Білім • 23 Қыркүйек, 2018

Екібастұзда алғашқы STEM-зертханасы ашылды

569 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

 

Екібастұз қаласындағы көп профильді бағыттағы №24 мектеп-гимназиясында жаңа STEM- зертханасы ашылды.

Екібастұзда алғашқы STEM-зертханасы ашылды

Бұл кеншілер шаһарындағы мұндай алғашқы кабинет. Білім ордасының директоры Құралай Рахметжанова STEM- зертханасында оқу төрт бағытта жүргізілетінін айтып өтті. Олар: инженерия, бағдарламалау, робототехника, 3D-модельдеу бағыттары.

- Оқушылар заманауи технологияларды меңгеріп, робот, машина жасау және ғылыми-зерттеу жобаларымен жұмыс жасауға мүмкіндік алды. «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында есігін айқара ашқан кабинеттің ашылуына «Еуроазияттық энергетикалық коопорациясы» АҚ демеушілік жасады, - деді Құралай Рахметжанова.

Айта кетейік, көп профильді №24 мектеп-гимназиясының іргетасы 1993 жылы қаланған. Қазіргі таңда мектепте 702 оқушы білім алады. Дарынды оқушылар роботехника конкурстарында жүлделі орындарға ие болып та үлгерген. Мәселен, өткен жылы аталмыш мектептің оқушылары қалалық фестивальде жеңіске жетіп, Қарағанды қаласында өткен республикалық жарыста бақтарын сынаған.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше