Халықаралық «Ясауитану-2018» байқауы өз мәресіне жетті

Түркістан қаласында Елордамыз Астана қаласының 20 жылдығына жəне «Əзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мəдени қорық-музейінің 40 жылдық мерейтойына орай мектеп оқушылары арасында дəстүрлі XXII «Ясауитану-2018» Халықаралық байқауы өтті, деп хабарлайды «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің баспасөз қызметі.

Егемен Қазақстан
22.09.2018 15381
2

Жиырма екі жылдық тарихы бар «Ясауитану» байқауына биыл еліміздің Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Ақмола облысы, Алматы облысы, Ақтөбе облысы, Қарағанды облысы, Қостанай облысы, Қызылорда облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Түркістан облысы және Түркістан қаласы және Өзбекстан, Түркия, Қырғызстан Республикаларынан 41 оқушы қатысып бақ сынады.

"Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі ұйымдастырған білім және өнер сайысының мақсаты - Қожа Ахмет Ясауидің рухани мұрасы мен ілімін, «Әзірет Сұлтан» кесенесіне жерленген дара тұлғалардың елі үшін атқарған еңбектерін, сондай-ақ, Түркістан қаласының тарихын, Әмір Темір дәуірінен қалған құнды ортағасырлық жәдігерлерді және музей ісін насихаттау.

Сайысқа қатысушылардың білімін «Əзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мəдени қорық-музейінің директоры орынбасры Серік Үркімбаев, «Əзірет Сұлтан» қорық-музейінің бас редакторы Əбдікерім Манапов, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ- түрік университетінің профессоры теолог, философия ғылымдарының докторы Досай Кенжетай, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ- түрік университетінің профессоры, дінтанушы Зікірия Жандарбек, «Əзірет Сұлтан» қорық-музейінің бас қор сақтаушысы Нұржамал Əшірбекова сарапқа салды.

Бірінші кезеңде хикметтерді еш мүдірмей жатқа айтудан сынға түскен үміткерлер дарындылықтың ерен үлгісін көрсетті. Екінші кезеңде Қазақ хандығының тарихына, Қожа Ахмет Ясауи бабамызға, «Әзірет Сұлтан» музейіне қарасты тарихи ескерткіштер мен жәдігерлерге қатысты сұрақтарға жауап берді.

Байқауымызға қатысқан Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан елдерінен келген оқушыларға және Қазақстанның түкпір түкпірінен келген сайыскерлер мен шәкірт тәрбиелеген ұстаздарға қорық-музей әкімшілігі тарапынан алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Қазақ халқының рухани тұтастығын қалыптастырған, Түркі халықтарының рухани ұстазы Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың хикметтері мен ілімін насихаттап, өскелең ұрпақты ұлы баба мұрасын терең меңгеріп, зерттеуге ынталандырып, жас өркеннің интеллектуалдық пайым-парасатын арттыратын бұл байқау әлі де өзінің жалғасын табады.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

18.12.2018

Алматыда «Сиқырлы әуендер» киноконцерті өтті

18.12.2018

Ақтөбе облысында алпыс отбасы қоныс тойын тойлады

18.12.2018

Қарағандының 2018 жылғы аруы белгілі болды

18.12.2018

Қарағанды облысында спорт кешені пайдалануға берілді

18.12.2018

«Астана» велоклубының жаңа маусымдағы құрамы анықталды

18.12.2018

«Айка» фильмі «Оскар» жүлдесіне үмітті картиналар тізіміне енді

18.12.2018

Отырарда «Оқсыз» спорт кешені ашылды

18.12.2018

Үндістанда ауруханадағы өрттен 6 адам қаза тапты

18.12.2018

Бүгін Қазақстан аумағында ауа райы құбылмалы болады

17.12.2018

Алтын домбыра иесі анықталды

17.12.2018

Батыс Қазақстан облысында Тәуелсіздік құрбандарына ас берілді

17.12.2018

Чемпиондар Лигасының 1/8-ші финалының жеребе тарту рәсімі өтті

17.12.2018

Жамбыл өңірінде 28 нысан ашылды

17.12.2018

Атыраулықтар «Елбасы жолы» фильмін тамашалады

17.12.2018

Тәуелсіздік күні БҚО-да 37 бала дүниеге келді

17.12.2018

Гиннестің рекордтар кітабына енген Notre Dame de Paris мюзиклі қазақ тілінде қойылады 

17.12.2018

Татарстандағы қазақ студенттері Тәуелсіздік күнін атап өтті

17.12.2018

Солтүстік Қазақстанда допты хоккейден ел кубогы біріншілігі өтуде

17.12.2018

«Ырыс» Түркістан облысында 16 мыңнан астам жаңа жұмыс орнының ашылуына ықпал етті

17.12.2018

Солтүстік Қазақстанда 80-ге жуық  полицей марапатталды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Baılyq jasaýshy sala

Árbir adam óz úıiniń ishinde qandaı zattar bar ekendigin jáne onyń qaı jerde turǵandyǵyn, qaı shkaftyń ishinde qandaı zattyń jatqandyǵyn, jertólesinde qandaı azyq túrleriniń saqtalyp turǵandyǵyn jaqsy biledi. Sondyqtan eshnársesin shashaý qaldyrmaıdy. Qajetine qaraı paıdalanyp otyrady. Al ózimizdiń ortaq úıimiz – Qazaqstanda qandaı zattar bar ekendigin, ásirese, jerimizdiń astynda qandaı mıneraldyq shıkizat kózderiniń shoǵyrlanǵanyn jáne olardyń qory qandaı ekendigin bilemiz be?

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Nápaqa qaıdan tabylar?

  «Qul bazar» tek qazaqqa arnalǵan sıaqty, 100 paıyz qazaq, qazaqtan basqa ult joq qul bazarda jaldanyp turǵan», dep kújingen jazba oqydym áleýmettik jeliden. Nege? Onyń sebebiniń biri – qazaqtyń kásip ıgerýge kerenaýlyǵynda tárizdi.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Qazaqtyń jylqytaný ilimi

Memleket basshysy Nursultan Nazarbaevtyń «Uly da­­lanyń jeti qyry» atty maqalasynda, «Atqa miný mádenıeti men jylqy sharýashylyǵy jer júzine Uly daladan taraǵan» degen toqtamdy pikir aıtylypty. Rasynda da, Elbasy atap ótkendeı jylqy mádenıeti men atty miniske úıretýdiń dara tehnologıasy uly dalada qalyptasqany anyq. Iаǵnı, jylqy mádenıetiniń san ǵasyrlyq qalyptasý, damý kezeńderi bıologıalyq jolmen júrgizilgen. Qazirgi tilmen aıtsaq, jylqytaný kóshpeli qoǵamnyń álmısaqtan qanyna sińgen tól óneri hám genetıkalyq jadysynyń keremet týyndysy.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Táýelsizdiktiń tańǵajaıyptary

О́tken joly jazǵan baǵanymyzda («EQ», 21.11.18) Táýelsizdiktiń arqasynda qazaq jastarynyń sporttyń elıtalyq túrlerinen álemdik dodalarda tek sońǵy jyldary ǵana top jaryp jatqan birneshe mysaldaryn keltirgen edik. Sonymen birge qazaq ánderimen, ulttyq áýenmen álemdi aýzyna qaratyp júrgen ánshilerimiz týraly da jazǵanbyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Jekemenshik teatrlar jaıy

Jalpy, kez kelgen halyqtyń mádenıeti men rýhanı damý deńgeıi teatr salasyndaǵy jetistikterimen ólshenetini tarıhtan málim. О́rkenıetti memleketterdegi bir ǵana qalanyń ózinde teatr sany 200-den asyp jyǵylatyndyǵy sonyń buljymas dáleli bolsa kerek-ti.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу