Әріп танымайтын баладан Африканы сұраған...

Таяуда «Қазақстан» ұлттық арнасының «Қарекет» бағдар­ламасынан қазіргі қазақ тілі оқулығы жайлы хабар берілді. Өз балаларымыз азамат болып кеткен соң, мектептегі оқыту жағдайынан бейхабар екенбіз. Студияға шақырылған жұртшылық пен Білім және ғылым министрлігі өкілдері арасындағы диалогты естіп, жағамызды ұстадық. Қазіргі қазақ тілі оқулығындағы шалалық пен қайшылықты көріп, басынан кешіріп жатқан ұрпақ үшін шырылдап білек сыбана пікірталасқа түскен жандарды көріп қолымызға еріксіз қалам алдық. Хабарға қатысқан ата-аналар мен олардың жанайқайына шала-шарпы, күлдібадам жауап берген министрлік өкілдерінің шарасыздығына ішіміз күйді.

Егемен Қазақстан
26.09.2018 2613
2

Ең бастысы, қазіргі оқу­лықта өткен ғасыр бас­тауын­­дағы ұлт зиялылары Ыбы­рай Алтынсарин, Ахмет Бай­тұрсынов, Құдайберген Жұ­банов, Ғабдрахим Әбуханов және басқалары негіздеген қа­зақ тілін оқытудың базалық жүйе­сінен айрылып қалыппыз. Жаңар­ған оқулық дейтін бағдар­ламаны қуаттаушылар қазақ тілінің заңдылықтары туралы ережені оқушыларға үйретіп, уақыт шығындаудың қажеті жоқ деп санайды. Сол себепті жаңа оқулықта мәтінді оқыту арқылы тілді дамыту мәселесіне басымдық берілген. «Апырмай сонда, тілдің заңдылықтарын, зат есім, сын есім, есімдік, синтаксис пен грамматиканы, орфография мен орфоэпия ережелерін білмей тұрып, тіл ұстарту де­геніңізге жол болсын?!» дейді қарсы жақ. Қазақтың бірнеше ұрпағы оқып, сауатын ашқан тілдің ғылыми негіздемесін оқу­лыққа енгізбей, әлдебір кос­мополиттік бағдарламаны оқу­лық негізі етіп отырған министрліктегілердің парықсыздығына ашындық. Тіпті ішінде сол оқулықты жасауға (хабарда қазақ тілінің 7 сынып оқулығы мысалға алынды) қатысқан мүйізі қарағайдай ғы­лым докторы, әйел адам да болды. Ішкі мазмұны қазақ тілі оқу­лығынан гөрі, танымдық қосым­ша оқу құралына келіңкірейтін 7 сыныптың оқулығы жаңа бағдар­ламаның бағыттары мен принциптеріне толық сай келеді деуден танбады. Сонда қазақ тілін оқытудың дәстүрлі жүйесі, заңдылығы мен ережелері қайда дегенге тіпті шімірікпейді. Оған босқа уақыт бөлудің қажеті жоқ деп отыр. Ал енді Білім және ғылым ми­нистрлігінің өкілі мектеп оқулықтарын даярлауға баспалар арасында конкурс өткізіліп, солардың озық дегені мектеп бағдарламасына енгізіліп отырғандығын айтады. Тіпті күрделілігіне қарай ауыл мен қала мектептеріне жеке-жеке оқулық ұсынылған сыңайлы. Сонда бірың­ғай оқу стандарты қайда қалады дегенге, бұл тұрғыда мұғалімдерге шығармашылық еркін­дік берілген деген уәж ай­тады. Сонда әр мұғалім өз алдына оқытса, одан кейін қа­зір­гі оқытудың деңгейін шамалай беріңіз. Ал біз Ата За­ңы­мызға сәйкес  жалпыға бір­дей орта білім мемлекеттің қам­қорлығында екенін ұмытпауымыз керек қой?

Бірінші сыныптың тілашар оқулығы «Сауат ашу» делі­ніп, бұрынғы «Әліппенің» орнын басыпты. Онда Африканы, Скандинавия елдерін көрсет деген тәрізді мәтіндер жүр. Әлі әріп танымаған балдырғанға қойылып жатқан бұл не сұрақ? Аталған сұраққа білім министірлігінен келгендер жауап бере алмады. Оларда не болғанда да үкімет бағдарламасын қорғаштаудан артық мақсат жоқтығы көрініп тұрды. Қазақ тілін оқытудың қалыптасқан жүйесін сақтау, ұрпақ тағдырына бас ауыртып отырғандары байқалмайды. Әңгіменің тоқетері – қазіргі қазақ тілі оқулығы дәстүрлі ұлттық білім беру жүйесінен алшақ, әлемдік эксперименттер қапталында адасып бара жатқан түп-тамыры жоқ күлдібадам дүниеге ұқсайды.  «Жаңа бағдарлама» деп, ұлттық негізден тамырын үзіп кеткен оқыту бағдарламасын қыз­ғыштай қорыған жандардың жұрт­шылық жанайқайына самар­қау қарауы қабырғаға бататын жай.

Бұдан шығатын қорытынды; қазіргі жаңа шыққан қазақ тілі оқулығын оқытуды дереу тоқтата тұрып, мәселеге мемлекеттік тексеріс жүргізілуі қажет. Қазақ тілі оқулығын жасақтау ісі тікелей мемлекеттің құзырына алынып, оған ғылыми атақтарын кеңес заманында қорғаған ғалымдар, тәжірибесі мол белгілі ұстаздар, ғылыми-зерттеу институттары қатыстырылып, қателікті дереу түзету шаралары қолға алынуы керек. Қажет болған жағдайда сол кеңес заманында қазақ тілін оқытудың негізін салған ұлт зиялыларының бұрынғы жазған оқулықтарының ғылыми негізі сақтала отырып, жаңа заман талаптарына қарай бейімделіп, баспадан қайта шығарылғаны жөн. Қатты айтты деп қаралай көрмеңіз, жанымыз ашығаннан ащы даусымызды шығаруға мәжбүрміз. Қазіргі қазақ тілі оқулығын жасақтауда жіберіліп отырған қателік жай қателік емес, қазақ тілін оқытудың ғылыми жүйесінен ауытқыған, зардабы қорқынышты үлкен ақау.

Аманкелді ШАХИН,

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің маманы,

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі

Батыс Қазақстан облысы
 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

17.02.2019

Арыстанбек Мұхамедиұлы Димаш пен Данелияға сәттілік тіледі

17.02.2019

Ауған ардагерлері оқушылармен кездесті

17.02.2019

Өскеменде 37 көшеге жаңа атау берілді

17.02.2019

Геннадий Головкиннің ықтимал қарсыластары белгілі болды

17.02.2019

Талдықорғанда «Тайлақтың тақиясы» фильмінің тұсаукесері өтті

17.02.2019

Биатлоннан әлем кубогі: Роман Еремин із кесушілер сынында 48-ші орын алды

17.02.2019

Ғылыми жобалардың үздіктері анықталды

17.02.2019

Қыздар бесік жырын айтудан жарысқа түсті

17.02.2019

Үндістанда орын алған террористік әрекетке байланысты СІМ мәлімдеме жасады

17.02.2019

​Иранда орын алған террористік әрекеттерге байланысты СІМ мәлімдеме жасады

17.02.2019

Көркем гимнастикадан төрт дүркін әлем чемпионы Гран-приде Димаштың әніне биледі

17.02.2019

Қазақстандық футболшы голландиялық клубқа 6:0 есебімен жеңіске жетуге көмектесті

17.02.2019

Болгариядағы "Странджа" турнирінде алты боксшымыз ширек финалға өтті

17.02.2019

Қазақстанның көрікті жерлері туралы бағдарлама халықаралық сыйлыққа ие болды

17.02.2019

Димаш пен Данэлияның The World's Best шоуындағы қарсыластары анықталды 

17.02.2019

Көркем гимнастикадан Мәскеудегі Гран-при: Әділханова 19-шы орында

17.02.2019

Қарағанды облыстық соты республикалық байқауда жүлдегер атанды

17.02.2019

Қанат ТІЛЕУХАН. Қайтқан қыз (Әңгіме)

17.02.2019

«Батыс» өңірлік қолбасшылығында ауқымды шара өтті

17.02.2019

Берни Сандерс АҚШ президенті лауазымы үшін қайта күресуге шешім қабылдады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdikke bala ǵana kináli me?

Sońǵy kezderi mektep oqýshylarynyń arasynda sotqarlyq órship barady. Teledıdardan kórip, áleýmettik jeliden oqyp otyrǵanda, olar mundaı qatygezdikke qalaı bardy degen saýal kókeıdi tebendeı tesip, oıdy oıran etedi. 

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Keleli istiń paidasy

Búginde ár kólikke tirkelip beriletin memlekettik nómirlerdiń deni jappaı satylymǵa shyǵaryldy. Olar birkelki sandar men úılesimdi áripter tizbeginen quralǵandyqtan birden kóz tartady. Ony halyq arasynda «ádemi nómirler» deıdi. Atalǵan nómirlerdi alýǵa júrgizýshiler de yntyq. Ásirese qymbat kólik ıeleri úshin sándi nómirdi taǵý, ózine bir artyqshylyqty beretindeı kóredi. Endeshe bul nómirlerdi satylymǵa shyǵarǵannan kim utyp jatyr dep oılaımyz?

Мирас Асан, «Егемен Қазақстан»

Qumar oıynnyń quryǵy uzyn

«Aıdalada altyn bar» dese, soǵan birinshi qandastarymyz baratyn shyǵar dep oılaıtyn halge jettik. Bulaı deýimizge qoǵamda qordalanyp qalǵan, ordalanyp alǵan máseleler mysal bola alady. Sonyń biri – báske aqsha tigý, ıaǵnı býkmekerlik keńselerdiń keleńsiz kásibi bolyp tur. Jalpy, ózi jarymaı otyrǵan jannyń «úıde otyryp ońaı aqsha tabý jolyn úıretemin» degenine erip kete beretin ańqaý bolatynyna ekenine búginde kózimiz ábden jetti. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу