Парламент • 28 Қыркүйек, 2018

Еңбек ресурстарын басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыру қажет - Н. Нығматулин

380 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін Парламент Мәжілісінде «Жұмыспен қамту саласының проблемалары мен даму песрпективалары» тақырыбында парламенттік тыңдау өтіп жатыр, деп хабарлайды Парламенті Мәжілісі Аппаратының баспасөз қызметі.

Еңбек ресурстарын басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыру қажет - Н. Нығматулин

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Еңбек ресурстарын басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыру туралы сөз қозғады.

Мәжіліс Спикері атап өткендей, жұмыс  - азаматтарды әлеуметтік қорғаудың, өмір сүру сапасын жақсартудың және мемлекетімізді одан әрі дамытудың  басты кепілі. Бұл – қоғамдық тұрақтылықты сақтаудың да негізгі  шарты.

Сондықтан, Елбасымыз  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тәуелсіздіктің бірінші күнінен бастап, осы мәселеге ерекше көңіл бөліп, барлық жағдайды жасап келе жатыр.

Бұл бағытта 2011-ші және 2016-шы жылдарда елімізде  «Жұмыспен қамту жол картасы» жүзеге  асырылды. Нәтижесінде 5  жылда 800 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты.

Ал, былтырдан бері елімізде «Нәтижелі жұмыспен қамтуды  және жаппай кәсіпкерлікті дамыту»  бағдарламасы  басталды.

Осы саладағы маңызды сұрақтың бірі ретінде Мәжіліс Төрағасы Төртінші өнеркәсіптік революция нәтижесінде жұмыс орындарының босатылуын атап өтті. Мәселен, автоматтандыру және цифрландыру кезінде әлемде кейбір кәсіптердің 30 пайызға жуығы қысқаруы мүмкін  деген болжам бар. Осы жолда Н. Нығматулин еңбек ресурстарын басқару жүйесін қалыптастыру өте маңызды екеніне тоқталды.

Барлық жаңашылдықтарды заңнамалық тұрғыдан қолдау жолында көптеген шаралар атқаралып келе жатқанын айта келіп, Палата Спикері:

- Өздеріңіз білесіздер, бүгінгі күні жұмысқа деген сұраныс  өте жоғары.

Сол үшін Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің әрбір тапсырмасында жаңа кәсіпорындарды ашып, жұмыс орындарын көбейту туралы нақты міндеттер қойып отыр.

Оларды, сапалы заңдармен қамтамасыз ету, біздің Парламенттің негізгі   мақсаты, - деді.

Соңғы жаңалықтар