Парламент • 28 Қыркүйек, 2018

Н. Нығматулин: Халықты еңбекпен қамту саласында шешуді қажет ететін мәселелер бар

318 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Мәжілісінде өтіп жатқан «Жұмыспен қамту саласының проблемалары мен даму перспективалары» парламенттік тыңдауы барысында Палата Төрағасы Нұрлан Нығматулин сөз сөйлеп, осы саладағы жетістіктер мен кемшіліктерге тоқталды, Мәжілістің баспасөз қызметі.

Н. Нығматулин: Халықты еңбекпен қамту саласында шешуді қажет ететін мәселелер бар

Палата Спикерінің пкірінше, бүгінгі күні білім беру мекемелерінде мамандарды даярлау нарық талаптарына сай болмай отыр. Оның бір себебі, кадрларға деген сұранысқа байланысты терең талдау жасалмайды.

Одан әрі білім беру бағдарламалары да қазіргі талапты  толықтай орындамай отырғанын, сол себептен, студент жастарға оқуын бітіргеннен кейін  мамандығы бойынша жұмыс табу қиын екенін алға тартқан Н. Нығматулин осы мәселені шешу үшін кадрларға деген  қажеттілік мониторингінің тиімді жүйесін құру қажеттігіне тоқталды.

Айта кететін мәлімет, бүгінгі күні біздің елімізде 7 миллионға жуық  жұмыскердің жоғары және орта кәсіптік білімі бар. Ол барлық жұмыспен қамтылған азаматтардың 79  пайызын құрайды. Бұл еліміздегі еңбек ресурстарының сапасы жоғары екенінің дәлелі.

Осы көрсеткіштер  әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылу жолындағы біздің стратегиялық  артықшылығымыз болып табылады.