Спорт • 24 Қыркүйек, 2018

Словакияда ел намысын қорғаған Элизабет Тұрсынбаева күміс медаль иеленді

575 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Словакия астанасы Братиславада мәнерлеп сырғанаудан Ondrej Nepela Trophy-2018 халықаралық турнирі аяқталып, қазақстандық Элизабет Тұрсынбаева екінші орын иеленді деп хабарлайды Olympic.kz.

Словакияда ел намысын қорғаған Элизабет Тұрсынбаева күміс медаль иеленді

Қысқа бағдарламадан соң Тұрсынбаева жапондық Рики Кихираны ғана алға жіберіп, екінші орын алған болатын. Біздің спортшымыз жалпы есептегі жүлделі орнын сақтап, екі бағдарлама бойынша 192.30 ұпай жинады. Алтын медаль иеленген Кихираның еншісінде - 218.16 ұпай. Ал қола жүлдені 180.02 ұпай жинаған ресейлік Светлана Константинова жеңіп алды.

Айта кету керек, бұл Тұрсынбаеваның биылғы маусымдағы алғашқы жарысы.