Футбол • 25 Қыркүйек, 2018

Лука Модрич жылдың «Үздік футболшысы» атанды

386 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

24 қыркүйек Лондонда «The Best FIFA Football Awards 2018» футбол үздіктерін анықтау салтанатты марапаты өтті. 

Лука Модрич жылдың «Үздік футболшысы» атанды

«Реалдың» жартылай қорғаушысы, Хорватия ұлттық құрамасының ойыншысы Лука Модрич ФИФА тұжырымы бойынша жылдың «Үздік ойыншысы» атанды.

Дауыс беру нәтижесінде, Лука «Ювентус» пен Португалия шабуылшысы Криштиану Роналду мен «Ливерпуль» мен Мысыр Ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Мохамед Салахты артта қалдырды.

«Үздік гол» авторы деп Мысыр құрамасының ойыншысы Салахты таныса, «Үздік қақпашы» мәртебесін Тибо Куртуа иемденді.

Royal Festival Hall-да өткен «The Best FIFA Football Awards 2018» марапаттау салтанатының қонақтарының қатарында Дзанетти, Роберто Карлос, Роналдиньо, Роналдо, Кафу, Дрогба сынды футбол жұлдыздары болды.