Үкімет • 27 Қыркүйек, 2018

Б. Сағынтаев Citigroup өкілдерімен мұнай-газ индустриясындағы ынтымақтастық келешегін талқылады

275 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев EMEA (Еуропа, Таяу Шығыс және Африка) бойынша акционерлік капитал нарықтарының бөлімше басшысы Кен Робинс бастаған Citigroup өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz.

Б. Сағынтаев Citigroup өкілдерімен мұнай-газ индустриясындағы ынтымақтастық келешегін талқылады

Кездесу барысында мұнай-газ индустриясындағы ынтымақтастық, компанияның жекешелендіру бағдарламасына қатысу келешегі, сондай-ақ, қазақстандық кәсіпорындармен өзара іс-қимылдың басым бағыттары қаралды.

Сонымен қатар, кездесуге Citigroup тарапынан «Ситибанк Қазақстан» АҚ басқарма төрағасы, директорлар кеңесінің мүшесі А. Курилин және Шығыс және Орталық Еуропа, Таяу Шығыс және Африка бойынша инвестициялық-банктік қызметтер бөлімшесінің басшысы И. Мтибелишвили қатысты.

Citigroup ҚР-да 1993 жылдан бастап жұмыс істейді. Бұл кезде Алматыда «Ситибанк Н. А.» компаниясының өкілдігі құрылған еді. Банктің негізгі қызметі — жетекші қазақстандық кәсіпорындарға, қаржы институттарына және халықаралық компаниялардың бөлімшелеріне операциялық қызмет көрсету және оларды корпоративтік қаржыландыру. Бизнес жүргізудің басым салалары: мұнай және газ, энергетика, агроөнеркәсіп секторлары, сондай-ақ кен игеру өнеркәсібі және телекоммуникациялар.