Қоғам • 23 Қыркүйек, 2018

Түркістанда халықаралық деңгейдегі инвестициялық және туристік форум өтеді

414 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Белгілі инвесторлар Халықаралық инвестициялық және туристік форумның ашық талқылауындағы өз мүмкіндіктерін бағалау мақсатында Түркістан қаласында 28 қыркүйегінде бас қосады. Түркістан облысындағы халықаралық деңгейдегі алғашқы форум «Көне Түркістан – Жаңа мүмкіндіктер» ұранымен өтеді. 

Түркістанда халықаралық деңгейдегі инвестициялық және туристік форум өтеді

Биылғы жылдың 19 маусымында Мемлекет басшысының Жарлыққа сәйкес, Түркістан қаласы облыс орталығына айналды. Аталған өзгерістер аймақтың қарқынды дамуына түрткі болатыны сөзсіз. «Бұл отандық бизнестегі ерекше оқиға. Форум аясында инвестициялық блок бойынша 250 шетелдік қонақ: жеке инвесторлар, халықаралық трансұлттық компаниялардың өкілдері, инвестициялық қорлардың,  қаржы институттары мен банктердің басшылары келеді деп күтілуде», – дейді Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ербол Тасжүреков.

Сарапшылардың айтуынша, инвестициялардың қомақты бөлігі туризм саласына бағытталады. 2017 жылдың қорытындысы бойынша, Түркістан қаласына келген туристер саны 1,2 млн адамды құраған (57,2%-ке өскен). Ал 2018 жылдың бірінші жарты жылдығында қалаға келушілер саны 700 мыңнан асты,  бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 60%-ке көп.

Форум Түркістан облысының әкімі Қ.Ж.Түймебаевтың қолдауымен  өтеді. Тап осы шара аясында ең басты ақпараттың, яғни Түркістан облысының қалай дамитыны және облыстың алдында қандай экономикалық түйінді мәселелер тұрғандығы мәлім болады. 

 

«Егемен-ақпарат»