Кино • 23 Қыркүйек, 2018

Фильмдер қашан түрлі-түске бояла бастады?

686 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Көбіміз қалыптасқан стреотип бойынша көне фильмдер ақ-қара түсті,  жаңа фильмдер түрлі-түсті болады деп ойлаймыз. Алайда, өнер мен технологияның дамуында фильмдердің ақ-қара түстен алуан түске ауысқан  нақты кезеңі жоқ. Киносүйерлер кейбір режиссерлердің фильмдері көрермендерге әлі де ақ-қара түсте жол тартып жүргендерін білетін шығар.

Фильмдер қашан түрлі-түске бояла бастады?

Metro-Goldwyn-Mayer

Алғашқы түсті фильмдер

1939 жылы жарық көрген «Оз елінің сыйқыршысы» («The Wizard of Oz») фильмі көптің жадында кино тарихындағы алғашқы түрлі-түсті фильм деп жатталған. Алайда, бірнеше түсті сахналардан тұратын бұл фильмнен 35 жыл бұрын да түрлі-түсті фильмдер түсіріліпті.

Түрлі-түсті фильм құрылғылары кинокарта пайда болғаннан бірнеше жыл кейін шыға бастайды. Дегенмен, сан түрлі түске бай кино түсіру қымбат болған.

Тіпті бұрынғы тілсіз фильмдер дәуірінде-ақ түрлі түстер қолданылып тұрған. Кино индустриясында ең көп қолданылған тәсіл – түнгі сценаларды күлгін түске бояу арқылы басқа сахналардан ерекшелендіру. Әлбетте, бұл толық картинада сирек кездесетін сахналардан ғана байқалып тұрған.

Ал «Иса пайғамбардың өмірі» (Life and Passion of the Christ, 1903),  «Айға саяхат» (A Trip to the Moon, 1902) сияқты фильмдерде қолмен бояу техникасы қолданылған. Яғни, кино өндірушілер әр картинаны қолымен бояп отырған. Бұл өте қымбат, уақыт алатын, шаршататын жұмыс. Дегенмен, уақыт өте келе бұл процесті жетілдіріп, жақсы амалын тапқанымен, техниканың қымбат болуы көп жағдайда фильмге түрлі түс беруден бас тарттыруға алып келіп отырған.

Кино индустриясындағы серпіліс

Фильм индустриясындағы ең үлкен алға жылжу – Kinemacolor. Британиялық Джордж Альберт Смиттің 1906 жылы ойлап тапқан құрылғысы фильмдерді жасыл және қызыл түсті фильтрлер қолдану арқылы түсті етуге мүмкіндік берген. Бұл жандануға жасалған қадам болғанымен, екі түс картинанын толық сәнін бере алмай, басқа маңызды заттарды назардан таса етіп тұратын болған. Жаңа технология өз Отанында танымал болғанымен, көп театрлар қаражат тапшылығынан ол технологияны пайдалану мүмкіндігінен айырылған. Бұдан кейін дәл осы екі түсті технологияны Америкалықтар да қолдана бастайды. Олардың құрылғысы Technicolor деп аталған. Картинаны қанық түске бояп беретін бұл құрылғы да арзан дүниелер қатарынан болмаған.

Үш түсті Technicolor

1920 жылдар фильм индустриясында көптеген тәжірибелерге толы болды. Көрерменге түрлі-түсті фильм ұсыну үшін алуан тәсілдер сыналып, ақырында 1932 жылы үш түсті технологияны ойлап табады. Уолт Дисней ұсынған «Ағаштар мен гүлдер» қысқаметражды фильмі кино тарихындағы ең керемет, қанық, жарқын туынды болып танылды. Бірақ  бұл технология да арзандар қатарынан болмады. Онымен қоса, бұл технологиямен фильм түсіру үлкен камераларды қажет етті. Көп ұзамай 1950 жылы Technicolor компаниясы Eastman Kodak-пен қосылып, фильм түсірудің арзан жолын тапты.

Түрлі-түс стандарқа айналады

Eastman Kodak-тың туындылары жаңадан шыққан CinemaScope үлкен экран форматына сай болып, оған дейінгі Technicolor-дан асып түсті. Тіпті 1960 жылдардың соңында Голливуд экрандары түрлі түске боялып, ақ-қара түсті фильмдер аз қаржы алып келетін бола бастайды. Осыдан кейін, түрлі-түсті фильмдер кең етек жайып, ақ-қара түсті Боливуд фильмдеріне қалдырған.

Көпшілік үшін ақ-қара түсті фильмдер Голивудтың алғашқы классикалық туындыларын еске түсіріп, солармен байланыстыруды тоқтатар емес. Қазір кинотеатрларда күннен күнге дамитын экран мен түсті беру технологияларына таңырқаушылар үшін ақ-қара түсті фильмдер кинемотографияның алғашқы жемістерімен байланысын үзер емес.

Автор: Кристофер Маккитрик

Дайындаған Светлана Кужакулова

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше