Үкімет • 25 Қыркүйек, 2018

Қазақстан Дамуға жәрдемдесу комитетінің отырысына қатысты

383 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

ҚР Сыртқы істер министрлігі Сыртқы экономикалық саясат департаментінің Директоры Олжас Исабеков Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) шақыруымен ЭЫДҰ Дамуға жәрдемдесу комитетінің (ДЖК) басқару мәселелері жөніндегі 25-ші пленарлық отырысының жұмысына қатысты. 

Қазақстан Дамуға жәрдемдесу комитетінің отырысына қатысты

Аталған сессиялар ДЖК-де таныстырылған елдер үшін негізгі кездесулердің бірі болып табылады. Бұл отырыс алаңдарында дамуға ресми көмек көрсету бойынша қызметпен қатар жүретін үдерістердің барлық спектрін басқаруға қатысты тәсілдері зерделенеді, әзірленеді және жетілдіріледі, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі. 

2015 жылдан бері Қазақстан Дамуға жәрдемдесу комитетінде «шақыртылған» мәртебесіне ие. Сонымен бірге, еліміздің сыртқы саяси ведомствосы ЭЫДҰ-ның бұл құрылымдық бөлімшесімен ҚР-дан өзара іс-қимыл жасасатын жұмыс органы ретінде анықталған.

Қазақстан басқару мәселелері жөніндегі отырысқа алғаш рет қатысып, бұл ДЖК мүшелері мен басшылығытарапынан жылы қарсы алынды. Олардың пікірі бойынша, бұл қазақстандық тараптың Комитетпен қатар жалпы ЭЫДҰ-мен ынтымақтасты кеңейтудегі терең қызығушылығының куәсі болып табылады. Бұл іс-шара Корей Республикасы секілді әлемдік донор қауымдастығының ірі ойыншысы үшін де алғашқы болды.

Отырыстың күн тәртібіне инклюзивті басқару; гендердік мәселелер; қақтығыстар және тұрақсыз мемлекеттік режимдер жағдайындағы донорлық қызмет; климаттың өзгеруін болдырмау саласындағы жобалар; донорлық операцияларды бұқаралық қолдау және басқада мәселелер енді. Отырыс барысында,сонымен қатар, ДЖК-ның жұмыс жоспары мен бюджетінің 2017-2018 жж. орындалу барысы қаралды. Бұл және басқа да мәселелерді талқылау БҰҰ-ның аясында қабылданған әлемдік қауымдастықтың Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу жөніндегі күш жігерлері аясында жүргізілді.Әріптестіктіңтабыстықарым-қатынастарынталқылау барысында ДЖК өкілдері Астанадағы Мемлекеттік қызмет өңірлік хабымен өзара іс-қимылды ерекше атап өтті.

Қазақстандық дипломат еліміздегі дамуға ресми көмек (ДРК) жүйесін құру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы, осы саладағы ұлттық оператор - «KazAID» агенттігін құру жоспары және іске асырылып жатқан көмек жобалары жөнінде әңгімелеп берді. Қазақстан өзінің ДРК тетігін қалыптастыруда алғашқы кезеңде екендігін ескере отырып, ДЖК жұмысына қатысуы аса маңызды, себебі ол ерте кезенде тиісті үрдістерді ұйымдастыру мен басқаруға қатысты тиімді амалдарды қолдануға мүмкіндік береді.

О. Исабековтің Парижде болуы кезіндегі бағдарламасының маңызды тармағының бірі – ДЖК-нің Даму жөніндегі ынтымақтастық Директоратының директоры Жорже Морейра да Сильвамен кездесуі болды.Сұхбаттасушылар Қазақстан мен ЭЫДҰ ДЖК арасындағы өзара іс-қимылға «тексеріс» жүргізіп, қазақстандық ДРК жүйесін жетілдіру саласындағы іс жүзіндегі бірлескен қадамдарын қарастыратын ҚР СІМ мен Комитет арасындағы Жол картасын қабылдау орындылығын пысықтауға қол жеткізді. Сонымен қатар, ҚР СІМ өкілі үшін ДЖК қызметі туралы таныстырылым өткізілді.

Жалпы, пленарлық отырысқа қатысу және оның аясында орын алған кездесулер ЭЫДҰ-ның негізгі құрылымдық бөлімшелерінің бірімен өзара іс-қимылды жандандыруға мүмкіндік берді.Бұл өз кезегінде, қазақстандық үкіметтің күш-жігеріне біздің еліміздің көрсеткіштерін Ұйым мүшелерінің, яғни әлемнің ең дамыған мемлекеттерінің деңгейіне жеткізуге қолдау көрсетуді қамтамасыз етеді.

Орын алған сапардың назарында, сонымен бірге, қазақстандық-француздық іскерлік және инвестициялық ынтымақтастығының мәселелері болды. Атап айтқанда, Қазақстанның Франциядағы Елшісі Жан Ғалиев пен О. Исабеков «MEDEF»Француздық кәсіпкерлер қауымдастығының Вице-президенті Ж. Лемблемен кездесу өткізді. Оған ҚР Елшілігінің Инвестициялар жөніндегі кеңесшісі А. Арыстанов, «Total»Вице-президенті Т.Дарригран және қазақстандық-француздық іскери кеңесі хатшылығының мүшесі Д. Веррэ де қатысты. «Air Liquide», «Total», «Airbus», «Idemia» (жолаушылардың әуе тасымалы саласындағы жобалар) және басқалар «MEDEF»-те таныстырылған француздық компаниялардың Қазақстандағы қызмет мәселелері егжей-тегжейлі қарастырылды.

Францияның іскер қауымдастығының өкілдері ҚР Президенті Н. Назарбаевтың шақыруы бойынша Француз Республикасының Президенті Эмманюэль Макронның Қазақстанға жоспарланып отырған сапары екіжақты өзара іс-қимылдың көкжиегін кеңейтуге мүмкіндік береді деген үміттерін білдіре отырып, қазақстандық-француздық стратегиялық әріптестіктің (тиісті шарт екі ел арасында 2008 жылы қол қойылған) бірінші онжылдығының қорытындысына қанағаттанушылығын жеткізді.