Жер үстінде жұмақ бары рас па?

Жазушы Қ.Жиенбайдың жаңа романы туралы ой-толғам

Егемен Қазақстан
21.09.2018 2236
2

«Жер үстінде де жұмақ бар» романында қасиетті Сары­арқа­ның сауырында орналасқан ғарыш айлағы төрткүл әлемнің көзқұртына айналуының себе­бін Қуаныш: «Байқоңырдың қазіргі атақ-даңқы томағасын сыпырған қыран құсқа ұқсайды. Аузымен құс тістеген кез келген мемлекетіңіз Байқоңырдың етегінен ұстауға құмар. Тере­земізді Байқоңырмен теңестірсек дейді. Байқоңырдан ұшырылатын зымырандарға төленетін шығын аз, ал пайдасының көптігінен бас айналады», деп сипаттаған. Басқа мемлекеттердегі ғарыш айлақтары адам аяғы сирек басатын қиян шетте, тіршілік атаулыға зияны тимейтін гуманистік принциптерге негізделіп салынғанмен, ғарышкерлер қайтып оралғанда қонар жайлы аймақ жоқтықтан қатерге бас тігетін қайғылы кө­рі­ністер жиі қайталанып жа­та­тыны мәлім. Романында Бай­қо­ңыр космодромында әлі де Ресейдің ықпалы бекем, жер­гілік­ті халыққа жоғарыдан қарай­тын астам көкіректігінен айнымайтын шовинист Евгений Ильич­ті Мәскеу Байқоңыр жа­бық қаласына мэр (әкім) етіп жібереді. Ол империялық саясатты ұстанып, тек Мәскеудің нұсқауымен жүріп, сол жақтан келген комиссияны қабылдап, олардың көңілін тауып, ақсақты тыңдай, өтірікті шындай етіп жалған мәліметті арқалап қайту­ларын, өзі туралы жағымды мәлі­меттерді жеткізуін ғана көздеп, «құдайдың зорлығымен күнін өткізіп жатқан біреу». 

«Бағы жанған жігіт», міне қаншама жылдар осы шаһардан шыға алмай, жіпсіз байланып отыр. Кетіп қалайын десе сенімді ақтамағаны үшін мәскеулік ше­неу­ніктер қолына күрек ұста­тып, қара жұмысқа жегіп, қызыл дипломына, осы уақытқа дейін атқарған қызметіне де пысқырмай, қаңғытып жіберулері әбден мүмкін. Сол драмалық тағдырына аптықпай, жоғарыдан қайту жөніндегі жақсы хабарды тағатсыз күтіп жүрген мұн­дағы «жарты құдайдың» ішке бүккен имандай сырын Қуаныш Жиенбай романында: «Евгений Ильич шаршады, жа­лықты. Жалғыз қызы мен әйелі Москвада. Төретам дегенде азар да безер. Кейде бір бөтелкені жалғыз өзі төңкеріп тастап, әйеліне әдейі тиіседі. Ал өзі космодромның әскери қалашығынан әбден жалықты. Мүмкіндік болса құм суырған қалада бір күн аялдамас еді» деп өмірбаяны, әрекеті жұмбаққа толы, астарлы, табиғаты тылсым, Москваның қазақ даласындағы көзі, сенімді қызметкерінің болмысын өзіне аштырып береді. 

Романда жабық қала мэрі Евгений Ильич кеңпейіл, анау-мынауыңды елемейтін, көрге­ні көп адам болып көзге түскісі келгенімен, әкіммен аралас-құралас жүргендер оның бәрі жасанды мінез, бояма қы­лық, тұрлаусыз әрекеттер екенін аңдап, теріс бұрылады. Евге­ний Ильич орнын ешкімге бер­мейтін тіс қаққан, әккі мэр, қыз­­меті төменгілер өзінің аты-жөнін айтқанға да қарсы, майы сор­ғалаған шовинист, қазақтардан қорқады, сенбейді, өзінің бірінші орынбасары Игенбердиевті «біз­ге бергі жағымен жымыс­қылана күледі де, былай шы­ға қазақтарының мүддесін күйт­тейді» деп қызметінен қуып, «біз­ге жақын», «космонавтикадан хабары мол, ұлты қазақ жаңа орынбасар іздеуге» төңірегіндегі өзінің орыс көмекшілеріне тапсырма береді. Олар темір жол бекетінің бастығы, әмбебап маман, білімді, іскер, принципшіл, адамгершілігі жоғары, адал, бас­тамашыл, жаңашыл Көбейсіннің кандидатурасын ұсынады. 

Жабық қала мэрі Евгений Ильич Байқоңыр космодромымен Қорқыт кесенесі арасына этно­ауыл қондырып, гүлзар егіп, бұлқынтып бұлақ ағызып, тұр­ғындарды қызыл құм, аптап ыстықтың тозағынан жұмаққа қолын жеткізудің амалымен Көбейсін күндіз күлкі, түнде ұй­қыдан қағылып миы ашып жүр­генде, бастығы этноауылдың шетінен 10 сотық жер бөліп беруге бұйрық етеді. Оған жер берген саудагер мейрамхана, не ойын­хана салуы мүмкін ғой. Онда саламатты өмір салтын көздеп, имандылыққа, рухани тазалыққа бағытталған сауапты бастамасы әдіре қалып, бізді әруағымен қолдап-қоштап жатқан Қорқыт бабаның рухын үркітіп, жойқын апатқа бастайтын күнәһар болып шығары анық. Имандылықтың жолын азғындықпен бұзбақ болған қала мэрінің кереғар шешімін тереңнен байыптаған Көбейсін құптамай, қарсылық көрсетеді. Жабық қала бастығы байлағанына көнбей, айдағанына жүрмеген асау орынбасарын өзінің кім екенін мойындатып, тәубесіне келтіруді көздеп, қару­лы жігіттерін шақырып алып, Көбейсінге оңашада «сыба­ғасын беріп», 10 сотық жерді этноауылдың шетінен бөліп беру жайлы бұйрыққа күштеп қол қойдырып алуға тапсырма береді. Бастықтың қас-қабағын баққан, ар-намысын сатқан жағымпаз, қуыс кеуде, надан тобыр оңаша, кабинетінде ертеңгі істің бабын ойластырып миы ашып отырған Көбейсінді ауыр соққыға жығып, есінен тандыратын улы дәрілерін егіп, қала сыртындағы иесіз қораға әкеп тастайды. Ол дозасын артығымен еккен улы дәрі, аштық, шөл, жеген таяқтың уытына бой бермей, арақ ішпей, темекі тартпай, спортпен ажырамас достығы – саламатты өмір принципіне беріктігі арқасында тірі қалады. Өл­діге санаған дұшпандары есі­нен танып, достары Аллаға табынып, Қорқыт атаның қабірін құшады... 

Шығармадан жаратылысы ерек жанның табиғатын ашу барысында бейнелік пен символдық нақыш, постреалистік болмыс, мифтік таным, неомифологизм, полифониялық суреттерді кез­дестіріп, қаламгердің ізденіс өрісінің кеңдігіне ішің жылиды. Ессіз далада есінен айырылып, өлгелі жатқан қимылсыз адамға атжалмандар мен қарға-құз­ғын тиіспей, кәрі қаншықтың өз әлінше қамқорлық жасауын дана табиғаттың имандылықпен үйлескен ізгі ісі ретінде, қазір жазудың парадигмасы үлкен шы­ғар­машылық өзгеріске түске­нінің нәтижесіне балайсыз. Адамға жасалған жақсылық ұмы­тылып кетуі мүмкін, ал табиғатқа жаса­лынған жақсылық еселеп қайтады. 

Романындағы күшті харак­тер иесі – Көбейсін. Ол – же­тімдіктің, ел есігінде өткен өмір­дің ауырлығын, Ебейсіннің ағ­алық қамқорлығын, кедей­шілік­тің адымыңды аттатпайтын қатыгездігін терісімен сезі­ніп, санасымен сараптап өскен жас. Ебейсіннің арқасында Мәс­кеудегі темір жол институтын үздік дипломмен тәмамдап, студент шақтың «албырт та адуы­н, алғыр да алғырт, жаңашыл да жалынды буырқасыны бойы билеген», қайтып оралмас ыс­тық шақтарын басынан кеш­ті. Қызықты кезең, алғаусыз жақ­сы дәуірде білім теңізіне жүзуден жалықпай, арасында махаб­бат додасына түсіп, ұлты басқа Маргарита – Матильданың жүрегін жаулап, «сен үшін ғана өмір сүремін» деген қорғасындай балқытқан, өзегін жарып шыққан сөзін анттай қабылдайды балғын сұлу. Әкесі – еврей, шешесі француз ұлтынан шыққан Матильдаға енді бір жылдан соң оқуын бітіре үйленуге келісімін алады. Бірақ ағасы Ебейсінмен Мәскеуге бірге келген Сағыныш досы осында оқып жатқан інісі Көбейсінді көріп, болайын деп тұрған жігітке қатты қызығады. «Барбарос жоспарын құрып», Ебейсін екеуінің шешімімен Алматыдан туған қарындасы, бойжетіп, енді институт бітіргелі отырған Ақкербезді Мәскеуге шақырып алып, екеуін таныс­тырып, табыстырады. Көбейсін мен Ақкербез оңаша отырған қонақүйдің бөлмесіне ашулы Маргарита кіріп келіп, «сен үшін ғана өмір сүремін» деген сөзіңе сеніп, әкемнің қарсылығына қарамай, саған тым беріліп кетіп едім. Мұнан ішімде үш айлық балам бар, енді онымен біржола атқұйрығын кесістім. Бала тек өзімдікі, оның оған таласы жоқ, қайтып мені іздемесін!» деп есікті қатты жауып, шығып кетеді. Араға жыл салып Көбейсін мен Ақ­кербез шаңырақ көтереді. 

Біздің идеологиямыз – өзі­мізді басқа елдерге сыйлату, тұтастығымызды сақтауға саяды емес пе? Интеллектуалдық өресі биік, концептуалды романында Қуаныш Жиенбай Франция тәрізді алпауыт елдің құлашын кеңге жазғызбаған, кеңестік құрсаудан босаған Қазақстанға ынтықтығын көркемдік метафизикамен келісті жеткізеді. Ол сюжетте Көбейсіннің бай мазмұнды, күрескер, тәлімді-ғибратты тағ­дыры суыртпақталады. Ай-күні жетіп Матильда дүниеге әкел­ген ұлдың нағашы атасы, дипломат еврей шал жиенінің есімін іштарлық жасамай, дархан пейілімен ол түркі қанынан жаралғанын ескеріп Аньес де Турани деп атап, оның тәрбиесіне, біліміне, еркін өсіп-жетілуіне бар күшін, дәулетін аямаған. «Ақырғы демім түгесілгенше не­ме­реме адал қызмет етемін. Менің жақсылығымды ол біле ме, білмей ме, онда шаруам жоқ» депті қаусап отырған текті, әулие қария. Және немере-жиенінің діліне сүйегі балқып, тектілігіне тәнті болады. «Өжет.Тұмсығы тасқа тигенше кері бұрылмайды. Қан тазалығында титімдей кінәрат жоқ» екеніне көзі жетіп, бұрынғысынан да елжіреп, жанын үзеді. Париждің іргесінен хан сарайындай үй сатып әперіп, оны да Аньестің атына жаздырады. Сапалы білім, сындарлы тәрбие алып өскен Аньес, жас күнінен космонавтикаға құмартты, бұл саладағы қол жет­кен ғылыми әдебиеттер мен баспасөз құралдарындағы мате­риалдарды түгел оқып, ға­рышты меңгерушілердің сапына қосылуды армандайды. Ғарышқа көтерілудің алтын бесігі Байқоңыр, оның орна­ласқан аймағы, сынақ иесі қазақ халқы жөнінде аңызға бергісіз мәліметтерге кенеледі. «... Байқоңыр құдайдың назары түскен киелі жер ғой... Аспанмен түсініскен, Құдайдың рахымы құлаған қасиетті өңір» деп көзі көрмеген жұмбақ да­лаға қаны тартып, өліп-өшіп емірене, қиял қанатына мініп, шарық­тай тіл қатады. Қаны – қазақ, тәлім-тәрбиесі европалық бекзат болмысты, ойы ғарышты кез­ген, ғылымның қайнарына бас қойған Аньесті «құм суырған» саха­раға ұмтылдырып қойған аса қуат­ты, тылсым күш-құдіретті қой­саңшы!.. 

