Аймақтар • 25 Қыркүйек, 2018

Инвесторлармен ортақ келісімге келді

362 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда қаласында инвестор «Хуавей Технолоджиз Казахстан» ЖШС-нің өтінішіне сәйкес «Кәсіпкерлер үйі» ғимаратында «Рrotecting business and investments» жобасының фронт-офисінде құзырлы органдардың қатысуымен кездесу өтті.

Инвесторлармен ортақ келісімге келді

Кездесу барысында инвесторлар Қызылорда қаласында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында «Ақылды қала» жобасына шамамен 3 млрд 600 млн теңге қаражатқа 3200 бейнекамераларды орнату бойынша техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеп жатқанын айтты.

Жиында тиісті орындар «Хуавей Технолоджиз Казахстан» ЖШС-не заң талаптарына сәйкес тиісті көмек беретіндіктерін жеткізді. Басқада проблемалар бойынша ортақ келісімге келді.

Кездесуге Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы департаментінің басшысы А.Мұқымов пен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Е.Тіленов, облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Ж.Оспанов, «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ-ның басқарма төрағасының орынбасары А.Жаналиева, «Қазақтелеком» АҚ-ның «Оңтүстік телекоммуникациялар дирекциясының» Қызылорда облысы бойынша бөлімшесінің бөлім басшысы Н.Керейтбаев және «Хуавей Технолоджиз Казахстан» ЖШС бас директорының корпоративті бизнес жөніндегі орынбасары Чжао Хунбинь, бас менеджері Д.Сатыбалды қатысты.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

Қызылорда облысы