Аймақтар • 28 Қыркүйек, 2018

«Мемлекеттік қызмет мектебі» ашылды

1181 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті және Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облыстық филиалы бірлесіп талантты жастарды мемлекеттік қызметке тарту, кадр қорын қалыптастыру мақсатында Сыр өңірінде жоғары оқу орындары түлектері үшін «Мемлекеттік қызмет мектебін» ашты.

«Мемлекеттік қызмет мектебі» ашылды

Қазіргі таңда жаңа мектепке қабылдау шаралары белсенді жүріп жатыр. Мемлекеттік қызмет мектебі жас көшбасшыларды оқыту, мемлекеттік органдарда тағылымдамадан өткізу арқылы мемлекеттік қызметтің іс жүзіндегі дағдыларын үйренуге мүмкіндік береді.

«Мемлекеттік қызмет мектебіне жоғары оқу орындарының 3-4 курс студенттері қабылданады. Мақсатымыз – келешегін мемлекеттік қызметке арнағысы келетін жас маманның ЖОО дипломымен бірге мемлекеттік қызметтің талап-дағдыларын да қоса меңгеріп шығуына көмектесу», – деді Агенттіктің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Берікбол Байхожаев.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан».

Қызылорда облысы.