Аналарға құрмет

Ақтөбедегі Өнер орталығында «Анаға тағзым» аналар слеті өтті. Шараның ашылуында облыс әкімі Бердібек Сапар­баев қатысушыларға алдымен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жолдаған құттықтау хатын оқып берді. 

Егемен Қазақстан
24.09.2018 1865
2

«Баршаңызды «Анаға тағзым» слеті­нің ашылуымен құттық­таймын!«Рухани жаңғыру» бағдар­ламасының аясында алғаш рет өткізіліп жатқан Аналар слеті – еліміздегі отба­сылық ахуалды жақсартуға бағыт­талған аса маңызды шара. Ана – әрбір шаңырақтың, сондай-ақ тұтас Отаны­мыздың тірегі. Ал қазақ­стан­дық ана­лардың әлеуметтік жағдайы жақ­сы болып, ұрпағының болашағына а­лаң­дамай, бақытты ғұмыр кешуі – мен үшін ең басты мақсаттардың бірі. Сол себепті «Қазақстан-2050» стратегиясында «Ана мен баланы қорғау – мемлекеттің әлеуметтік саясатының аса маңызды бөлігі» деп жарияладым.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап Қазақстанда отбасын нығайту ісі дәйекті түрде жүргізіліп келеді. Еліміздегі Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық сая­сат жөніндегі ұлттық комиссияның жұмысы әрдайым менің жіті назарымда», делінген Елбасы құттықтауында. Соңында Мемлекет басшысы әрбір ана еліміздің әлемдік өркениет көшінің басында жүруіне өз үлесін қосады деп сенетінін жеткізіп, әр шаңыраққа бақыт пен береке тілейді.

Қонақтарға алдымен «Бар­лығы Аналар үшін!» арнайы көрмесі ұсынылды. Көрмеге елімізге белгілі, өз саласында үлкен табыстарға жеткен, әрі бала өсіріп, ұрпақ тәрбиелеген аналар портреттері; «Анаға марапат» атты балалар шығармашылығы байқауы жеңімпаздарының туындылары қойылды. Сондай-ақ қаз-қатар тізілген қыздар қазақ қыз-келін­шек­терінің әр жасқа тән ұлттық киімдерін көрсетті.

Аталған слетке КСРО халық әртісі Бибігүл Төлегенова, мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқа Төрағасының мінде­тін атқарған (1988-1989 жж.) Ве­ра Сидорова, этнограф, жазушы Бауыр­жан Момышұлы әуле­тінің келіні Зей­неп Ахме­това бастаған, әр салада үлкен та­быстарға жеткен белгілі әйел­дер, еңбек ардагерлері, әр өңір­ден, облыс­тың барлық аудан­дарынан келген деле­гация­лар, көп балалы аналар мен Ақ­­тө­бедегі кәсіпорындар мен мекемелерде жұмыс істеп жүрген үздік еңбеккер қыз-келіншектер қатысты.

Облыс әкімі өз сөзінде «Ру­хани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруда отбасы тәрбие­сінің, аналардың рөлі зор екенін атап өтті.

– Баршаңызға белгілі, «Бо­лашаққа бағдар: рухани жаңғы­ру» атты мақаласында Елбасы ұлттық бірегейлікті, ұлттық рухымызды мәңгі сақтау және ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту мәселелеріне баса назар аударды. Біздің ата-бабаларымыз от­басы құндылықтарына, ата-анаға деген құрметке, бала тәр­бие­сіне зор мән берген. «Мек­ке­ге үш рет арқалап апа­рсаң да, ананың алдындағы пары­зың­ды өтей алмайсың», деген сөз­де үлкен мағына жатыр. Ана ал­ды­мен өз баласын, сол арқы­лы бүк­іл қо­ғамды ізгілікке, адам­гершілікке жетелейді. Қоғам­дағы барша жақсылықтың бастауында ананың мейірімі тұрады. Сондықтан да бүгін Аққағаз, Әлия туған қасиетті Ақтөбе топырағында, ананың қоғамдағы мәртебесі мен рөлін арттыру, отбасындағы тәрбие мә­селелері төңірегінде ақылдасу мақ­сатында өздеріңізбен бас қос­тық, – деді Бердібек Сапарбаев.

Облыс басшысы биыл Ақ­төбе өңірінде балалар жылы жа­рияланғанын және «Бақытты бала» жобасының мақсаты жөнінде де баяндады. 

– Түрлі теріс ағымдар жас­тарымызды біз ойлағаннан мүлде басқа бағытқа әкеткілері келеді. Бұл қауіптен шығар жол біреу – ұлттық тәрбиені барынша жандандыру. Бүгінгі жас аналар, қыздарымыз ұлттық құндылықтарға бас иіп өткен бұрынғы аналардың жолын жалғаулары керек. Баршаңызды осы мақсатта оларға үлгі көр­сету­ге шақырамын, – деді Б.Сапарбаев.

Ал КСРО халық әртісі, қазақ­тың әлемге әйгілі әншісі Бибігүл Төлегенова бұл бастаманы қызу қолдайтынын жеткізді.

– Бұл бастама басқа өңірлерде де жалғасын тапса деймін, – деді Бибігүл Төлегенова.

Ал Кеңес заманында Қос­танай облысында екі ауданды басқарып, кейін Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасы Төрағасының міндетін атқарған, сонымен қатар жар, ана атанып, ұл-қыз өсірген Вера Сидорова өз сөзінде Мария Хакімжанова, Кәмшат Дөнентаева сынды қазақтың аяулы қыздарымен достығын, бірге өткізген сәттерін сағынышпен еске алып, әрдайым жастарға солардың үлгі-өнегесін жеткізуге тырысатынын айтты.

«Жыр аққуы» атанған қа­зақ­тың көрнекті ақын қыздарының бірі, бүгінде 82 жастағы Марфуға Айтқожина да өзінің «Ана бол­саң, ана жанын ұғарсың», «Әлия» өлеңдерін оқып, көпшілік қо­шеметіне бөленді.

Бауыржан Момышұлының келіні, жазушы Зейнеп Ахметова: 

– Әр әйелдің үш бақыты бар: біріншісі – ата-ана бауырындағы қыз кезі, қызғалдақ дәурені. Екіншісі – жар сүю, үшіншісі – дүниеге перзент әкеліп, ана атану. Осы үш бақыт әйелдің өмірін мәнді етеді. Әр әйелге осы үш бақытты тілеймін, – деді.

Еліміздің Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Сәуле Айтпаева ана мен бала бақытының ажырамас ұғым екенін айтып, Ақтөбе өңірінде биылғы жылдың балалар жылы болып жариялануына және «Бақытты бала» жобасы аясында атқарылып жатқан істер үшін облыс басшылығына алғысын жеткізді. 

Жиында аналар слетіне қатысу­шылар атынан барлық қа­зақ­стан­дықтарға үндеу қабыл­­данды. Үндеу мәтінін Қазақ­станның еңбек сіңірген қайрат­кері, қазақтың атын әлемге та­ны­тып жүрген әнші Димаш Құ­дай­­бер­ген сынды ұл тәрбиелеген ана Свет­лана Айтбаева оқыды. Үн­деу­де отбасы институтын ны­ғай­ту, ана мен баланы қолдау, сала­мат­ты өмір салтын насихаттау бағы­тында бірқатар ұсыныс айтылған. 

Сондай-ақ жиында аналар­ға қолайлы жағдай жасап жүр­ген ұжымдар, балалар арасында өткен «Анаға марапат» шы­ғар­машылық байқауының жеңім­паздары марапатталды. Ұжымдағы аналарға ерекше қам­қорлық жасаған кәсіпорындар мен мекемелер қатарында «Қазақ­ойл Ақтөбе» ЖШС, Ақтө­бе ферроқорытпа зауыты, Ақтө­бе хром қосындылары зауыты, «Стройдеталь» ЖШС, «Глобаль-Арнайы киім» ЖШС бар. 

«Анаға марапат» шы­ғар­машылық байқауы жеңім­паз­дары арасынан Ақтөбе қалалық көркемсурет лицейінің оқушысы Серік Саламат сөз алып, барлық анаға балалар атынан ақ тілек­терін жеткізді.

Жиын соңы мерекелік концертке ұласты.

Индира ЖАЙМАҒАМБЕТОВА,

«Егемен Қазақстан»

АҚТӨБЕ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

15.02.2019

Бірге барайық: Интеллектуал дос тапқыңыз келе ме?

15.02.2019

Назгүлдің фото нысанасында – бейкүнә сәбилер қасіреті

15.02.2019

Е.Біртанов медицина саласындағы сапасыз қызметтерді атады

15.02.2019

Смартфоныңыз денсаулығыңыздың көмекшісіне айналады

15.02.2019

Мұхтар Тайжан ауылшарушылығы жерлерін жалға беру туралы пікір білдірді

15.02.2019

Өскемен көшелері  жаңғырып жатыр

15.02.2019

Батырхан Шүкеновтің естелік медалін анасына табыстау рәсімі өтті

15.02.2019

Бердібек Сапарбаев халық алдында есеп берді

15.02.2019

Абайдың латын графикасындағы кітаптары көрмеге қойылды

15.02.2019

Тағам өндірушілерінің І халықаралық форумы өтті

15.02.2019

Адамзат тарихында ең қымбатқа бағаланған картина

15.02.2019

Әлемге әйгілі болған қазақ қызы алдағы уақытта Америкаға аттанады  

15.02.2019

Дипломатиялық қатынастар орнату туралы бірлескен коммюникеге қол қойылды

15.02.2019

Сенатор Ә.Құртаев Азия елдері парламентшілерінің кездесуіне қатысты

15.02.2019

Қолжетімді баспанамен қамтуда қозғалыс бар

15.02.2019

Астана әкімі Бақыт Сұлтанов көпбалалы аналармен кездесті

15.02.2019

Семейде өлкетану оқулары өтті

15.02.2019

Испанияда кезектен тыс сайлау болады

15.02.2019

Киногерлер Шәкен Аймановтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

15.02.2019

Зауыттар көбейсе, жұмыссыздық азаяр еді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdikke bala ǵana kináli me?

Sońǵy kezderi mektep oqýshylarynyń arasynda sotqarlyq órship barady. Teledıdardan kórip, áleýmettik jeliden oqyp otyrǵanda, olar mundaı qatygezdikke qalaı bardy degen saýal kókeıdi tebendeı tesip, oıdy oıran etedi. 

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Keleli istiń paidasy

Búginde ár kólikke tirkelip beriletin memlekettik nómirlerdiń deni jappaı satylymǵa shyǵaryldy. Olar birkelki sandar men úılesimdi áripter tizbeginen quralǵandyqtan birden kóz tartady. Ony halyq arasynda «ádemi nómirler» deıdi. Atalǵan nómirlerdi alýǵa júrgizýshiler de yntyq. Ásirese qymbat kólik ıeleri úshin sándi nómirdi taǵý, ózine bir artyqshylyqty beretindeı kóredi. Endeshe bul nómirlerdi satylymǵa shyǵarǵannan kim utyp jatyr dep oılaımyz?

Мирас Асан, «Егемен Қазақстан»

Qumar oıynnyń quryǵy uzyn

«Aıdalada altyn bar» dese, soǵan birinshi qandastarymyz baratyn shyǵar dep oılaıtyn halge jettik. Bulaı deýimizge qoǵamda qordalanyp qalǵan, ordalanyp alǵan máseleler mysal bola alady. Sonyń biri – báske aqsha tigý, ıaǵnı býkmekerlik keńselerdiń keleńsiz kásibi bolyp tur. Jalpy, ózi jarymaı otyrǵan jannyń «úıde otyryp ońaı aqsha tabý jolyn úıretemin» degenine erip kete beretin ańqaý bolatynyna ekenine búginde kózimiz ábden jetti. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу