Жеңіл атлетика • 23 Қыркүйек, 2018

Ақтауда триатлоннан Қазақстан Кубогының финалы басталды

488 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ақтауда триатлоннан «TEMIRADAМ» Қазақстан Кубогының финалы басталды. Кеше кәсіби спортшылардан мықтылар анықталып, Қазақстан құрамасына үздіктер іріктелді.

Ақтауда триатлоннан Қазақстан Кубогының финалы басталды

Ақтау қаласының 55 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылып отырған жарыста алғашқы күні 20 кәсіби триатлоншы қатысты. Сайысқа Астана, Алматы, Шымкент пен Қостанай қалаларынан келген кәсіби спортшылар бәсекеге түсті.

- Біз Алматы қаласынан келдік. Құрамамызбен жаз бойы дайындалдық. Былтырғы Қазақстан кубогында әйелдер арасындағы триатлонннан алғашқы үш орынды алды. Жігіттеріміз де осал емес. Үнемі үздіктерден көрініп жүреді. Әзірше балалар тобы келмеді. Ақтауда өткен жарыста Алматы үздік болатына сенемін. Қазір халық бұл спорт түріне қызығып келеді, - дейді Алматы құрамасының бас жаттықтырушысы Максим Мазур.

Спортшылар 1500 метр Каспийде жүзіп, 40 шақырымды велосипедпен жүріп өтті. Одан соң 10 шақырым жүгірді. Жарыс қортындысы бойынша жасөспірімдер арасындағы бірінші топта 2001 жылы туған Данил Зубцов (Шымкент) мәреге бірінші келді. Ал, 2-ші орынды Ерасыл Аманжолов (Шымкент) иеленді. Ерасылдың айтуынша, Ақтаудың ауа-райы триатлон спортын дамытуға өте қолайлы. «Су өте терең емес болды. Басында тізеге дейін жүгіріп өттік. Велосипед тепкенде де жел қатты болмады. Мен өзім триатлоннан ұлттық құрама мүшесімін», - дейді жеңімпаз.

Ал, элита деп аталатын ересектер арасында 1-ші орынды мәреге 2 сағатта келген  Сабыржан Қосақ (Шымкент) иеленді. 12 жыл спорт саласында жүрген ол осыған дейін жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпоионы атанған. 3 жыл бұрын триатлонға ауысыпты. «Қазақстандағы соңғы жарысым осы Қазақстан кубогы. Үздік атанғаныма қуаныштымын. Өте қиын болды. Бірақ, нәтижесі жаман емес. Биылға 2-ші мәрте мәреге бірінші болып келдім. Жаттықтырушыларыма рахмет айтамын. Бұйырса Гонконгқа жарысқа кетемін. Дайындық жаман емес. Енді Қазақстанның атынан қатысамыз. Ақтаудың 55 жылдығы құтты болсын!», - дейді Сабыржан. Ал, екінші орында Дарын Қонысбаев (Алматы).

Ертеңгі сайыс күні Астана, Алматы, Қырғыз Республикасы, сонымен қатар Ақтөбе, Маңғыстау, Ақмола, Қарағанды, Қостанай және Павлодар облыстарының спортшылары бақ сынайды. Сондай-ақ,и «TEMIR ARU» , «TEMIR BALA» сайыстар ұйымдастырылмақ. Арулар 3 км қашықтыққа жүгірсе, балалар 400 м-ден 1500 м-ге дейінгі қашықтықтарда жүгіреді.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше