Аймақтар • 26 Қыркүйек, 2018

Қостанай облысы мен Қытай арасында үш инвестициялық жоба жүзеге асады

223 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-Министрдің орынбасары Асқар Мамин Қытай компаниялары басшыларымен қараған Қазақстан-Қытай инвестициялық жобалардың арасында Қостанай облысында жүзеге асырылатын үш жоба бар. Олар: Қостанай қаласындағы Индустриялық аймақта салынатын теледидар өндірісі зауытының құрылысы; Қостанай облысында YTO маркалы тракторын шығару (HKC Corporation Limited); Қостанай облысында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді терең өңдеу(ТОО «BioGrain»).

Қостанай облысы мен Қытай арасында үш инвестициялық жоба жүзеге асады

Үкіметтік делегация құрамында Қостанай облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев болды. Қытайдағы кездесулерде HKC Corporation Limited компаниясының жетекшісі Ли Джин  Қостанай өңірі инвесторларға қолайлы жағдай бар, географиялық жағынан да қолайлы екенін айтты. Теледидар шығаратын зауыттың алғашқы сатысы 50 млн. долларды құрайды, біткен соң жылына 3 млн дана көгілдір экран  өндіретін болады. 500 жұмыс орнын құрамыз деп уәде етіп отыр. Өнім ТМД елдеріне экспортқа шығарылады. Теледидарларды осы жылдан бастап шығара бастау ,жобаны жүзеге асыру жөнінде тараптар Жол картасын жасау келісіміне қол қойды.

Қостанай қаласындағы Индустриялық аймаққа трактор зауытын салу сөз болды. Қазір жобаны жүзеге асырудың жол картасы қол қоюға дайындалып жатыр. Жоспардағы үш жоба да  қазақстандық 51 қытай инвестициялық жобасының құрамына кіретін болады. Оны «Бір белдік – бір жол!» және «Нұрлы жер» қорлары қолдайтын болады.

Нәзира Жәрімбет,

«Егемен Қазақстан»

Қостанай