дамытудың кешенді жоспарының жобасын әзірлегенін айтты, оны VI Қазақстан машина жасаушылар форумының аясында мемлекеттік органдар, даму және бизнес институттарының өкілдері талқылайтын болады.

Сөз соңында ҚР инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Р. Скляр аталған дамып келе жатқан саланы дамыту мақсатында мемлекеттік реттеудің қажеттілігін және бизнес үшін қолдау құралдарының қолжетімділігін қамтамасыз ету саясатын жалғастыру қажеттігін атап өтті.

 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

15.02.2019

Бірге барайық: Интеллектуал дос тапқыңыз келе ме?

15.02.2019

Назгүлдің фото нысанасында – бейкүнә сәбилер қасіреті

15.02.2019

Е.Біртанов медицина саласындағы сапасыз қызметтерді атады

15.02.2019

Смартфоныңыз денсаулығыңыздың көмекшісіне айналады

15.02.2019

Мұхтар Тайжан ауылшарушылығы жерлерін жалға беру туралы пікір білдірді

15.02.2019

Өскемен көшелері  жаңғырып жатыр

15.02.2019

Батырхан Шүкеновтің естелік медалін анасына табыстау рәсімі өтті

15.02.2019

Бердібек Сапарбаев халық алдында есеп берді

15.02.2019

Абайдың латын графикасындағы кітаптары көрмеге қойылды

15.02.2019

Тағам өндірушілерінің І халықаралық форумы өтті

15.02.2019

Адамзат тарихында ең қымбатқа бағаланған картина

15.02.2019

Әлемге әйгілі болған қазақ қызы алдағы уақытта Америкаға аттанады  

15.02.2019

Дипломатиялық қатынастар орнату туралы бірлескен коммюникеге қол қойылды

15.02.2019

Сенатор Ә.Құртаев Азия елдері парламентшілерінің кездесуіне қатысты

15.02.2019

Қолжетімді баспанамен қамтуда қозғалыс бар

15.02.2019

Астана әкімі Бақыт Сұлтанов көпбалалы аналармен кездесті

15.02.2019

Семейде өлкетану оқулары өтті

15.02.2019

Испанияда кезектен тыс сайлау болады

15.02.2019

Киногерлер Шәкен Аймановтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

15.02.2019

Зауыттар көбейсе, жұмыссыздық азаяр еді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdikke bala ǵana kináli me?

Sońǵy kezderi mektep oqýshylarynyń arasynda sotqarlyq órship barady. Teledıdardan kórip, áleýmettik jeliden oqyp otyrǵanda, olar mundaı qatygezdikke qalaı bardy degen saýal kókeıdi tebendeı tesip, oıdy oıran etedi. 

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Keleli istiń paidasy

Búginde ár kólikke tirkelip beriletin memlekettik nómirlerdiń deni jappaı satylymǵa shyǵaryldy. Olar birkelki sandar men úılesimdi áripter tizbeginen quralǵandyqtan birden kóz tartady. Ony halyq arasynda «ádemi nómirler» deıdi. Atalǵan nómirlerdi alýǵa júrgizýshiler de yntyq. Ásirese qymbat kólik ıeleri úshin sándi nómirdi taǵý, ózine bir artyqshylyqty beretindeı kóredi. Endeshe bul nómirlerdi satylymǵa shyǵarǵannan kim utyp jatyr dep oılaımyz?

Мирас Асан, «Егемен Қазақстан»

Qumar oıynnyń quryǵy uzyn

«Aıdalada altyn bar» dese, soǵan birinshi qandastarymyz baratyn shyǵar dep oılaıtyn halge jettik. Bulaı deýimizge qoǵamda qordalanyp qalǵan, ordalanyp alǵan máseleler mysal bola alady. Sonyń biri – báske aqsha tigý, ıaǵnı býkmekerlik keńselerdiń keleńsiz kásibi bolyp tur. Jalpy, ózi jarymaı otyrǵan jannyń «úıde otyryp ońaı aqsha tabý jolyn úıretemin» degenine erip kete beretin ańqaý bolatynyna ekenine búginde kózimiz ábden jetti. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу