Медицина • 23 Қыркүйек, 2018

Астаналықтар заң мәселесі бойынша тегін кеңес алды

491 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жастар сарайында қала тұрғындары үшін заң тұрғысынан тегін кеңестер берілді. Бұл республикалық акция Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен «MEDIATOR KZ» компаниясы өткізді, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

Астаналықтар заң мәселесі бойынша тегін кеңес алды

Іс-шараның басты мақсаты - халықты құқықтық тұрғыда ағарту. «Осындай шаралар халыққа өте керек. Бастысы адам өз құқығын білуі тиіс. Заңды білмеген соң адамдар көп қателік жасайды, өз құқығын да қорғай алмайды, сол себепті осындай шаралар өте қажет. Адам қандай да бір істі немесе тағы басқа дүниені жүзеге асырмас бұрын мамандармен кеңесуі керек. Мысалы, заңдылық жағынан болса, міндетті түрде заңгермен», - деді республикалық акцияны ұйымдастырушы, «MEDIATOR KZ» компаниясының заңгері Қазбек Нұрмағанбетов. Тиісті мамандар үлестік құрылыс, жер мәселесі, отбасылық заңнама және азаматтық құқықтың басқа да салалары бойынша әр келушіні жеке-жеке қабылдап кеңес берді. Іс-шараға «MEDIATOR KZ», «Bestavdocat» компанияларының сондай-ақ, Көкшетау, Теміртау және Есіл ауданынан арнайы шақырылған заңгерлер қатысты.

- Мұндай тәжірибелер жиі өткізіледі. Әкімдік әрқашан бізді қолдап отырады. Бұл жерде мақсат пайда табу емес, тұрғындарға өз құқықтарын білу бойынша кеңес беру, елді заң жағынан сауатты ету. Көбінесе адамдар өз құқықтарын білмей жатады, сол себепті де өздерін қорғай алмайды», - деп атап өтті «MEDIATOR KZ» компаниясының заңгері Мақпал Оразғалиева. Заңгерлердің айтуынша, адамдар көбінесе тұрғын үй және отбасылық істер бойынша кеңес алады. Экономикалық жағдай бойынша өтініштер көбінесе борыштық және еңбек мәселелеріне тиесілі. Сондай-ақ, мұраны қалдыру немесе мұраны алу бойынша кеңес алуға келеді екен.

- Бүгінгі қабылдауға өте разымын, жылы қарсы алды, менің бар сұрағыма жауап берді. Мен өзімше, қай сұрақты қалай шешетінімді іштей шешіп алдым. Ақыл-кеңес заң тұрғысынан болған сияқты еді, бірақ былай қарап тұрсам психологиялық тұрғыда да болыпты. Сіз білесіз ғой, әр кәсіби маман бір жағынан - психолог. Мен бұл акцияны құптаймын, жиі болып тұрса да артық етпейді», - деп өз ойымен бөлісті шараға келуші.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше