Парламент • 25 Қыркүйек, 2018

Сенатта қаралатын құжаттар белгіленді

200 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының Бюро отырысы болып, онда Палатаның кезекті отырысының күн тәртібі белгіленді, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Сенатта қаралатын құжаттар белгіленді

Сенаторлар 27 қыркүйекте Еура­зиялық экономикалық қоғам­дастыққа мүше бір мемле­кеттің азаматтары Еуразия­лық экономикалық қоғамдас­тыққа мүше екінші мемлекет­тің аумағындағы еңбек қыз­метін жүзеге асыру кезінде ұшы­ра­ған өндірістегі жазатайым оқи­ғаларды тергеп-тексеру тәртібі туралы келісімді, Қазақстан мен Иор­дания үкіметтері арасындағы Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобаларын; заңнамаға діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша түзетулер енгізу туралы; «Стандарттау туралы» заң жобасын, заңнамаға өлшем бірлігін қамтамасыз ету және стандарттау мәселелері бойынша түзетулер енгізу туралы заң жобаларын қарастырады. 

Сонымен қатар сенаторлар отырыс барысында Сенаттың Конституциялық заңнама,сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті мүшелерінің жол жүрісінің қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі депутаттық сауалының жауабын қарайды.

Соңғы жаңалықтар