Қуаныш Жиенбайша Төретам депосы, Байқоңыр космодромында бөтен елдің қожалық етіп, тек пайдасын көріп, қып-қызыл кіріс түсіріп, басқаларды үздіктіріп, тәуелді етіп отырған қасиетті мекен, жер кіндігін аздырып-тоздырып, қарапайым еңбек­ші жұртты тұрмыстың ауырт­палығымен кіріптар жасап, өркениеттің уызынан қаққан деспот тәртібіне тосқауыл қоятын шақ жетті. Оны жүзеге асыратын, жаңа реформаны бастайтын күш Қуаныштың Көбейсінінде. Кө­бейсіннің бойындағы бір адамға біте бермейтін әмбе­бап қасиеттер, ұлттық мұрат жо­лындағы бөгеттерді жою кү­ре­сіне бекем бел бууы, ұлт­тық құндылықтарымызды қас­­терлеп, құдай сыйлаған ар­­тық­­шы­лықтарымыздың өзі­міз қызығын көріп, жаттың әлім­жеттігіне, қорлауына ашық қарсы шығатын табандылық, сана еркіндігі, кемелділігі оны осы ойға алып келді. «Тарихи санасы қайта оралған халық ешқашан бодандықта болмайды. Құлдық қамытын кимейді». (М.Мырзахметов). Құлдықтың қамытын киюден, өзін ажалынан бұрын о дүниеге аттандырып, әлдебір құдіретті күш аман алып қалғаны – Көбей­сіннің қалған тірлігіне сабақ. Енді бодандықта болмай, Тәуел­сіздіктің туын берік ұстап, Қор­қыт бабаның биотегінен қуат алып, ұлылардың рухымен жат пиғылдыларды елімізден аластатып, дана да момын халықтың бай-қуатты болып, үнемдеп пайдаланса, талай ғасыр езуінен ақ май ағызатын байлыққа кенен қасиетті жеріңнің үстінде жұмақ өмір орнатуға жалғастыру қажет. 

Жауыздықтың ащы дәмін еселеп татса да жауына кек сақ­тамай, азаматтық тұлғасына кіршік жұқтырмайтын, істің көзін тауып, жұртты ортақ мүддеге жұмылдыруға жетік Көбей­сіннің таңы енді атпақ. Атқарып отырған қызметіне құлықсыз, қызметкерлеріне ақылымен, білі­мімен, іскерлігімен үлгі бола біліп, жұмысқа жұмылдырудың орнына өзінен артық жаратыл­ғандарды иығынан асырмаудың айла-тәсілдеріне көзсіз жүгінетін шовинист, бюрократ Евгений Ильич қылмысы басына таяқ болып тиіп, қырсыздығымен шатқаяқтаған космодром, Төре­тамның жағдайы жылы орынмен қоштастырары айдан анық. Абай: «Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың, адамдықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, Алланың сүйген құлы боласың» деуі –  «Жер үстінде де жұмақ бар» рома­нының логикалық түйіні. Қазақ жерінің үстіне жұмақты уақытша еңбек етіп, іш есебімен күнін көріп жүрген келімсектер емес, қандастарының қамы, туған жерінің көркейіп, абыройы асуы­на күн, түн демей терін төгіп, перзенттік, адамдық қарызы үшін еңбек қылатын, Алланың сүйген құлдары орнатпақ. Олар – Көбейсін, Алла қауыштырған ұлы – Аньес де Турани. 

Әділіне жүгінсек, жазушы қаны жерге тамбай тұрған өзек­ті тақырыпқа батыл барған. Әлем көз тіккен Байқоңыр космо­дромының қордаланған былығы мен шылығын, Төретамның сын көтермейтін көтерем күйін ара-тұра полемикалық сарында көпқырлы жанр памфлеттің де бұлшық етін орынды пайдаланып, көркем кестелеген қолтаңбасы айқын шебер. Тілі бай, рухы жоғары, ділі дархан, шығармадан шығармаға шеберлігін шыңдап келе жатқан талантты қаламгер. Ро­ман – ашық роман, жалғасы жа­зылуға тиіс. Жер үстіне әлі жұмақ орнатудың сәті тумай жатыр. Геосаяси жағ­дай, эко­номикалық қуат, техно­логиялық артықшылық ол аздық етеді. Рухани жаңғыру Тәуел­сіздік мұраттарымен үндесіп, ұлттық санамызды түлетіп, кү­рескерлік қабілетімізді ұлы ата-ба­баларымыздың елін, жерін қорғаудағы жанкешті, мәрт дәстүрлерімен байытып, кемел­денсек; бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, өз же­рімізде өз күшімізбен-ақ жер үстінде де жұмақ орнатуға қа­зақ тәрізді жаратылысы бөлек ұлттың мүмкіндігі барын Қуа­ныш Жиенбай романының жалға­сынан оқитын шығармыз. Аз жылда әлемді таңдандырған Аста­надай алыпты тұрғызуға қуа­ты жеткен қазақтың Байқо­ңыр мен Төретамды жұмаққа айналдыру қолынан келмейді дегенге кім сенеді ?!

Тұрсын СЫДЫҚОВ,
филология ғылымдарының докторы, профессор

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

10.12.2018

Қарағандылықтар «ҚазРобоСпорт» чемпионатының бас жүлдесін жеңіп алды

10.12.2018

Ежелгі металлургия іздерін Тарбағатай даласынан көруге болады

10.12.2018

Қытай 2000-нан астам қазаққа өз территориясынан шығуға рұқсат берді

10.12.2018

Д.Назарбаева Дүниежүзілік банкінің Орталық Азия жөніндегі Аймақтық директорын қабылдады

10.12.2018

Солтүстікқазақстандық екі кәсіпкер «Жомарт жүрек» байқауының жеңімпазы болды

10.12.2018

«Латын әліпбиіне көшу – тарихи таңдау» республикалық ғылыми-теориялық online конференция өтті

10.12.2018

Халықаралық Олимпиада комитеті Алла Важенина, Анна Нұрмұхамбетова және Ольга Рыпаковаға медальдары қайтарады

10.12.2018

Павлодарда «Лайықты еңбек – мемлекеттің тұрақтылық негізі» форумы өтті

10.12.2018

Атыраулық дзюдошылар Конфедерация Кубогінің иегері атанды

10.12.2018

Облыста озық шыққан аудандар марапатталды

10.12.2018

Александр Журавский Мұхаммед Рабииден жеңілді

10.12.2018

Дархан Қыдырәлі The Asahi Shimbun басылымына сұхбат берді 

10.12.2018

Қызылордада жер телімдері аукционға шығарылды

10.12.2018

Қызылорда облысының әкімі мүмкіндігі шектеулі жандар автокөлік сыйлады

10.12.2018

Қостанайда табиғат қорғау полицейлері киік атқан қаскөйді ұстады

10.12.2018

Сығанақ қалашығы туризмге қызмет етеді

10.12.2018

Қыздар университеті робот құрастыратын стартап жобалар жасайды

10.12.2018

«Қайраттың» екі футболшысы - әлемнің үздік ойыншысы номинациясына үміткер

10.12.2018

Дүниежүзілік банк Қазақстанның коммуналдық инфрақұрылымын дамытуға қатысады

10.12.2018

Алматыда жас дзюдошылардың турнирі өтті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Táýelsizdiktiń tańǵajaıyptary

О́tken joly jazǵan baǵanymyzda («EQ», 21.11.18) Táýelsizdiktiń arqasynda qazaq jastarynyń sporttyń elıtalyq túrlerinen álemdik dodalarda tek sońǵy jyldary ǵana top jaryp jatqan birneshe mysaldaryn keltirgen edik. Sonymen birge qazaq ánderimen, ulttyq áýenmen álemdi aýzyna qaratyp júrgen ánshilerimiz týraly da jazǵanbyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Jekemenshik teatrlar jaıy

Jalpy, kez kelgen halyqtyń mádenıeti men rýhanı damý deńgeıi teatr salasyndaǵy jetistikterimen ólshenetini tarıhtan málim. О́rkenıetti memleketterdegi bir ǵana qalanyń ózinde teatr sany 200-den asyp jyǵylatyndyǵy sonyń buljymas dáleli bolsa kerek-ti.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Aqparattar aýqymyndaǵy aqıqat

Taıaýda Almatyda ótken medıaquryltaıda Qazaqstandaǵy buqaralyq aqparat qural­darynyń qazirgi jaı-kúıi keńinen áńgime boldy. Mamandar tarapynan aıtylǵan pikirlerge qulaq qoıar bolsaq, sońǵy jyldary qazaqstandyq BAQ-tyń, ásire telearnalardyń reıtıngi aıtarlyqtaı túsip ketken. Máselen, 2013 jyldan bergi aralyqta bul kórsetkish 22 paıyzǵa tómendegen eken. Onyń sebebi nede?

Сайраш ӘБІШҚЫЗЫ, Қазақстанның білім беру ісінің құрметті қызметкері

Halyq sózinde birtutastyq, birlik bar

«Halyq» sóziniń mán-maǵynasy óte tereń ekeni barshaǵa málim. Másele – osyndaı saıası astary aıryqsha sózdi qalaı qoldanyp júrgenimizde. Merzimdi baspasóz betterindegi habarlardan,  teleradıo arnalardan, ózara áńgimeden «aýyl halqy», «qala halqy» degendi oqyp ta, estip te júrmiz. Máselen, telearnalardyń birinen «Arshaly aýdanynda 27 myń halyq bar» degendi estidim de, «halyq sózin durys qoldanaıyq» dep, ózimniń oı dápte­rime jazyp qoıdym. Sebebi orys tilinde «narod sela» nemese «narod derevnı», «na­rod raıona», «narod goroda» demeıdi, tipti jazbaı­dy. Bul tilde «naselenıe», «jıtelı», «gorojane», «selchane» deıtinin bilemiz. Biz qazaqsha «aýyl turǵyndary», «qalalyqtar» nemese «qala turǵyndary» desek, ekpini báseń bolyp, birdeńe joǵaltyp alatyndaı, «aýyl halqy», «qala halqy» dep qysqa qaıyramyz. Sonda deımin-aý, qazaǵymyzdy bólip, jiktep, birtutas halyq sanatyna qospaı turǵanymyzdy nege ańǵarmaımyz?!

Дидар Амантай,

Túsiniktiń kúıreýi

Sońǵy jyldary, sandyq tehnologıalyq ónimderdiń (iPhone, Red One, digital camera, information technology) alǵashqy nusqalary (computer, printer, scaner, copier), shyqqanyna tabany kúrekteı jarty ǵasyrǵa jýyq ýaqyt, jeteqabyl mezgil ótkende, ozyq qoǵamdarda, qala berdi, damýshy elderde, tipti, jalpy adamzattyq mádenı-rýhanı keńistikterde iri-iri qomaqty ózgerister júrdi. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу