25 Қыркүйек, 2018

Қазақстан Нельсон Мандела Бейбітшілік саммитіне қатысты

427 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

БҰҰ Бас Ассамблеясы 73-ші сессиясының шеңберінде Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов апартеидпен оңтүстік-африкалық күрескерінің 100 жылдығына арналған «Нельсон Мандела Бейбітшілік саммиті» атты жоғары деңгейдегі іс-шараға қатысты, деп хабарлайды сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметі.

Қазақстан Нельсон Мандела Бейбітшілік саммитіне қатысты

«Біз Н. Манделаның өмірінен шабыт аламыз, ол өзара құрмет, мейірімділік пен әлемді ажырататын қақтығыстарға қарсы күресудің зорлықсыз әдістеріне негізделген. Этникалық, діни, аумақтық және басқа факторлар туындаған қақтығыстардың күрт өсуі бүкіл дүние жүзінде қатерлі гуманитарлық дағдарыстарға алып келеді. Бейбітшілікті үстем ету үшін тек қана қақтығыстардың емес, терроризм, экстремизм, ұйымдасқан қылмыс, адам саудасы тәрізді себептерді жою қажет. Біз сондай-ақ барлық қақтығыстарды күшейтетін терең кедейлікті, азық-түлік, су мен энергия тапшылығын, климаттың өзгеру қауіпін және жаппай қырып-жоятын қару-жарақтарды жоюға тиіспіз», - делінген министрдің сөзінде.

Қазақстан Нельсон Манделаның құндылықтарын растайтын саммиттің Саяси декларациясын қабылдауын құптады. Қазақстанның пікірінше, бұл құжат бүкіл халықаралық қоғамдастыққа диалог пен татуласу арқылы адамның ар-намысы, әділдігі мен бейбітшілігінің маңыздылығы туралы ескерту болуға тиіс. Қазақстан дипломатиясы бейбітшілікке деген ұмтылысы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың соғысқа қарсы «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесінде және 2017 жылғы қаңтар айындағы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне «Қауіпсіз, әділ және гүлденген әлем құру үшін жаһандық әріптестікті нығайтуға қазақстандық тұжырымдамалық көзқарас» атты Саяси жолдауында жүзеге асырылуда. Қ. Әбдірахманов Манифест қақтығыстардың алдын-алудан бастап, дипломатия және медиация, бейбітшілікті сақтау мен бейбітшілікті құру және дамуға дейін барлық қолжетімді құралдарды пайдалануға шақыратындығын еске салды.

Нью-Йоркке сапары аясында ҚР Сыртқы істер министрі Халықаралық бейбітшілік институтының президенті Терье Род-Ларсен ұйымдастырған Таяу Шығысқа қатысты 13-ші министрлік кездесуінде сөз сөйлеп, сондай-ақ БҰҰ Кітапханасында қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматовтың 90 жылдығына арналған көрменің ашылуына қатысты.

Бас Ассамблеяның сессиясы шеңберінде Қ. Әбдірахманов Куба, Норвегия, Әзербайжан сыртқы істер министрлері, тиісінше Бруно Родригес, Ине Эриксен Сёрейде, Эльмар Мамедьяровпен, сондай-ақ БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, Терроризмге қарсы күрес бөлімінің басшысы Владимир Воронковпен екіжақты кездесулер өткізді.