Медицина • 25 Қыркүйек, 2018

Тиісті шаралар қолданылды

368 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Былтырғы жыл басынан бері монополияға қатысты 34 заң бұзушылық анықталған. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігіне қарасты Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті өткізген баспасөз мәслихатында айтылды.

Тиісті шаралар қолданылды

Комитеттің елордалық департа­менті­нің бөлім басшысы Дастан Думан­ұлы тергеулердің қорытындысын жария­лады. Өткен жылғы тәркіленген табыс пен айыппұл сомасы 15 млн тенге шамасында болса, биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында бұл көрсеткіш 33 млн теңгеге жетіпті. Д.Думанұлының айтуынша, былтыр жанар-жағармай құю бекеттерінде сұйытылған газды және АИ-92, 95 бензині мен дизель отын бөлшек саудада сату саласын­да заң бұзушылықтар орын алған. Атал­ған тергеулердің нәтижесінде нарық субъек­тілеріне қатысты әкімшілік істер қозғалып, әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынған.
Өткен жылы тұрғындар тарапынан Астана қаласындағы әуежай авто­тұра­ғының бағасы қымбат болуына бай­ла­ныс­ты шағымдар түскен. Тексеріс нәти­же­сінде, автотұрақ бағасы нарық­тағы баға­дан 20 процентке артық екендігі анық­талған. Бұл мәселе бойынша тергеу жүргізіліп, тиісті шаралар дер кезінде қолданылды.
Ал биыл көмірді және газгольдерді толтыру үшін сұйытылған газды бөлшек саудада сату бойынша шикіліктер шығып, тиісті шаралар қабылданыпты. Қала тұрғындарының басым көпшілігі электр энергиясының дұрыс есептелмеуіне қатысты жиі шағымданады екен. Алдағы уақытта түскен арыз-шағымдар бойынша жұмыс жүргізілмек.

Еркежан АЙТҚАЗЫ,

«Егемен Қазақстан»