Қоғам • 26 Қыркүйек, 2018

Тау туризмі табысты болады

1254 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Аустриялық Master Concept компаниясы Алматы облысының аумағында тау туризмін дамытуға бағытталған жобаға қатысуға ынталы. Бұл жайында облыс әкімі Амандық Баталовтың инвес­торлармен кездесуі барысында мәлім болды.

Тау туризмі табысты болады

Дүние жүзі нарығында 18 жылддан бері жобалаумен және жоспарлаумен айналысатын Master Concept компаниясы не­гізі­нен туристік нысандарды инвес­тициялайды. Компанияның Ресей­дегі жұмыс тәжірбиесі 10 жыл болса, Қазақстанда 6 жыл­дан бері қызмет көрсетіп келеді. Компания өкілі, сәулетші Гернот Ляйтнердің айтуынша, Master Concept Талғар ауданы аумағындағы «Лесная сказка» курортын отбасылық-спорттық демалыс орны ретінде дамытуға кіріспек. Қазір компания Алматы өңіріндегі тау туризмі жоспарына қажетті зерттеу жұмыстарын бастаған. Бұл орайда екі модель қарастырылып отыр. Бірінші­сі, бұрыннан бар, жұмыс істеп тұрған курорттарды одан әрі дамытудың әлеуетін зерделеу, екіншісі қай жерлерде туристік бағыттарды дамытуға болатынын білу үшін таулы жерлерді зерттеу болмақ. 

Сондай-ақ екіжақты кездесуге қатысқан Алматы өңірі­нің турис­тік кластері қауымдас­ты­ғы­­ның құрылтайшысы Ра­йым­бек Баталов тау туризмін­ің дамуы шағын және орта биз­нес­тің дамуына, қызмет көрсету са­ла­сына тың серпін беретінін айтады.

– Тау туризмі дегенде тек Алматы маңынан өзге, Шарын шат­­қалын, Лепсі өңіріндегі, Ра­йым­бек ауданындағы таулы өңір­­лерді де толық қамтуға тиіс­­піз. Тау­лы ай­мақтардың мүм­­­­кіндіктерін бүге-шіге­сіне дейін зерт­теп, тани алатын маман­дар­­дың білімі мен білігін пайдалана білуі­міз керек. Жалпы табиғи-кли­мат­­тық ерекшеліктеріне байланысты Алматы өңіріндегі тау т­уризмінде қалаға қарағанда Алматы облысының үлесі әлде­қай­­да басым. Сондықтан қыста ға­на емес, жыл бойы үздіксіз жұ­мыс істейтін тау курорттарын да­­­мы­тудың жоспарлары да жа­салуы тиіс, техникалық-эконо­ми­­ка­лық не­гіз­демелер әзірлеуге қан­ша қара­жат қажет екенін де есеп­теуі­міз қажет. Одан әрі бұл жоба­ның опе­раторы нақты қай мекеме бо­латынын да анықтауымыз керек, – дейді облыс басшысы А.Баталов.

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан»