Аймақтар • 27 Қыркүйек, 2018

«Altai Invest-2018» форумында 110 жоба ұсынылды

263 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өскеменде «Altai Invest-2018» халықаралық форумы өтті. Маңызды жиынға Инвестициялар және даму министрінің, Ұлттық экономика министрінің орынбасарлары, Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚҚДБ) директоры, Франция, Оңтүстік Корея және Венгрия елдерінің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшілерімен қатар 20 мемлекеттен 500-ден астам делегаттар қатысты.

«Altai Invest-2018» форумында 110 жоба ұсынылды

Форум аясында жергілікті өнімдер көрмесі ұйымдастырылып, құны 886 миллиард теңгені құрайтын 110 жоба шет елдік инвесторлардың назарына ұсынылды. Облыс әкімі Даниал Ахметов Франция, Венгрия, Корея, Қытай, басқа да елдерден келген қонақтарға жергілікті өнімдерді көрсете отырып, аймақтың инвестициялық әлеуетімен, инвестиция салуға аса қолайлы энергетика, ағаш өңдеу, ауыл шаруашылығы салаларының мүмкіндіктерімен таныстырды.

Халықаралық маңызды шара аясында еліміздің іргелі кәсіпорын өкілдері бір-бірімен пікір алмасты. Форумға өңірдегі ірі өндіріс орны «Қазцинк» компаниясы да белсене қатысты. «Қазақстанның ірі компаниялары әртүрлі іскерлік мәселелерін талқылап, тәжірибелерін бөлісуі үшін «ALTAI INVEST» форумы секілді алаңдар аса қажет. «Қазцинкпен» серіктес болуға ниет білдірген отандық кәсіпорындарға қашанда есігіміз ашық. Сатып алу барысында қазақстандық мазмұнды арттыру біздің басым бағыттарымыздың бірі болып қала береді. Бүгінде біз жыл сайын қазақстандық фирмалармен 14 мың келісімшарт жасайтындығымызды мақтанышпен айтқым келеді. Мұндай форумдар отандық өндірушілердің қатарын арттыра түсетініне сенім мол», - дейді «Қазцинк» ЖШС әкімшілік мәселелер жөніндегі атқарушы директоры Андрей Лазарев.

Азамат ҚАСЫМ,

«Егемен Қазақстан»

ӨСКЕМЕН