Әлем • 28 Қыркүйек, 2018

ТМД мемлекет басшылары кеңесі отырысы басталды

432 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Душанбеде Тәуелсіз мемлекеттік достастығы мемлекет басшылары кеңесінің кезекті отырысты басталды. Жиынға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, ТМД-ға мүше мемлекет басшылары келді. 

ТМД мемлекет басшылары кеңесі отырысы басталды

Шағын құрамда өтетін отырыста ТМД-да әріптестікті нығайту мәселесі, ұйымның Төрағалығы және келесі отырыстың қайда өтетіні туралы мәселелер талқыланбақ.

Кеңейтілген құрамдағы отырыста ТМД аясындағы өзара әріптестікті нығайтуға және дамытуға қатысты бірқатар мәселелер сөз болады. Талқыланатын тақырыптар қатарында Адам құқықтары жөнідегі жалпыға ортақ декларацияның қабылданғанына 70 жыл толуына орай ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының шешіміне қатысты құжат бар.

Сонымен қатар Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 75 жыл толу мерейтойын кең көлемде атап өту жоспары секілді бірқатар құжаттар рәсімделеді. Кеңес қорытындысы бойынша 15-ке жуық құжатқа қол қойылмақ.

Кеңес барысында ТМД-ға төрағалық ету міндетін Түрікменстан тарапына ресми түрде тапсыру жоспарланған.

Естеріңізге сала кетейік, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев кеше Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесіп, екі жақты қатынастардың қазіргі мәселелерін және экономиканың түрлі секторларындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытудың перспективалары сөз болды.

Абай АСАНКЕЛДІҰЛЫ,

"Егемен Қазақстан" - Душанбеден