Бокс • 20 Қыркүйек, 2018

GGG үздіктер тізімінде төмендеді

351 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Лас-Вегаста өткен жекпе-жекте мексикалық Сауль Альварестен ұтылған қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин ESPN-нің P4P рейтингінде бір сатыға төмендеп, қазіргі кезде төртінші орынды қанағат тұтуда.

GGG үздіктер тізімінде төмендеді

Үздіктер көшін 30 жастағы Василий Ломаченко бастап тұр. Жеңіл салмақта күш сынасып жүрген Украина боксшысы бес жылға жуық уақыт аралығында 12 жекпе-жек өткізіп, 11 рет жеңіске жетті. 9 қарсыласын айқын басымдықпен ұтты. Екінші орынды Теренс Кроуфорд иеленуде. Ол да 30 жаста. Жартылай орта салмақтағы АҚШ-тың өкілі 33 мәрте шаршы алаңға шығып, барлық бәсекені өз пайдасынан шешті. 24 кездесуде нокаут белгіленді. Үшінші орында – Сауль Альварес. 28 жастағы Мексиканың мақтанышы GGG-ні ұтқаннан кейін үздіктер қатарынан қосылды. Ол 53 мәрте рингке көтеріліп, 50 жекпе-жекте үстемдік танытты. 34 қасрыласын есінен тандырды. 1 рет ұтылып, 2 рет тең түсті.

Сондай-ақ, «ТОП-10» боксшының қатарында қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО), америкалық Эррол Спенс (24-0, 21 КО) пен Майки Гарсия (39-0, 30 КО), жапониялық Наоя Иноуэ (16-0, 14 КО), таиландық Срисакет Сор Рунгвисаи (45-4-1, 40 КО), украиналық Александр Усик (15-0, 11 КО) және ұлыбританиялық Энтони Джошуа (21-0, 20 КО) сынды саңлақтар бар.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»