Аймақтар • 25 Қыркүйек, 2018

Қостанай облысында мекемелер мен тұрғындарды көмірмен жабдықтау аяқталып қалды

293 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қысқа дайындық кезінде негізінен электрмен қамтамасыз ету тетіктерін, қазандықтарды дайындау, көмірмен, мазутпен қамтамасыз ету жұмыстарына баса көңіл бөлінеді.

Қостанай облысында мекемелер мен тұрғындарды көмірмен жабдықтау аяқталып қалды

Қостанай облысында бұл жұмыстар аяқталып келеді. Облыс өңіріне барлығы 485,4 тонна көмір керек болса, соның бүгін 442,9 мың тоннасы нысаналы орындарға тасылып алынды. Қолда тұрғындарға сатуға арналған 63 мың тоннадан аса отын тағы бар. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов тасымалдау жұмысы күннің суығына қалмауын ескертті.

«Көмірді алдымен шалғай, түкпірдегі елді мекендерге жеткізу керек. Ертең күн суыған, жауын-шашын басталған кезде жол да қиындайды, көмірдің сапасына да әсер етеді.» деді Архимед Бегежанұлы Қазір шалғай аудандардың барлығы көмірлерін тасып алған. Алыста жатқан Жангелдин ауданындағы орталық ауруханаға қажет 700 тонна көмір қазан айының алғашқы аптасына дейін  толық жеткізілетін болды.

Нәзира ЖӘРІМБЕТ,

«Егемен Қазақстан»

Қостанай