Ұлттық рухтың ұстыны

Біз нағыз батырларды көр­ген бақытты ұр­пақ­пыз. Ел қор­ғау жолында жанқияр­лық­ танытқан ерлер туралы­ ес­теліктер біз үшін қа­шан­ да қастерлі. Олар отан­сүйгіштік­ке, ұлылыққа шақы­ра­ды, сенім­нің самғауына бастайды, тұн­жыраған көңілді рухтандырады. Осындай болмысы батырлықпен һәм ұлы­лықпен тұтасқан тұл­ғаның бірі Қасым Қай­сенов болатын. Көзі тірі болғанда, Қасым ата бұл күндері халқы­мен бірге жүз жылдығын мерейлене тойлап жатар еді-ау.

Егемен Қазақстан
24.09.2018 1411
2

Екінші дүниежүзілік соғыстың батыры, Қазақстанның Халық Қаһарманы, аты аңызға айналған партизан, атақты барлаушы,­ қазақ әдебиетіндегі партизандар тақырыбының негізін қалаушы көр­некті жазушы Қасым аға менің есімде жүрегінің лүпілі мен қан-тамырының бүлкілі «халық» деп соғатын, даңғаза шу мен дарақы мақ­танды бойына дарытпайтын текті тұлға ретінде қалды. Ол ойы тұнық, парасатты, ниеті адал, табиғаты таза қалпын сақтап өтті. 

Солдатты солдат жақсы түсінеді екен. Орта білім ордасында оқыған кезден Қасым ағаның шығармашылығымен таныс едік. Бірақ оның жан дүниесіне тек Ауғанстандағы қанды қырғыннан оралғаннан кейін ғана терең бойлай алдым. Майдан даласында ажалмен арпалыса жүріп келген түсінік сол – көктегі сансыз жұлдыздардың кенет біреуі зымыраған күйі белгісіз бір тұңғиыққа батып, лезде ғайып болатыны сияқты өмір де қысқа екен, бірақ ол ұзақтығымен емес, алға қойған адамдық парызды қалай атқардың деген аманатты сауалға ашық жүзбен, адал армен, биік парасатпен жауап қайыра алуыңмен өлшенеді. 

Мен әділетсіз Ауған соғысынан әбден тауым шағылып, жігерім жасып, өмірге деген сенімді жоғалта жаз­дап қайтқан кезімде Қасым батырдан сүйеу таптым. Оның қасында жүріп, тағылымды сөздерін тыңдап, ізгілік пен мейірімнің нұрына жадырап, жүнжіген бойыма әл жүгірді, рух кірді. Қаһарман Қасымның жас ұлан бойындағы өмірдің жасыл бүршігін қайта жарғызған қасиетіне тәнті болмау мүмкін бе?

Көпшіліктен бөлек бір қырымен ерекшеленіп тұратын, кеудесіндегі отты сәулесімен төңіректі нұрландырар, жаратылысы жалқы тұлғалар өмірде көп ұшыраса бермейді. Өз ғұмырында олардың біріне жолыққан жаннан бақытты ешкім жоқ дер едім. 

Бірде, дерт буып, ауырып жатқа­нында оның көңілiн сұрай бардым. 

– Әй, ауғандық, келдiң бе? – дедi Қасым ақсақал. Қаскең менi солай атау­шы едi. 

– Халiңiз қалай, аға? 

– Халдiң несiн сұрайсың... Таңертең тұрамын. Содан кейiн бірден Баукеңе честь беремін, – деп Қасекең төсегiнiң басында ілулі тұрған Бауыржан Момыш­ұлының суретiн иегiмен меңзеп, қолын шекесiне апарып, әскерше сәлем берудiң ишарасын жасады. – Баукеңнен ғана қорқушы едiм. Қазiр мен қорқатын адам да қалмады. Сен бақыттысың ғой, айбынатын мен бармын! 

Қасым ақсақалдың «қорқу» дегенiн «сыйлау» деп түсiнiңiз. Абыз да айбынды Қасекең Баукең сияқты қасиеттi, қадiрлi, кемеңгер тұлғалардың орны толмайтынын, олардың орны әманда ойсырап тұратынын осы сөзiмен-ақ аңғартушы едi...

Жүрегіне парасат ұялаған, көкіре­гінде сұрапыл күрескерлік рух бе­беу­­леген хас батырлар өмір бойы бірін-бірі сыйлап өтті. Жиындардың бірінде айналасындағылар Қасым Қайсеновтен: «Сенің батырлығың Баукеңе қа­ра­ғанда қандай?» деп, сұрағанда, ол Бауыр­жанның ақын, батыр, кавалерист, артиллерист, ұлы қолбасшы, жазушы, ойшыл, дана екенін тізіп, оның әрбір басқан қадамы, ал өмірінің әрбір минут-секундына дейін батырлық үлгісі болып табылатынын айта келе: «Осы отырғандар бәрі бірігіп, іздесе де, менің бойымнан осынша қасиетті таба алар ма екен?!» деп тамсанған. 

Өз кезегінде Бауыржан Қасым туралы: «Жауым менің алдымда, ал Қасымның жан-жағында болды!» дейді. Не деген кішіпейіл ұлылық! Батырлар бірін-бірі мұқатып, жайратуға емес, қайта күш беріп қайрауға, бірін-бірі ілгері қарай сүйреуге тырысатын.

Қасым Қайсенов Кеңес Одағының Батыры атағына лайық еді және соған ұсынылған. 1943 жылы қыркүйекте Днепрдің оң жағалауы үшін қан-қасап шайқаста ол ерен ерлік жасады, арқыраған арынды өзеннен өз отрядымен бірінші болып өтіп, жау тылындағы Григорьевка селосын тартып алып, Қызыл Армияның негізгі күштері келгенше шайқас салды. Алайда сол қырғында ауыр жарақат алып, артынша Днепрден бірінші боп өткендегі ерлігі ұмыт қалды да, ең жоғарғы атақ-даңқы өзгелердің қанжығасында кеткен. Ол құжаты араға уақыт салып барып, партизан штабының архивінен бір-ақ табылған, бұл жайында кезінде «Егемен» жазды.

Өмірін елге, қызметке, Отан қорғау­дың ортақ ісіне арнаған батырлардың тағдыры да ұқсас келеді ғой. Бауыржан Момышұлының да Кеңес Одағының Батыры атағына лайық екені, бұл биік марапатқа бір емес, екi рет ұсынылғаны дәлелденген. Алайда командование толтырған «Наградной лист» әлдебiреудiң жымысқылығымен жоқ болған. Кезінде Баукеңнiң өзі де осы мәселенiң iзiне түсiп, қууына болатын едi ғой. Жоқ, Баукең мұны мүлде жылы жауып қойып, оның ор­нына Рахымжан Қошқарбаевқа жасалған тарихи әдiлетсiздiктi қалпына келтiруге көп күш жұмсаған. Биік лауазымды тұлғалардың қабылдауына кірген, Мәскеуге екi рет хат жазған. Мұның бiреуiн Ворошиловтың атына жолдаған. Бүкiл ғұмырын ұлттың ар-намысы үшiн күреске арнаған адам сол ұлттың ар-намысына да айналады екен. Баукең де, Қасекең де сондай тұлғалар едi.

– Баукең мансап қуған емес. Бір күні ол маған қоңырау шалды: «Әй, Қасым! Қайдасың? Мына бір газетке мені «дважды Герой Советского Союза» деп жазып қойыпты. Келіп, біреуін алып кетсейші!» деп әзілдеді жарықтық!» – деп Қасым Қайсенов бірде Баукеңді сағына отырып, ойға оралтып еді.

Кеңес кезіндегі идеялық етек­бас­тылық, саяси қазымырлық қиянат көр­сетіп, ерлеріміздің обалына қалға­нымен, олардың қандай түнекті де қақ жарар өжет рухын біржолата кө­легейлеп тас­тай алмады.

Өзім басқаратын «Qazaqstan Ardagerleri» («Қазақстан Ардагерлері») Қауымдастығы бертінде «Бауыржан Момышұлы атындағы Құрмет бел­гiсiн» әзірлегенде, бұл марапатты алғашқылардың қатарында Бауыржан Момышұлы мен Қасым Қайсеновтің отбасына да тапсырдық.

Батырлық қашанда ғибраттың, ғұламалықтың қайнары, ұлттық бол­мысымыздың ұстыны. Онсыз ұлттың тағдыры талайсыз, тайғанақ. Біз өр рухымызбен ғана ғұмырлымыз. Кәрі тарих тәу етер тәуелсіздікті нығайтуға көген үзерлік қайрат көрсетуге құ­лықсыз мұндарлар көбейген кезде, қазақтың басынан бағы көшіп, бостан басы бодан болғанын айғақтайды. 

Ендеше өскелең ұрпақты Қасым Қайсеновтей батырлардың үлгі-өне­гесінде рухы мықты, жігері жалынды азамат етіп тәрбиелеу мемлекетіміз үшін өмірлік маңызды іс. 

Парасаттылықты, қайсарлықты, батыл­дықты ұрпақ бойына дарыту болашақ қазақстандықтар алмағайып ағыстарға малтығып, қалың тұманда адаспай, қажырлы еңбегі, қатепті қара нардай қайратымен Тәуелсіздікті табанды ұстап қалуы үшін керек.

Болашақ тағдыр айқын еместігін бәріміз білеміз, сондықтан ең білікті, данагөй, әділ жорамалшы «Елу жылдан кейін не болады?» деген сауалға «Оның әртүрлі сценарийі бар» деп жауап қатары сөзсіз. Өйткені келешек пен көрешекті қалыптастыратын да халықтың өзі: қоғамның қаһармандығы, шешімділігі, оның әр мүшесінің қара басының қамын ұлт мүддесі жолында құрбан етер елжандылығы немесе кері тартпа жалқаулығы, жауапсыздығы, қорқаудай сұрқия қараулығы тарихи бетбұрыстарға ықпал етіп, не елді өрге сүйреуге, не құрдымға құлатып, күйретуге қауқарлы. 

Ендеше қайғылы емес, қайыр­лы сценарийдің жүзеге асуы, мемлеке­тіміз­дің күн тұрғанша тұруы біздің өз қолымызда. Ол үшін кейінгі ұр­пақ­тардың барлығы қазақтың батыр­лық болмысын сақтап, әрдайым оның қайнар бұлағының тереңінен сусын­дауға мүмкіндік алуға тиіс. Ол үшін қазірден бастап, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында барлық батырларымызды ұлықтап, құрмет-қошеметке бөлеп, кең ауқымды насихаттап, елдік пен ерлікті біріктіре білуіміз қажет.

Сол себепті бүгін біз мемлекетіміздің азаттығымен, ұлтымыздың асқақ рухымен бірге биіктей түскен Қасым Қайсеновтей батырларымыздың алдында қазіргі ұрпақ атынан тізе бүгіп, тағзым етеміз.

Бақытбек СМАҒҰЛ,

Парламент Мәжілісінің депутаты,

«Qazaqstan Ardagerleri» қауымдастығының төрағасы

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

12.12.2018

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын талқылауға арналған TEDx форматында жиын өтті

12.12.2018

Мемлекет басшысының төрағалығымен Түркістан қаласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өтті

12.12.2018

Астанада Гейдар Алиевті еске алды

12.12.2018

Алматыда ережесіз жекпе-жектен жарыс өтеді

12.12.2018

«Жер жәннаты – Ақмола» деп аталатын жинақ жарыққа шықты

12.12.2018

Солтүстік Қазақстанда Желтоқсан құрбанын еске алу турнирі өтті

12.12.2018

Сенатта сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру мәселелері талқыланды

