Жабайы бәсекелестік немесе жолаушыларды заңсыз тасымалдау белең алып барады

Көкшетау қаласының автовокзалы 1981 жылы ашылған. Автовокзал бұған дейін жолаушылардың толассыз ағынын тиісті деңгейде қамтамасыз етіп отыратын. Уақыт өте келе, автовокзал жайлы әрі сыйымды көліктерге ие болғанымен, сапарға шығушылардың саны жылдан-жылға азайып бара жатқаны байқалады.

Егемен Қазақстан
21.09.2018 3719
2

«InDriver» ме, әлде автобус па? Өзге қалаға жол жүруге дайындалған әр адамның ойында осы сұрақ туындайтыны рас. Дегенмен, адамдардың басым бөлігі темір жол бекеті алдына шұбырып жиналатын заңсыз та­сы­малдаушылардың қызметін пайда­лануға бейім. Вокзал алдында әр қаланың атын айғайлап айтып жатқан­дардың даусынан құлақ тұнады. 

Қалалық автовокзал жұмысында ой­ланатын жайлар бар. Жолаушылар тасымалдаумен айналысатын көліктер арнайы конкурс арқылы 5 жыл мерзімге іріктеледі екен. Яғни автобустар вокзал меншігі болып есептелмейді. Бүгінгі таңда автовокзал 60-қа жуық тасымалдаушы компаниялармен серіктестік орнатқан. Оның салмақты үлесін же­ке ұйымдар құрайтындықтан, жаңа авто­бустарға қол жеткізу мүмкіндігі жиі туа бермейді. Әр компания өз тарапы­нан 3-4 автобус ұсынып, оның техникалық тек­серісін өзі қадағалайды. Көліктердің ескі болуына да осы себеп деуге болады.

Автобекет бекіткен кесте бойынша, Көкшетаудан күн сайын Астана, Петропавл, Қарағанды, Павлодар мен Ресейдің Омбы, Қорған, Екатеринбург пен Тобыл қалаларына маршруттар белгіленген. Әр сапар алдында жүргізушілер денсаулығын арнайы медициналық топ тексеріп отырады. Жыл басынан бері 2 жүргізуші денсаулығына байланысты жолға шыға алмай, олардың орнына басқа жүргізушілер көлік тізгіндеген болатын. Сыйымдылығы 50 адамдық автобустар жиналмалы орындықтармен, кондиционермен, теледидармен жабдықталса да, ұзақ сапар шарттарына толық сай келеді деп айту қиын. 

Жыл сайын жанармай мен дизель отыны, сонымен қатар көлік бөлшектері мен жөндеу жұмыстарының бағасы көтерілсе де, билет құны көтерілмейді. Бір маршруттың бағасы 2000-2500 теңгені құрайды. Жеке машиналарға қарағанда, бұл баға көрсеткіші айтарлықтай төмен. Сонымен қатар ағымдағы жылдың соңына дейін автовокзал билеттерді электронды түрде сату мүмкіндігін ұсынатын болады. Яғни билеттерді арнайы терминалдар арқылы немесе интернет көмегімен үйде отырып-ақ сатып алуға болады.

Көкшетау автовокзалының директоры Сайлау Нұртазин «Біз жыл сайын ескі немесе жабылған маршруттарды қалпына келтіріп, кеңейтіп отырамыз. Жолаушыларға жайлылықты қамтамасыз ету үшін автобустардың жағдайын да жақсартуға тырысамыз. Бірақ халық «InDriver» немесе жеке таксилерді таңдайды. Ал салық пен айыппұл мәселесін біз реттеуіміз керек. Сол себепті автобус жүргізушілерінің онсыз да аз жалақысының біраз бөлігі деп, қынжылысын білдірді.

Қазіргі уақытта салық органдарында тиісті тәртіппен тіркелмей-ақ такси қызметін атқарып жүрген субъектілердің заңсыз әрекеттері әлеуметтік әділетсіздік факторына әкеліп соқтыруы мүмкін. Сол себепті жолаушыларды заңды тасымалдау қызметімен айналысушыларға қатысты прокуратура мен мемлекеттік кіріс органдарына шағымдар көптеп түсе бас­тапты. Бұл негізсіз де емес. Өйткені ресми тасымалдаушылар салық органдарында тиісті тәртіппен тіркеліп, мемлекетке жолаушылар тасымалы қызметі үшін заңды түрде салық төлеп тұрады. Ал салық органдарында тіркелмей, «жабайы» такси қызметін атқарып жүргендер олардың жұмысына кедергі келтіріп, бәсекелестік тудыруда. Сондықтан да мемлекеттік кіріс органдары тара­пы­нан кәсіпкерліктің мұндай заңсыз әре­кет­теріне тосқауыл қою мақсатында тиісті талаптар қойылуға тиіс.

Осы ретте «InDriver» туралы айта кет­кіміз келеді. 2013 жылы Sineet ком­па­ниялар тобына негізделген «Тәуел­сіз драйверлер қоғамдастығының» тапсырыстарын өңдеуге арналған арнайы мобильді қосымша әзірленіп, бұл «InDriver» деп аталған. Қазір барлық қызмет шарттары бойынша жүргізушілер мен жолаушылар ара­сындағы келісім нәтижесінде жұмыс жасайтын бағдарламаның 9 миллионнан астам қолданушысы бар. Аталмыш мобильді қосымша Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Мексика, Колумбия, Гватемала, Перу, Сальвадор мен Чили мемлекеттерінде қызмет ұсынады. Сапарға тапсырыс беру үшін пайдаланушы маршруттың басталу және жету мекенжайларын ол сапарға төлеуге дайын бағаны көрсету керек. Шын мәнінде жол бағасын сіз ұсынсаңыз да, жүргізушілер жоғары табысты көздеу мақсатында оны қабылдамауы әбден мүмкін. Осыдан, «арзан баға» бар болғаны кезекті маркетингтік құрал екенін байқауға болады. Тапсырысты драйверге тапсырғаннан кейін, жолаушы смартфонының экранында қандай көлік жүргізетіні, автокөлік жеткізілімінің болжамды уақыты және қалалық картаға тапсырыс берілген автокөліктің белсенді геометриясы туралы ақпарат беріледі. Бірақ жүргізушінің деректері мүлде көрсетілмейтінін байқауға болады. Сонда жолаушылардың қауіпсіздігіне кім кепіл болмақ деген сұрақ туады. 

Елімізде адамдарды заңсыз тасымалдаумен айналысатын жеке жүр­гі­зушілер тарапынан құқық бұзушылық және қылмыстық фактілер жиі тіркелуде. Бас проку­ра­тура ұсынған мәлі­метке зер сал­сақ, жыл сайын қала­аралық бағдар­лар бойынша жолаушы­ларды тасымал­дау­шылардың қатысуымен 120 жол-көлік оқиғасы тіркеледі екен. Осы­ның салдарынан өткен жылы 370 адам түрлі дене жарақатын алса, 70 адам мерт болған. Мәселен, жуырда Ас­тана қаласының «InDriver» көлігіне 26 жастағы тұрғыны тапсырыс берген жүр­гізушіден зардап шекті. Оның поли­ция қызметкеріне берген түсінікте­месі бойынша, жүргізуші жолаушыны балағаттап, қол жұмсаған. Жүргізу­шіге қатысты әкімшілік іс қозғалып, ма­ман­дандырылған ауданаралық әкім­шілік сотқа жіберілді. Бұл қақты­ғыстан кейін жүргізушінің қызметтен босатылғаны жөнінде «InDriver» қызметінің өкілі Надежда Алексеева мәлімдеді. 

Осы тектес оқиғаларға қатысты Көкшетау автовокзалының директоры Сайлау Нұртазин: «Елімізде осындай қылмыстарға жол бермеу үшін арнайы шаралар өткізілуі керек. Бекеттер мен аялдамалардың алдынан шықпайтын лицензиясы жоқ машина жүргізушілерінің заңсыз жұмысына тыйым салған жөн. Бірақ бұл шараларды ешкім қолға алмай отыр», дейді. 

Заңнамаға сәйкес, заңсыз жолаушы тасымалымен айналысатын жеке тұлғалар Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 463-бабының 1-тармағы бойынша жауапкершілікке тартылады. Яғни жүргізуші жолаушыларды заңсыз тасымалдау кезінде ұсталса, 15 айлық көрсеткіш (31815 теңге) көлемінде айыппұл төлеуге мәжбүр болады. Бір жылдың ішінде екінші мәрте қайталанған жағдайда салынатын айыппұл саны екі есеге артады. Сонымен қатар бұл бапта әкімшілік құқық бұзу объектісі болып табылатын мүлікті тәркілеу мәселесі де қарастырылғанын есте сақтаған жөн.

Ботакөз АМАЛБЕК,
Л.Н.Гумилев атындағы 
ЕҰУ студенті

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

12.12.2018

Франциядағы теракт кезінде 4 адам мерт болды

12.12.2018

«Русский силуэт» бәсекесінде жеңіске жетті

12.12.2018

Ұлттық ұлан өнерпаздары мерекелік концерт өткізді

12.12.2018

Алексей Ут­киннің жеке көр­­месі көрерменге жол тарт­ты

12.12.2018

Павлодар облысында 72 көше, 7 ауылдың атаулары өзгерді

12.12.2018

Атырауда ұн тартатын диірмен іске қосылды

12.12.2018

Жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқытатын мұғалімдерге қолдау артады

12.12.2018

Қостанайда Ғафу Қайырбековтың 90 жылдығы аталып өтті

12.12.2018

Қарапайым түсінік

12.12.2018

Ағысқа қарсы жүзген жазушы

12.12.2018

Қазақстан тарихы – әлемдік деңгейдегі тарих

12.12.2018

Түркістанды танытатын туындылар

12.12.2018

Шығай хан

12.12.2018

Ерін үндестігі неге таңбаланбайды?

12.12.2018

Nápaqa qaıdan tabylar?

12.12.2018

Сарыбелдің «саумалы» Ұлы даланың ұтымды жобасына айналды

12.12.2018

Латын әліпбиіне көшудегі Әзербайжан тәжірибесі

12.12.2018

Тік тұрып жұмыс істеу жаттығу емес

12.12.2018

Әлемде әр үшінші мектепке таза әрі қауіпсіз дәретхана қажет

12.12.2018

Экономикада тұрақты өсім бар

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Nápaqa qaıdan tabylar?

  «Qul bazar» tek qazaqqa arnalǵan sıaqty, 100 paıyz qazaq, qazaqtan basqa ult joq qul bazarda jaldanyp turǵan», dep kújingen jazba oqydym áleýmettik jeliden. Nege? Onyń sebebiniń biri – qazaqtyń kásip ıgerýge kerenaýlyǵynda tárizdi.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Qazaqtyń jylqytaný ilimi

Memleket basshysy Nursultan Nazarbaevtyń «Uly da­­lanyń jeti qyry» atty maqalasynda, «Atqa miný mádenıeti men jylqy sharýashylyǵy jer júzine Uly daladan taraǵan» degen toqtamdy pikir aıtylypty. Rasynda da, Elbasy atap ótkendeı jylqy mádenıeti men atty miniske úıretýdiń dara tehnologıasy uly dalada qalyptasqany anyq. Iаǵnı, jylqy mádenıetiniń san ǵasyrlyq qalyptasý, damý kezeńderi bıologıalyq jolmen júrgizilgen. Qazirgi tilmen aıtsaq, jylqytaný kóshpeli qoǵamnyń álmısaqtan qanyna sińgen tól óneri hám genetıkalyq jadysynyń keremet týyndysy.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Táýelsizdiktiń tańǵajaıyptary

О́tken joly jazǵan baǵanymyzda («EQ», 21.11.18) Táýelsizdiktiń arqasynda qazaq jastarynyń sporttyń elıtalyq túrlerinen álemdik dodalarda tek sońǵy jyldary ǵana top jaryp jatqan birneshe mysaldaryn keltirgen edik. Sonymen birge qazaq ánderimen, ulttyq áýenmen álemdi aýzyna qaratyp júrgen ánshilerimiz týraly da jazǵanbyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Jekemenshik teatrlar jaıy

Jalpy, kez kelgen halyqtyń mádenıeti men rýhanı damý deńgeıi teatr salasyndaǵy jetistikterimen ólshenetini tarıhtan málim. О́rkenıetti memleketterdegi bir ǵana qalanyń ózinde teatr sany 200-den asyp jyǵylatyndyǵy sonyń buljymas dáleli bolsa kerek-ti.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Aqparattar aýqymyndaǵy aqıqat

Taıaýda Almatyda ótken medıaquryltaıda Qazaqstandaǵy buqaralyq aqparat qural­darynyń qazirgi jaı-kúıi keńinen áńgime boldy. Mamandar tarapynan aıtylǵan pikirlerge qulaq qoıar bolsaq, sońǵy jyldary qazaqstandyq BAQ-tyń, ásire telearnalardyń reıtıngi aıtarlyqtaı túsip ketken. Máselen, 2013 jyldan bergi aralyqta bul kórsetkish 22 paıyzǵa tómendegen eken. Onyń sebebi nede?

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу