Аймақтар • 25 Қыркүйек, 2018

Генерал-лейтенант Матвей Меркуловқа арналған ескерткіш тақта ашылды

606 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысының Бородулиха ауданында соғыс ардагері, генерал-лейтенант Матвей Меркуловтың 100 жылдығына арналған айтулы шаралар өтті. Алдымен Жаңа шульбі ауылындағы соғыс ардагері атындағы көшеде ескерткіш тақта ашылды.

Генерал-лейтенант Матвей Меркуловқа арналған ескерткіш тақта ашылды

Шараға Республикалық «Генералдар кеңесі» қоғамдық бірлестігі  Президиумының төрағасының орынбасары Тұрсын Айжолов, генерал-майор Тоқтасын Бұзаубаев, ҚР ҰҚК Шекаралық қызмет Академиясы шұғыл-тактикалық факультетінің педагогика және идеология кафедрасының профессоры Ерболат Ақшолақов, Бородулиха ауданының әкімі Григорий Акулов және ұлттық қауіпсіздік комитетінің ардагерлері, ҚР ҰҚК шекара қызметінің қызметкерлері және  аудан тұрғындары қатысты.

-Генерал-лейтенант Матвей Меркулов 1938 жылы өзінің туған ауылы Жаңа Шүлбіде дүниеге келді,-деді ауылдық округ әкімі Күлжанат Қарымова,-1942 жылы лейтенант ретінде 162-інгі Орталық Азия дивизиясының 224-інші атқыштар полкына қабылданған. Курск шайқасында ерлік көрсеткен. Жараланып, одан емделген соң екінші Белорусс майданына аттанады. Ол шекарашы командир ретінде сарбаздарға үлгі болып, ерліктерімен көзге түсті. Соғыстан кейін де шекара қызметінде жұмысын тастамай жалғастыра білді. Алматы қаласындағы Жоғарғы шекара командалық училищесін ұзақ жылдар абыроймен басқарды. Матвей Меркулов ерліктері ұрпаққа өнеге.

Шара барысында Жаңа шүльбі ауылының Мәдениет үйінде Кеңес Одағы батырының өмірін насихаттайтын фотосуреттер, тарихи деректер көрмесі ұйымдастырылды. М. Меркулов тәмамдаған мектепке ҚР ҰҚК Шекара қызметі Академиясынан «Шекара үшін берілген жылдар» атты кітап сыйға тартылды. Ал соғысқа қатысқан ҰҚК аға ардагері Әбдіғали Қаймолдин М. Меркуловтың осы  100 жас мерейтойына орай «ҚР ҰҚК құрметті қызметкері» төсбелігісіне ие болды. Осындай мерекелік медальмен бірқатар қызметкерлер де марапатталды.

Раушан НҰҒМАНБЕКОВА,

Бородулиха ауданы

Шығыс Қазақстан облысы