12.12.2018

Солтүстік Қазақстанда цифрлы сүт фермасы іске қосылды

12.12.2018

Қазақ киносының Бауыржанын еске алды

12.12.2018

«Маңғыстау - адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылды

12.12.2018

Павлодар облысында тұрғындар ауыз суды Ертіс өзенінен алуға мәжбүр

12.12.2018

Солтүстік Қазақстанда қарымды қаламгер Мәлік Мұқановтың  мерейтойы атап өтілді

12.12.2018

Маңғыстау полицейлерінің жалақылары өседі

12.12.2018

Отандық автоөндіріс саласының инвесторлары Қостанайда болды

12.12.2018

Конькиден Алматы қаласының біріншілігі аяқталды

12.12.2018

Қыздар университетінде тұрмыстық әлімжеттікке қарсы жиын өтті

12.12.2018

Қазақ спорт және туризм академиясында Президенттің «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы талқыланды

12.12.2018

Қарағанды облысында 2019 жылдың бюджеті бекітілді

12.12.2018

Павлодарда патриоттық әндер фестивалі өтті

12.12.2018

Шытырман оқиға жазудың жүйріктері анықталды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Nápaqa qaıdan tabylar?

  «Qul bazar» tek qazaqqa arnalǵan sıaqty, 100 paıyz qazaq, qazaqtan basqa ult joq qul bazarda jaldanyp turǵan», dep kújingen jazba oqydym áleýmettik jeliden. Nege? Onyń sebebiniń biri – qazaqtyń kásip ıgerýge kerenaýlyǵynda tárizdi.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Qazaqtyń jylqytaný ilimi

Memleket basshysy Nursultan Nazarbaevtyń «Uly da­­lanyń jeti qyry» atty maqalasynda, «Atqa miný mádenıeti men jylqy sharýashylyǵy jer júzine Uly daladan taraǵan» degen toqtamdy pikir aıtylypty. Rasynda da, Elbasy atap ótkendeı jylqy mádenıeti men atty miniske úıretýdiń dara tehnologıasy uly dalada qalyptasqany anyq. Iаǵnı, jylqy mádenıetiniń san ǵasyrlyq qalyptasý, damý kezeńderi bıologıalyq jolmen júrgizilgen. Qazirgi tilmen aıtsaq, jylqytaný kóshpeli qoǵamnyń álmısaqtan qanyna sińgen tól óneri hám genetıkalyq jadysynyń keremet týyndysy.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Táýelsizdiktiń tańǵajaıyptary

О́tken joly jazǵan baǵanymyzda («EQ», 21.11.18) Táýelsizdiktiń arqasynda qazaq jastarynyń sporttyń elıtalyq túrlerinen álemdik dodalarda tek sońǵy jyldary ǵana top jaryp jatqan birneshe mysaldaryn keltirgen edik. Sonymen birge qazaq ánderimen, ulttyq áýenmen álemdi aýzyna qaratyp júrgen ánshilerimiz týraly da jazǵanbyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Jekemenshik teatrlar jaıy

Jalpy, kez kelgen halyqtyń mádenıeti men rýhanı damý deńgeıi teatr salasyndaǵy jetistikterimen ólshenetini tarıhtan málim. О́rkenıetti memleketterdegi bir ǵana qalanyń ózinde teatr sany 200-den asyp jyǵylatyndyǵy sonyń buljymas dáleli bolsa kerek-ti.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Aqparattar aýqymyndaǵy aqıqat

Taıaýda Almatyda ótken medıaquryltaıda Qazaqstandaǵy buqaralyq aqparat qural­darynyń qazirgi jaı-kúıi keńinen áńgime boldy. Mamandar tarapynan aıtylǵan pikirlerge qulaq qoıar bolsaq, sońǵy jyldary qazaqstandyq BAQ-tyń, ásire telearnalardyń reıtıngi aıtarlyqtaı túsip ketken. Máselen, 2013 jyldan bergi aralyqta bul kórsetkish 22 paıyzǵa tómendegen eken. Onyń sebebi nede?

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу