Президент • 26 Қыркүйек, 2018

Ақылбек Камалдинов пен Андриан Елемесов жаңа қызметтерге тағайындалды

502 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ақылбек Камалдинов пен Андриан Елемесов  жаңа қызметтерге тағайындалды

Қазақстан Республикасының Канададағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ақылбек Әбсатұлы Камалдинов Қазақстан Республикасының Куба Республикасындағы қызметін қоса атқарушы қызметіне;

Қазақстан Республикасының Мексика Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Андриан Көпмағамбетұлы Елемесов Қазақстан Республикасының Панама Республикасындағы, Коста-Рика Республикасындағы, Доминикан Республикасындағы, Ямайкадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды.