Таным • 23 Қыркүйек, 2018

Әдет қалыптастыру оңай ма?

1999 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
Әдет қалыптастыру оңай ма?

Ғаламторда адамның жаңа әдетті 21 күнде қалыптастыратыны туралы көп мақала бар, алайда жаңа әдетті қалыптастыру соншалықты оңай емес екені күнделікті «ертеңнен бастаймын» секілді шегіндірулерімізден белгілі.  Дегенмен, кей кезде әдет оңай қалытаса береді. Неліктен кейбірі өзінен-өзі қалыптасса, кейбірі бірнеше айлар бойы қайталау мен еңбекті қажет етеді? Американың жалпы білім беру саласындағы ақпараттық орталықтарының үздігі ThoughtCo жаңа әдетті қалай тез әрі оңай қалыптастыруға болатынын ұсынады.  

Жаңа әдеттің қаншалықты ұзақ қалыптасатыны ескі әдеттің қаншалықты мықты болуына байланысты.  Дұрыс тамақтануға көшу он жыл бойы күн сайын балмұздақ жеген адамға қарағандағ балмұздақты аптасына бір рет жейтін адамға оңайырақ. Аптасына екі рет жаттығу залына бару аптасына бір рет барып жүрген адам үшін түк емес.

Арнайы мерізім белілеп, онымен арпалысқанша, әдетті күн сайын белгіенген бір уақытта қайталап тұруды ұсынады кейбірі. Келесі стратегияларды қолдану арқылы әдетті тез әрі сауатты қалыптастыруға болады.

1. Мақсатыңыз анық болсын

Егер сіз қандай да бір әдет қалыптастырғыңыз келсе, оның себебі мен мақсаты да болуы керек. Алайда, үнемі жинақы жүру, тапсырманы уақытылы орындау сияқты мақсаттар сізді алға жетелеп, мотивация беруі мүмкін, бірақ жаңа әдет қалыптастыра қоймауы да мүмкін.

Неге дейсіз ғой. Жинақы болуға тырысып жүргеніңізді елестетейік. Бұл үшін сіз түсініксіз, бұлыңғыр өз нәтижеңіз нақты көрінбейтін мақсат қойдыңыз. Оған жету үшін жатын бөлмедегі сөреңізді керемет қылып жинап та қойдыңыз, алайда ас үйдің астан-кетсен болып жатқаны есіңізге түсіп, ол мақсаттың орындалмасын ойлайсыз.

Әдет – қайта қайталанып тұратын әрекеттер. Бір үлкен әдет қалыптастырмас бұрын, кішкентай мақсат айқындалуы тиіс. «Жинақы боламынның» орнына, «әр сенбі сайын ас үйді жинаймын» сияқты нақты мақсат қойыңыз. Екінші мақсатыңыздың орындалатынына оның нақты болуы себеп. Бұл апта сайын қайталана беретін, қайталанып отырып ақырында әдетке айналатын әрекет.

2. Оңай жолын іздеңіз

Дұрыс тамақтануды қалайсыз делік. Өзгергіңіз келеді, дұрыс тамақтануға да мотивацияңыз бар, бірақ неліктен ол әдетіңізге айналмай жүр?

Сізді тоқтатып жүрген логикалық, психологиялық тосқауылдар туралы ойлайық. Мүмкін сіз жұмыстан шаршап келіп, тамақ дайындауға күшіңіз жетпейді де зиянды тамақтарға тапсырыс бере саласыз. Онымен күресудің орнына, оны жеңілдетудің амалдарын қарастыру керек. Мысалы, демалыс күндері келесі аптаға тамақ әзірлеп қойыңыз. Немесе жақын орналасқан дұрыс тамақтану орталықтарын іздеп көріңіз. Нақты айтқанда, мәселемен күресіп емес, шешім тауып көріңіз.

Бұл әдіс психологияда рефрейминг, яғни өзіңізге көңіліңіз толмай, онымен күресу орнына басқа ұтымды шешімдер қарастыру.

3. Дос табыңыз

Өзіміздің сәтсіздіктерімізге оңай қарасақ та, жақынымыздың сәтсіздігі көңілімізді түсірері анық. Бұл тәсілді де ұтымды пайдалануға болады. Достарыңыздың көмегін пайдалана біліңіз. Тіпті кей кезде жақындарыңыздың басқаларға сіздің жаңа нәрсе үйреніп жатқаныңызды айтудың өзі үлкен мотивация бере алады. Айналаныңыздағылар жаңа бастамаңызды есіңізге салып жүрсін, әр жетістігіңізді қолдап, дем беріп тұрғаны абзал. Ал досыңыз жаңа әдетті сізбен бірге үйренемін десе, екеулеп бұл істі сәтті аяқтауға мол мүмкіндік бар. Өйткені, жаттығу залында күтіп отырған досыңыздың алдындағы борыш, мотивация туралы оқыған жүз кітабыңыздан да әсерлірек.

4. Сыртқы және ішкі мотиватацияны қолданыңыз

Хаттар, тізім жасау, телефонға арнайы бағдарламалар орнату мен еске саларлар құру сияқты сыртқы көмекші факторларды қолданыңыз. Жаңа әдет қалыптастыру – ескі әдетті жоғалтуға алып келетінін ұмытпаңыз. Дегенмен, қосымша көмекшілерден бұрын, әр іс-әрекетіңіз туралы өзіңіз де есеп беріп, ойланып тұрыңыз.

Ішкі факторлар өте маңызды. Көңілсіз ойлар мен бұл ойыңыздың іске аспайтыны туралы ойлай қалғанда, жақсы нәрсе ойлап, нәтижесеінде қандай пайдалы қасиетке ие боларыңызды елестетіңіз. «Спорт залына барғанды жек көремін» деудің орнына, спорт залынан шаршап шыққан соң жақсылап демалатыныңызды ойлаңыз.

5. Өзіңізге уақыт беріңіз

Есіңізде болсын, әдет қалыптастыру кезінде де қателіктер болады. Бір күн жоспарыңыздан тыс өтсе, ода тұрған ештеңе жоқ. Бір күндік қателік сіздің бұған дейінгі жұмысыңызды еш етпейді. Әдет қалыптастыру уақыт алғанымен, стратегиялы, нақты, ақылмен қалыптасқан әдет өміріңіздің соңына дейін қалары сөзсіз.

Авторы Оливия Валдес

Дайындаған Светлана Кужакулова

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше