Үкімет • 26 Қыркүйек, 2018

Үкіметте цифрлық төлем жүйелерін дамыту мәселелері қаралды

464 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Үкіметте цифрлық төлем жүйелерін дамыту мәселелері қаралды

Отырыс барысында цифрлық төлем жүйелерін дамыту мәселелері талқыланды. Цифрлық технологияларды реттеу және цифрлық активтер нарығын дамыту мәселелері жөніндегі тұжырымдама жобасы, сондай-ақ, цифрлық технологиялар индустриясын дамыту және оның ел экономикасына әсеріне қатысты мәселелер қаралды.

Экономикалық саясат жөніндегі кеңес — ҚР Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган. ЭСК-тің негізгі міндеттері — мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының негізгі бағыттарын әзірлеу және іске асыру кезінде үйлестірілген тәсілдерді дайындау, орта және ұзақ мерзімді перспективада экономиканы және әлеуметтік саланы дамытудың түбегейлі маңызды мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу, экономикадағы дағдарыстық құбылыстардың пайда болуының алдын алу немесе олардың ықтимал жағымсыз салдарларын жеңілдету жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу.