23 Қыркүйек, 2018

Қостанайда екі полицей жол бойында әйелді ажалдан аман алып қалды

365 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

 

Қостанай облыстық ішкі істер департаментінің аға сержанттары Сәрсенбай Нұрмағамбетов пен Ыбырай Рақымғалиев  жол бойында әйелді ажалдан аман алып қалды.

Қостанайда екі полицей жол бойында әйелді ажалдан аман алып қалды

Қостанай облыстық ішкі істер департаментінің құрамында аға сержанттар Сәрсенбай Нұрмағамбетов пен Ыбырай Рақымғалиев бар  жол-патрульдік батальонының автопатрулі түнгі сағат 22.00-де Алтынсарин ауданының Зуевка поселкесінің тұсында жол жиегінде тоқтап тұрған машинаны байқады. Тәртіп сақшылары көліктің мезгілсіз тоқтауының себебін білу үшін дереу жетті. Көлік жүргізушісі Денис Тарасов салонда ауыр халде 53 жастағы анасының отырғанын хабарлады. Әйелді жедел ауруханаға салу керек болатын.

Полицейлер Тарасовтың машинасын жол ережесіне сыйымды тәсілдермен түрлі-түсті шамдарын жағып, кедергісіз жүру белгі бере отырып, шұғыл облыстық ауруханаға жеткізді. Егер полицейлер шұғыл шара қолданбағанда әйелдің жағдайы тым қиындайтын еді, оған ауруханада жедел жәрдем көрсетіліп, ем ала бастады.

«Полицейлерге де, дәрігерлерге де айтар алғысым шексіз. Полицейлер анамды дер уақытында ауруханаға жеткізуге көмектесті.Талма ауруында әр минут қымбат екенін анама да, маған да белгілі еді» дейді Денис.

Сәрсенбай Нұрмағамбетов пен Ыбырай Рақымғалиев жол бойында адамдарға мұндай көмекті күн сайын көрсетеді. Қыс айларында қарға омбығып қалған машиналарды шығарып жібереді, жарықтарын жөндейді, жүргізушілер мен жолаушыларды жылытып, үсіп кетуден сақтайды. Ал жаз айларында сынып, түн ішінде тұрып қалған көліктер жиі кездеседі.

Нәзира ЖӘРІМБЕТ,

«Егемен Қазақстан»

Қостанай

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше