Бағдарламалар • 28 Қыркүйек, 2018

Газ саласын цифрландыру жоспарлары іске қосылуда

461 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Елімізде Мемлекет басшысының тікелей бастамасымен қолға алынған «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асырудың кешенді жоспарлары іске қосылуда. Бұл инновациялық жобаларды іс жүзіне асыруға еліміздегі «ҚазТрансГаз Аймақ» акционерлік қоғамы сияқты жетекші компаниялар да белсенді атсалысып келеді. 

Газ саласын цифрландыру жоспарлары іске қосылуда

Жақында Қазақстанның газ саласында деректер беру­дің инновациялық технология­ларын тәжірибеге ен­гізу мақ­сатында Қос­танай қала­сында газ көрсет­кіштерін қа­шық­тан жинау үшін «ақыл­ды» газ есептегіштер орнату жөніндегі қанатқақты жоба жұмыс істей бастады. Қостанай қаласында «Цифрлы Қазақстан» мем­лекеттік бағдарламасы аясын­да 60 «ақылды» газ есеп­тегіш қондырғылар орнатылды. Бұл «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ пен «Beeline» ұялы телефон опера­торларының бірлескен жо­басы ретінде алғаш рет Қос­танай қаласында жүзеге асырылды.

Облыс орталығындағы үй­лер­ге осындай 60 иннова­ция­лық есептегіш құрал орнатылды. Жаңа есептегіш құралдар арқылы газ есептеу мен оның шығындарын бақылау же­ңіл болады, олар электронды жүйемен тіркеледі және адами факторды жоққа шығарады. Газ ауаға тараған жағдайда «ақылды» есептегіш құрал оны анықтап, жедел түрде бақы­лаушы компанияға хабар береді. Сонымен қатар газды тұрмыста пайдалану кезінде туындайтын қауіпті жағдайлардан қорғау деңгейі артады. Енді көрсеткіштерді қашық­тан жазып алу аспаптары орнатылатын қалаларда бақылаушылар үй-жайларға барып жүрмейтін болады. Бұл өзін газ компаниясынан­мын деп таныстырып, тұтыну­шыларды алдап соғатын алаяқтардан сақтайды. Сонымен қатар бақылаушылар да үйлерді аралау кезінде кездесетін дау-жанжалдардан аулақ болады. Дәлдігі жоғары өлшеу аспаптарын қолдану – газды  тұтыну­шы азаматтарға да, мемлекетке де пайдалы. Бұл – қаражатты үнемдеу­ге, газ ысырабын бол­дыр­мау­ға көмек­теседі, ең бастысы, газ беру сервисін жетілдіріп, қауіпсіздікті арттырады. 
«Ақылды» есептегіштердің жұмысы деректерді ұялы байланыс желілері арқылы беру технологиясына негіз­делген. Осы инновациялық технологияның ерекшеліктері негізінде түп­кілікті қондырғы­лардың (есеп­теуіштер, датчиктер) энер­гияның аз тұтыны­луына қол жеткізіледі,  аспаптар аккумуляторының жұмыс істеу мерзімін 10 жылға дейін ұзар­туға мүмкіндік береді. Бұ­ған қоса бұл технологиялар қон­дыр­ғылар мен базалық станса ара­сында қауіпсіз қосылудың жоға­ры деңгейін қамтамасыз етеді. 

Біз Қостанай қаласындағы газ қыз­метін көрсету мекемесінің жауап­ты қызметкерлерімен бірге «ақылды» газ есептегіштер орна­тыл­ған үйлерді арала­дық. Қанат­қақты жоба ретінде орнатылған бұл қондырғылар ешқандай ақаусыз жұмыс істеп тұр. Газ есептегіш қон­дырғылар орнатылған үйлердегі тұрғын­дардың айтуынша, бұл жоба өте тиімді көрінеді. Оның үс­тіне қанатқақты жоба аясында 60 қон­дырғы қостанайлықтарға тегін орна­тылып берілді. «Ақылды» газ есептегіштерді жеке­меншік үйлерге орнату шығы­нын «ҚазТрансГаз Аймақ» және «Beeline» компаниясы көтеріп отыр.
Инновациялық «ақылды» газ есептегіш қондырғы орнатыл­ған пәтер иелерінің бірі біз­­бен әңгі­ме­сінде: «Бұл газ есеп­т­егіш құрал­дардың орнатылғаны­на бір айдың жүзі болды. Осы уақыт ішінде біз оның қара­пайым механикалық газ есептегіш­терден артықшылығын анық сезініп үлгердік. Енді үйі­мізге газ көрсеткішін тек­се­­ре­тін бақылаушылар кел­мей­тін болады, қондырғы газ көр­сеткіштерін қашықтан беріп отырады. Газ есеп­тегіштің көр­сет­кіштерін біз де тексеріп оты­рамыз. Оның үстіне газ есеп­тегіш қондырғы үйдің ішіне орна­тылған. Бұл біз үшін қолай­лы. Қорыта айтқанда, біз жаңа қон­дырғының жұмысына риза­мыз», деп мән-жайды қанағат­тан­ғандық сезіммен толық баян­дады.

– Жоғары дәлдікпен газ тұтыну көлемін айқындайтын «ақылды» газ есептегіш қондыр­ғы тұрғындар үшін де, мемлекет үшін де өте пайдалы. Осындай қондырғылардың есебінен біз газ құбырларының ақауын жоққа шығарамыз. Сонымен бірге рұқсатсыз газ құбырларына қосылу оқиғаларына да тосқауыл қоямыз. Осы инновациялық қон­дыр­ғылардың көмегімен газ тұтыну мөлшерін дәл есептеп, оның тұтыну қауіпсіздігін де арт­ты­рамыз, – дейді бізбен әңгі­месінде «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-тың Қостанай облысы бойын­ша тұрғындарға жедел қызмет көрсету мекемесінің бастығы Данил Сябро.

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ,

«Егемен Қазақтан»