Футбол • 27 Қыркүйек, 2018

«Реал» Мадрид оңбай жеңілді

607 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Испан Ла-лигасының 6-туры сенсацияларға толы болды. 

«Реал» Мадрид оңбай жеңілді

6-тур ойындары өте қызықты нәтижелермен басталды. "Леганеспен" сырт алаңда кездескен "Барселона" 1:2 есебімен жеңіліп қалды. Филипе Коутиньоның соққан голы "Барсаны" алға жетелеп тұрғанымен, кейіннен алаң иелері 2 гол соғып, жанкүйерлерді қатты таңқалдырды. "Барселонаның" тегіс жерден сүрінгеніне қолдарын ысқылап отырған мадридтің аяқдопшылар өздері де омақасты. "Севилья" өз алаңында "Реалдың" тас-талқанын шығарды. Есеп 3:0. 

Осы ойындардан кейін "Реалда" да "Барселонада" да 13 ұпайдан. Енді қос алып команда 29-қыркүйек күні 7-тур аясында өз алаңдарында кездесу өткізеді. "Барселона" "Атлетикпен" кездессе, "Реал" "Атлетикомен" ойнайды.