Аймақтар • 26 Қыркүйек, 2018

Павлодарда биыл да алқызыл қар жаууы мүмкін

800 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

 

Былтыр  «Қазақстан Алюминийі» АҚ айналаны қоршаған ортаны қорғау департаментінің мәліметінше  қардың алқызыл түске боялған «құбылысы» кәсіпорында өндірілетін бокситтің таралуы себеп көрінеді. Қыс кезінде  қала тұрғындары қардың алқызыл түске боялғанын көріп, суретке түсірген-ді.

 

Павлодарда биыл да алқызыл қар жаууы мүмкін

Өйткені, бокситттің түсі-табиғи алқызыл түсті. Бокситтен алюминий тотығы өндіріледі. Кәсіпорынға боксит Краснооктябрьск және Торғай боксит кеніштерінен жеткізіледі. Шаңның ауада біршама мөлшерде таралуына рұқсат беріледі. Сондықтан, кәсіпорында белгіленген нормаға сай көлемде шаң тарайды. Бұл  «құбылыс» қыста анық  көрініп тұрады Бұл нормативтерге мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық ұйымдардың берген қорытындысы да бар,-дейді  кәсіпорын мамандары.

Кәсіпорында орналасқан техникалық бақылау зертханасы атмосфераға өлшеу жүргізіп отырады. Егер де  зиянды қалдықта мөлшерден тыс артқан жағдайда қауіп жайлы хабарланады.

Зауыт аумағын көріктендіру және көгалдандыру  үшін былтыр 1500-ден астам көшет пен ағаш отырғызылған.  Кәсіпорынның  көгал  қоры 70  гектарды құрайды. Еуразиялық топтың құрамындағы «Қазақстан алюмнийі» АҚ сияқты басқа да  кәсіпорындар алдағы жылдары табиғатты қорғау шараларына 30 млрд. теңгеден астам қаражат жұмсамақ.

Биыл өңірдегі «Қазақстан Алюминийі» АҚ-та санитарлық қорғау аймағында атмосфералық ауаны үздіксіз бақылайтын автоматтандырылған стационарлық экологиялық бекет орнатуды жоспарлауда. Зауытта жылына 2 миллион тоннадан астам өндірістік қалдық жиналатын көрінеді.

Тұрғындардың  таза ауамен демалғысы келеді. Сондықтан биылғы қыста аппақ таз қардың жаууын ғана күтуде.  2018 жыл өңірде «Экология жылы» болып жарияланды.

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан»

ПАВЛОДАР