Аймақтар • 25 Қыркүйек, 2018

Солтүстік Қазақстан полицейлері Тілдер фестивалін өткізді

405 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан халқы тілдерінің фестивалі аясында ұйымдастырылған байқау кезінде ішкі істер басқармасының қызметкерлері түрлі этностардың  тілін қаншалықты дәрежеде  меңгергендерін көрсетті.

Солтүстік Қазақстан полицейлері Тілдер фестивалін өткізді

Тәртіп сақшылары кәріс, неміс, татар, қазақ, өзбек, армян халықтарының тілінде сөйлеп, салт-дәстүрлері мен әдеп-ғұрыптарын,   киімін, ұлттық билерін жұртшылыққа ұсынды. 

«130-дан астам этнос өкілдері тұрып жатқан Қазақстан жерінде Елбасының қолдауымен Қазақстан халқының тілдері күні жыл сайын атап өтіледі. Петропавл қаласының ішкі істер басқармасында «Тіл – достық көпірі» атты іс-шараны өткізу дәстүрге айналған. Ондағы мақсат– достықты, бірлікті насихаттау», дейді кадр жұмысы бөлімінің жетекшісі Данияр Қайруллин.

Іс-шара барысында  баланың дүниеге келуінен үйленгенге дейінгі ғұрыптар көрсетілді. Бір команда неке жүзігін бәліштің ішіне жасырып, немістердің қызға ұсыныс жасау дәстүрін бейнелесе, екінші команда жас жұбайларға бал жегізіп, айнадағы жаңа бейнені көрсетіп, өзбек халқының үйлену тойдағы рәсімдерін паш етті. Әр ұлттың тағамдары да таныстырылды.

Сайыстың қорытындысы бойынша жергілікті полиция қызметінің өкілдері тапсырмалардың барлығын ойдағыдай орындап, үздік атанды.  Олар татар халқының салт-дәстүрлері мен әдеп-ғұрыптарын көрсетті. 

Өмір ЕСҚАЛИ.

«Егемен Қазақстан».

Солтүстік Қазақстан облысы